Квалификация: Менеджер Астана 2013 ж. Мазмұны



бет5/9
Дата24.04.2017
өлшемі2,39 Mb.
#14762
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8. Оқу бағдарламалары
Модуль 1: Қонақ үй ісінің заманауи индустриясы

Кредит саны: 15


  • Мақсат

Берілген тарауда оқушыға қонақжайлылық түрлілігімен және оның құрамдас салаларын, яғни жұмысқа орналасу мүмкіндігін және құзырет рөлдерінің диапазонын түсінуге мүмкіндік береді.


  • Модуль сипаты

Білім алушылар қонақжайлылықтың динамикалық сипатын оқып біледі, критикалық ойлау, бағалау, негізгі ойлар, ақпаратты саралау мен зерттеуді қоса алғанда, ағымдағы мәселелерді және болашақтағы тенденциялар мен құрастыруға өз көңілін бөлу.

Берілген тарау білім алушыларды қонақжайлылықтың түрлілігімен, масштабы мен көлемі жайлы түсініктер береді. Ол қонақжайлылықты қамтитын, стандартты индустриалды класификация мен келісілген анықтамалар қолданылатын индустрияның негізін құрады. Орталықтар және оның білім алушылары ұлттық тәсілді берілген тарауға қолдануға болады, бірақ білім алушылар жергілікті және халықаралық аспектілерді жалпы және баланстанған дұрыс көзқарас қалытастыру үшін.

Білім алушылар өздері қарым қатынас жасайтын фирмалардың атауларын, тауарлық маркаларын және салаларын білуі тиіс. Білім алушылар бизнес құрылымдарын және меншіктіктерді қарастырады. Бұл салаларға әсер ететін заманауи мәселелер мен соңғы құрылымдарды зерттеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар білім алушыларға оқыс оқиғаларды және жаңалықтарды сараптамалау мен бағалауға септігін тигізеді.

Білім алушылар қонақ үй бизнесіндегі қызметкерлердің өзгермелі мәселелерін және табиғатын оқып біледі. Олар қызметкерлердің құзыреттерін жан жақты контекстте рөлін қарастырады және қызметкерлерді жалдау аспектілерін зерттейді.

Дағдылар болашақтағы тенденциялар мен оқиғалардың жағдайын анықтауға қажеттілігін тигізеді, сонымен қатар қонақ үй бизнесінің қызметі мен басқаруына әсер етеді. Тенденциялар ішкі өндіріс пен сыртқы факторларға, яғни экологиялық, экономикалық, техникалық, саяси жіне заңдық факторлаға көңілін бөлу.

Білім алушылар қонақжайлылық индустриясымен байланысты ұйымдастыру мен кәсіптік органдар туралы білімдерін кеңейтеді.




  • Оқыту нәтижелері

Берілген тарауды сәтті аяқтағанна кейін, оқушы біледі:

  1. Ағымдағы қонақжайлылық индустриясының құрылымын түсіну

  2. Қонақжайлылық индустриясындағы қызметкерлердің құрылымын құруды түсіну

  3. Қонақжайлылыққа әсер ететін соңғы құрылымдарды түсіну

  4. Қонақжайлылықтағы өзгерістер мен жетістікті тенденцияларды тануды білу




  • Модуль мазмұны

  1. Ағымдағы қонақжайлылық индустриясының құрылымын түсіну

Қонақжайлылық индустриясы: қонақ үйлер, мерамханалар, сыра барлары, түнгі клубтар мен барлар; контракт бойынша тағам өнімдерін әкелуші мердігерлер; қонақ үй бизнесінің қызметі; іс шаралар мен мүшелік клубтар; фирмалар мен тауарлық маркалар

Масштаб және көлем: көлем; меншік формасы; айналым; ішкі өнім проценті (ВВП); сатып алу қасиеті

Алуандық: тауарлар мен қызметтер, мысалы: тағам, сусын, тұрғын үй, конференциялар мен банкеттер, демалыс; қызмет көрсету деңгейлері; клиенттік база

