Кванттық теорияның пайда болуы
Макроәлем және микроәлем. 19-ғасырдың басында-ақ Дальтон және Авогадро материяның фундаменталді бөлшектері туралы (атомдар және молекулалар) ұғымдарды қолданды. Мұндай бөлшектердің өмір сүретіндігі туралы идея ежелгі грек философиясынан бастау алған, алайда ғылымның қазіргі заманғы дамуы нақты «химиялық» атомдар мен молекулалардың идеясына әкелді.
Одан әрі 19-ғасырдың екінші жартысы мен 20-ғасырдың басында атомдардың құрылысы қарқынды зерттеуге ұшырады. Дж.Дж. Томсон катод сәулелерін зерттей отырып, электрондарды және элементтердің изотоптарын ашты;
Рентген өз атымен аталған сәулеленуді ашты; Кюрилер радиоактивтілікті зерттеді.
Осындай көрнекті ашылулар атомдық және ядролық физика деп аталатын жаңа ғылымдардың іргетасын қалады.
Бір мезгілде материяның элементар бөлшектері анықталғаннан кейін макробъектілердің бақыланатын әлемімен қатар, микроәлемнің элементар бөлшектерінің өмір сүретіндігі айқындалды: электрондар, атомдар, молекулалар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |