Қолданылатын әдіс-тәсілдер: оқыта үйрету тәсілі,сұрақ-жауап
Көрнекілік құралдар: Ш.Айтматовтың шығармалары,сызба-схема,карта,карточкалар және буклет.
Пәнаралық байланыс: тарих,география.
Сабақтың барысы. 1. Кіріспе бөлімі
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов – бауырлас қырғыз халқының ұлы жазушысы.Ол 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғызстанның Талас облысының Шекер аулында дүниеге келген.
Ш. Айтматовты біз қырғыз-қазаққа ортақ жазушы дейміз.Олай дейтін себебіміз,ол Мәскеудегі әдебиет институтында оқып жүрген кезде қазақтың білікті,білімді сыншысы Қалжан Нұрмахановпен бірге оқиды.Сол кісінің ықпалы,әсері көп болады.Кейін әлем жазушыларының бел ортасында жүретін Мұхтар Әуезов те оған қамқор болған,көп көмек көрсеткен.Ш.Айтматов еңбектері өте мол.