Ұйымдастыру құрылымы: операциондық сала, мысалы: тамақты дайындау, тамақ беру және сусын бойынша қызмет көрсету, қонақ үй қызметтері, фронталды қызмет ккөрсетулер; функционалдық мысалы: адами ресурстар, қаржылар, маркетинг, зерттеу және дамыту, қауіпсіздік, техникалық қызмет көрсетулер

Қонақжайлылықпен байланысты ұйымдастыру және кәсіптік органдар: алып келу кезіндегі органдар, «People 1st» қоса алады, Британдық қонақжайлылық ассоциация, қонақжайлылық институты, Британдық қонақ үй қожайындарының институты, «Springboard Ұлыбритания».


2. Қонақжайлылық индустриясындағы қызметкерлердің құрылымын құруды түсіну

Қызметкерлер түрі: функционалды мамандар, операциондық; білікті/жартылай білікті/білікті емес қызметкерлер; қадағалаушы; басқарма; білім алушылар; стажерлар; толық және жартылай уақытпен қамтылған; уақытша; агенттіктер; шетелдік қызметкерлер; ерікті қызметкерлер

Қонақжайлылық индустриясы: қонақ үйлер; мейрамханалар, сыра барлары, түнгі клубтар мен барлар; контракт бойынша тағам өнімдерін әкелуші мердігерлер; қонақ үй бизнесінің қызмет етулері; іс шаралар мен мүшелік клубтар

Құрылымы: иерархия, топтар, ұйымдастыру құрылымы, жұмыскерлер саны; рөлі мысалы, басқару, басшы, қызметкерлер/операциондық; міндеттер, мысалы: кіші қызметкерлер үшін, топ-менеджерлер, топ басшылары, супервайзерлер; карьерлік өсу, жұмысқа орналасу; қызметкерлердің мінездері, мысалы: кәсіптік қарым қатынас, икемділік, қатысты дағдылар

Біліктілік: степеньді қосу деңгейлері, марапаттаулар, сертификаттар және дипломлар, СТКО, НПК, маман, мысалы: тағам өнімдерінің қауіпсіздігі, алғашқы көмекті көрсету, лицензиаттар, супервайзер; біліктілікті тағайындайтын ұйымдар
3. Қонақжайлылыққа әсер ететін соңғы құрылымдарды түсіну

Операциондық: мысалы құрылым: стандарттар мен жұмыс технологиясы, тағам өнімінің қауіпсіздігі, талап/қызмет көрсету, өндіру деңгейі, қызметкерлердің күткен деңгейі, мамандарды таңдау, оқыту мен дамыту, икемді жұмыс уақыты, жұмыс күшінің құзыреті, ауыстыру құзыреті, әлеуметтік-мәдени мәселелер, бенчмаркинг, ғаламтор бойынша сату, басқа да мамандардың қызметі, мысалы адами ресурстар, қаржы, қауіпсіздік

Басқару: дамыту, мысалы қонақ үй бизнесі индустриясындағы басты қатысушылар, халықаралық аспектілер, нарық күшінің әсері, атқаруды басқару, қамтамасыз ету және сапаны қадағалау, брэндинг/ребрэндинг, тағам өнімі нарығына жауапкершілік, тағам өнімі басқару жүйесін жетістікті енгізу, қоршаған орта мәселелері, қауіпсіздік, саясатты құру, жобаны басқару, мердігерлермен қарым қатынас/дайындау

Реттеу жән заңнама: еуропалық және ұлттық заңнаманың әсері; заңнамаға сәйкес, мысалы, тағам өнімінің қауіпсіздігі, тәжірибелік нұсқаулар, минималды жалақы, жұмыс уақыты бойынша ереже, жұмыс визалары, лицензиялау, ойын сауық, темекі тарту, дискриминация, жұмыспен қамту

Сипаты: жариялылық қабылдау; клиентке бағыттау және мәдениет, сапаны жақсарту; қонақ үйлер мен мейрамханалар бойынша ережелер; сапа белгісі; бұқаралық ақпарат құралдарының әсері, индустрияның белгілі салалары
4. Қонақжайлылықтағы өзгерістер мен жетістікті тенденцияларды тануды білу

Тенденциялар: кең түрлері, мысалы, тағамның сәнді тенденциялары, тағамды өндіру жері мен тұтыну жері арасындағы аралық, органика, жергілікті және мерзімдік өндіріс, тағамның жалпы бағыты, кәсіптік қызметтерге арналған мүмкіндіктер, бутик-отелдер, ішімдік ішетін орныдарды басқару, жобалауды бағалау орталықтары, жұмыс жасау мерзімі, жеке өмір мен жұмыс арасындағы баланс, қызметкерлердің ұсынысы, қызметкерлерді қабылдау, қызметкерлерге сыйақы беру, нарықтың көп түрлілігі, глобалдау, технология және қолдану, шетел тілін қолдану, оқыту мәдениеті

Құру: кең түрлері, мысалы, бәсекелестер мен бәсекелесуші салалар, жақсы/кризисті жағдайдағы кәсіпорын салалары, қонақжайлылық портфелін басқару, оқыту мәдениеті, әрекет ететін тенденцияларды қайта құру, саяси тұрақтылық, сыртқы жағдайларға жауап беру/әсер ету, мемлекеттік/жеке серіктестер, қызықтыру және топтастыру, болжамды әдістерді қолдану, жетістікті өлшеу, жаңа технологиялар
Оқу нәтижелері және бағалау белгісі

Оқу нәтижесі

Берілген тарауды оқып болған соң оқушы біледі:

Сынаққа арналған бағалау белгісі (қанағаттанарлық бағаны алу)
Оқушы біледі:

ОН1 Ағымдағы қонақжайлылық индустриясының құрылымын түсіну

  • Қонақжайлылықтың әртүрлілігі, масштабы және ағымдағы көлемін сараптамалау

  • Қонақ үй бизнесіндегі әртүрлі ұйымдардың ұйымдастыру құрылымын талдау

  • Кәсіптік органдар мен байланысқан ұйымдардың қонақжайлылық рөлін бағалау

ОН2 Қонақжайлылық индустриясындағы қызметкерлердің құрылымын құруды түсіну

  • Қонақжайлылық әртүрлі индустриясынан қызметкерлерді тандауды бағалау

  • Қонақжайлылық қызметкерлері үшін жауапкершілік пен біліктілік рөлі бойынша талаптарды талқылау

ОН3 Қонақжайлылыққа әсер ететін соңғы құрылымдарды түсіну

  • Қонақжайлылық индустриясына әсер ететін заңдық, операциондық және басқарушылық мәселелерді сараптамалау

  • Ағымдағы қонақжайлылық индустриясының сипатын талқылау

ОН4 Қонақжайлылықтағы өзгерістер мен жетістікті тенденцияларды тануды білу

  • Қонақ үй бизнесіндегі құрылымға және потенциалды тенденция бойынша жобалық негіздемені елестету

  • Құрылымға және потенциалды тенденция бойынша жобалық негіздемеге сараптама жүргізу


Нұсқаулық
Қатынас

Берілген тарау заманауи мәселелердің әр түрлі спекторларын қарастырады және бағдарламадағы тарауларға сілтеме жасайды. Оқытылып жатқан мәселелердің өзектілігін сақтап тұру үшін, оқытушылар берілген тараудың басқа да тараулармен байланысын ұстап тұруы қажет. Бағдарламадағы кейбір тараулардың қайталануына мұқият болуы тиіс. Көптеген мәселелер басқа тараулардың бір бөлігі ретінде туындау мүмкін, бірақ берілген тараудың негізі кейбір тарауларды қарастырлмайтын мәселелерді зерттеуге мүмкіндік туғызады.

Берілген тарау басқа да ҰКБ басқарушы тарауымен байланысты:

• B2: Сіздің ұйымыңыз жұмыс жасайтын жерді картада белгілеу

• B9: Сіздің ұйымыңыздың мәдениетін қалыптастыру

• F9: Өз ұйымыңыздың өз клиенті мен нарығы түсінігін қаллыптастыру.


Негізгі талаптар

Мемлекеттік және жергілікті статистикалық мәліметтер оқушыны берілген тарау бойынша жетістігін қолдау үшін қажет. Сонымен қатар қонақжайлық индустриясы үшін жергілікті және ұлттық басқарма, газеттер мен каталогтар қажет. Білім алушылар келесі баспаларды оқуы тиіс Шаттық мейрамда қызмет атқаратын фирмалар, Қонақ ұйді басқарушы және Қонақжайлылық, өндірістік жағдайлармен байланысты және берілген салада мамандардың мақалаларын жарыққа шығару, бұдан олар өндіріс туралы көзқарастары мен білімін кеңейтеді. Сәйкес мысалдар DVD және қонақжалылық индустриясы аспектісіне бағытталған жағдайды сараптамалау, мысалы, жұмыс орындары, жұмыспен қамты мен карьерлік өсу мүмкіндігі сонымен қатар, «реалити-шоу» бағдарламалары, негізгі ресурс болып табылады.


Жұмысшы күшінің қатысуы және кәсіптік контекст

Кейбір білім алушылар үшін бұл қонақжайлылық индустриясына кіріспе болуы мүмкін. Сондықтан, тарауда индустрияға деген объективті, әділ және балансталған көз қарасты береді. Карьера мен жұмыспен қамтуға үлкен көңіл бөлу негіз болып саналады. Кейбір уақытта теріс аспектілерге оң аспекті болғанда көңіл аудармауыңда мүмкін. Өте жақсы презентация дайындаған кезде көптеген білім алушыларға тарау жұмыс орнын тандау мен осы салада жұмыс атқару керек деген ой келуі мүмкін. Берілген тарауды жақсы, жемісті ретінде таныту үшін өндіріспен тығыз қарым қатынаста болу керек. Шартқа отыру мен презентацияларға қонақ үй бизенсі бойынша қатысу, сонымен қатар спикерлердің сабаққа келіп презентацияларды көрсету жергілікті зерттеулер өткізу үшін мүмкіндік болады. Сонымен қатар білім алушылардың жұмыстары мәселелерді иллюстрациялау мен мәселенің өзектілігін анықтауға септігін тигізеді.

Көрмелерге қатысу, мысалы Hotelympia, The Food and Drink Show және Event Show, білім алушыларға тарауды түсіндіруге жеңілдік туғызады және ақпаратты бірінші болып естиді.

Модуль 2: Қонақ үй индустриясындағы қаржыны басқару

Кредит саны: 15


  • Мақсат

Берілген тарау білім алушыларға шығын мен кіріс үшін қолданылған есептілік әдісінің тәжірибелік түсінігін дамытуға септігін тигізеді, сонымен қатар басшыларға жетістікті қысқа шешімдерді қабылдауға септігін тигізеді.


  • Модуль сипаты

Білім алушылар қызмет көрсету саласына және бизнес үшін қаржыландырудың қайнар көздері мен кірістер туралы мәліметтерді біліп таниды. Сонымен қатар олар бизнесті шығын элементі көзқарасы ретінде түсінеді және коэффиценттерді қолдану арқылы бизнестің жетістілігін сараптамалауды түсінеді және үйренеді.

Білім алушылардың басқарма жүйесін зерттеуге мүмкіндігі болады, сонымен қатар пайда табу мен өнімділіктің сараптамалау және өлшеу әдістері туралы оқып біледі.



Тарауды аяқтағанда, оқушы тікелей шығындар бойынша бағамды калькуляциялау концепциясын қолдану мен бизнес-шотты бағалай алады. Білім алушылар өз дәлелдерінің қонақжайлылық индустрясына жататынына көз жеткізуі тиіс.


  • Оқыту нәтижелері

Берілген тарауды сәтті аяқтағаннан кейін оқушы істей алады:

  1. Қызмет көрсету мен бизнес саласындағы пайда мен қаржыландыру қайнар көздерін түсіну қажет

  2. Бизнесті шығын элементі көзқарасы ретінде түсіну

  3. Бизнес шоттарды бағалай білу

  4. Коэффициенттерді қолдану арқылы бизнестің жетістігін сараптамалай білу

  5. Тікелей шығындар бойынша бағамды калькуляциялау концепциясын қолдану




  • Модуль мазмұны

1. Қызмет көрсету мен бизнес саласындағы пайда мен қаржыландыру қайнар көздерін түсіну қажет

Қаржыландыру: қайнар көздер, мысалы реттелмеген пайда, берешектер, банктер, инвесторлар, демеушілер, лизинг, лизингтік кесте, кредиторлар және берешек факторингтік операциялар

Кірісті құру: әдістер, мысалы сатылымдар, комиссиялар, біреуге құқығын беру, демеушілік, гранттар және қадағалау механизмі

2. Бизнесті шығын элементі көзқарасы ретінде түсіну

Шығын элементтері: сатылымдар, материалдар, шығын материалдары; еңбек; қолданбалы шығындар; капитал; валдық және таза пайдалар; жеңілдік бағамы

Жіберілетін баға: қызмет көрсету мен тағамның бағамы; валдық пайданың нақты пайызына қол жеткізу үшін арналған формула; дифференциалдық брутто/нетто пайдалар; тікелей шығындар бойынша бағамды калькуляциялау; бәсекелестіктің әсері; штаттық емес жұмысшы; комиссиялар; жақсы/мерзімдік емес сауда

Қолма-қол ақша құралдары мен акцияларды басқару: әдістер, мысалы сақтау, сатып алу, қолма қол ақша, қауіпсіздік және есеп

Салық салу: пайдаға салынатын салық; ерікті бағаға қойылатын салық (НДС); корпоративті салық; графиктер; ставкалар; жеке/амортизациондық есептен алу; салық салудан кейінгі кіріс, нәтижесі
3. Бизнес шоттарды бағалай білу

Сынамалы баланс: қайнар көзі, құрылымы, мысалы сатылымнан түскен шоттарды салыстыру, сатып алу және номиналды шоттар кітабы

Түйіндеу балансы: түрлері мысалы, жеке кәсіпкер, серіктес, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, сауда шоты, кірістер мен шығындар шоты, бухгалтерлік баланс, амортизациялау есебі үшін корректировка, тіркелген шығындар, аванстік төлемдер, ақшасыз қарыздарды жабуға арналған резерв; формат мысалы, көлбеу, екі жақты жазба, белгіленген ассигнования шоты; активтер/жауапкершіліктер, мысалы, капитал, негізгі капитал, айналымдағы актив, есепке сілтеме

Пайда және кассалық бюджет: мақсаты, түрлері, мысалы, пайда, қолма қол ақга ағымы, операциялар, түп нұсқа; сатуды қосуға арналған сараптамалау (орташа шығын мен көлем), баға бойынша бас тарту (шикізат, жұмыс күші, үстеме шығындар), пайдадан бас тарту (брутто және нетто)
4. Коэффициенттерді қолдану арқылы бизнестің жетістігін сараптамалай білу

Сатылым рентабелінің көрсеткіші: валдық және таза пайда, әрекет етуші айналымдағы пайда

Өтімділік коэффициенті: ағымдық және жылдам өтімділік коэффициенті

Рентабель көрсеткіштері: дебит пен кредит төлемдер кезеңі; акция айналымы

Қаржы көрсеткіштері: пайыздар; кредиттік иық
5. Тікелей шығындар бойынша бағамды калькуляциялау концепциясын қолдану

Классификация мен шығындарды жабуға арналған жарна төлемі: біркелкі және ауыспалы шығындар; жарна төлемі, мысалы тауар/клиенттер, бағамы/пайда/көлем қатынастары

Қолдану: шығынсыз, потенциалды кіріс/шығын; дисконттау және нарық бағасын қою

Оқу нәтижелері және бағалау белгісі

Оқу нәтижесі

Берілген модульді оқып болған соң оқушы біледі:

Сынаққа арналған бағалау белгісі (қанағаттанарлық бағаны алу)
Оқушы біледі:

ОН1 Қызмет көрсету мен бизнес саласындағы пайда мен қаржыландыру қайнар көздерін түсіну қажет

  • Индустрия қызметі мен бизнеске қол жетімді қаржы қайнар көзін қарастыру

  • Операциондық қызметтер мен бизнес шеңберінде пайданы табу әдістерін бағалау

ОН2 Бизнесті шығын элементі көзқарасы ретінде түсіну

  • Шығын элементтерін талқылау, яғни валдық кіріс пайызы мен нарықтағы қызмет көрсету мен тауар бағасын талқылау

  • Шығын элементтерін талқылау, яғни валдық кіріс пайызы мен нарықтағы қызмет көрсету мен тауар бағасын талқылау

  • Оценивать методы контроля, хранения и обналичивания в бизнесе и среде услуг

ОН3 Бизнес шоттарды бағалай білу

  • Сыналатын баланс құрылымын бағалау

  • Өтініштер мен корректировкалармен және бизнес-шотты бағалау

  • Бюджетті қадағалау мақсаты мен процесін бағалау

  • Бюджеттік және нақтылы ауытқу мәлеметін сараптамалу және болашақ жоспарлар үшін ұсыныстар беру

ОН4 Коэффициенттерді қолдану арқылы бизнестің жетістігін сараптамалай білу

  • Бизнестің жетістігіне сәйкес интерпретациялауды ұсыну үшін барлық қатынастарды сараптамалау және есептеу

  • Операциондық қызметтер мен бизнес бойынша сәйкес болашақ басқару стратегиясын ұсыну

ОН5 Тікелей шығындар бойынша бағамды калькуляциялау концепциясын қолдану

  • Белгілі сценарий бойынша нақты, ауыспалы және уақытша ауыспалы шығындар категорияларын белгілеу

  • Белгілі сценарий бойынша тауарға жұмсалған шығынды/тапсырыс беруші есептеу және баға/пайда/көлем қатынастарын есептеу

  • Операциондық қызметтер мен бизнес бойынша тәуекелділік есебі мен нақты пайда ағымы негізінде басқару кезіндегі қысқа уақыт ішіндегі шешімдерді дәлелдеу


Нұсқаулық
Қатынас

Берілген тарау ұсыну стилі және оқытылуы бойынша басқа да тарауларға қатынасы болуы мүмкін, мысалы:

• Модуль 7: Басқару сапасын тәрбиелеу

• Модуль 8: Сала бойынша жұмыс тәжірибесі

• Модуль 19: Бизнестің сыртқы ортасы

• Модуль 21: Кіші бизнес өндірісі.


Білім алушыларға барлық тараулардың қаржылық негіздемесі бар екендігін айтып өту.

Берілген тарау басқа да ҰӨК басқарушы тарауымен байланысты:

• A1: Меншік ресурстарды басқару

• B6: Сіздің жауапкершілік шеңберінде ілгерілік қамтамасыз ету

• B8: Әлеуметтік, этикалық, нормативтік және құқықтық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету

• B10: Тәуекелділікті басқару

• E1: Бюджетті басқару

• E2: Өз жауапкершілік шеңберінде қаржыны басқару

• E3: Ұйымдастыру үшін қосымша қаржыландыруды алу

• F1: Жобаны басқару

• F3: Бизнес-процестерді басқару

• F12: Ұйымдастыру қабілетін дамыту.


Негізгі талаптар

Сәйкес қаржы бағдарламалармен қамтамасыз ету және компьютерге рұқсат беру қажет. Презентацияларды өткізген кезде білім алушыларды жаңатехнологиялық құрылғылармен және копьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету. Оқытушылар тақырып бойынша зерттеулер жүргізу үшін, сәйкесінше материалдар қоры болуы керек, яғни шынайы жағдайларды көрсету үшін және тәжірибелік оқытуларға қажет. Олар қонақжайлылық индустриясының контекстінде болуы тиіс және индустрияның әр саласы бойынша мысалдары болуы тиіс, мысалы, фронт-кеңсе, тағам мен сусынға кеткен шығын, қызмет көрсету шығындары және кәсіптік контекст, орындаушыны жалдау және т.б.

Қонақ үй саласы бойынша хабардар қаржылық жауапкершілігі бар спикерді шақыру, өйткені тарау материалын тез қабылдау үшін.

 

Модуль 3: Клиенттерге сервистік қызмет көрсету



Кредит саны: 15


  • Мақсат

Берілген тарау білім алушыларға клиенттерге қызмет көрсету саясатын түсінуге септігін тигізеді және клиентке бағытталған сыйақы мәдениетінің мақсатын түсінуге, сонмен қатар клиентке қызмет көрсету дағдыларын алуға септігін тигізеді.


  • Модульдің қысқаша мазмұны

Берілген тарау білім алушыларды операциондық қызметтерге және бизнеске бағытталған клиенттерге қызмет көрсету мақсаттары мен принциптерімен таныстырады, мысалы, қонақжайлылық, спорт, саяхат пен туризм. Бөлім білім алушыларға клиенттерге қызмет көрсетудің маңыздылығын түсінуге және басқару қызметтері мен бизнес саласында сапалы қызмет көрсету принциптерін түсінуге септігін тигізеді.

Тарау білім алушыларға клиенттен алынған ақпараттың маңыздылығын және оның ары қарай қызметті дамытуда үлкен үлес қосатынын түсінуге септігін тигізеді.



Білім алушылар өз дәлелдерінің қонақжайлылық индустриясына жататындығына көз жеткізе білуі тиіс.


  • Оқыту нәтижелері

Берілген тарауды сәтті аяқтағаннан кейін оқушы істей алады:

  1. Қызмет көрсетулер мен бизнес контекстінде клиенттерге қызмет көрсету саясатын түсіну

  2. Клиентке бағытталған сыйақы мәдениетінің мақсатын түсіну

  3. Клиенттің талаптары мен күткен нәтижелерін зерттеу жүргізе білу

  4. Қызмет көрсетулер мен бизнес контекстінде қойылған стандарттар бойынша қанағаттандыру үшін клиенттерге қызмет көрсете білу.




  • Модуль мазмұны

1. Қызмет көрсетулер мен бизнес контекстінде клиенттерге қызмет көрсету саясатын түсіну

Саясат: саясат (құрылымы, қолдану, акцент, клиенттің талап етуі/күтетін нәтижесі, қызмет көрсету мен тауар туралы білімі, консультациялар, құпиялылығы, клиенттің қанағаттануы мен қабылдауы, клиенттің қанағаттануы мен қызмет көрсету мониторингі, қабылдау, атқаруға әсер ету, байланыстың жетістікті әдістері)

Қызмет көрсету сапасы: бағалау әдісі; клиенттің күткен нәтижесі; стандартты тәсілдер; тәжірибе кодексі; кадрлық саты (қызметкерлердің саны, қызметкерлер құзыреттілігі, икемділігі, сенімділік пен шапшаңдық)

Баға: мақсат, кері байланыс көзі; нақтылық; өзектілік; сенімділік; мерзімі; мәліметтерді жинау әдісі; жақсару; қызметкерлерді оқыту және дамыту

Қонақжайлылық индустриясы: қонақжайлылық индустриясының салалары, мысалы, қонақ үйлер, мейрамханалар, сусын мекендері, түнгі клубтар мен барлар, контракт бойынша тағам өнімдерін тасушы мердігерлер, қонақжайлылық қызметтері, қызығушылық бойынша клубтар, мерекелер
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет