Сұлулыққа қарама-қарсы табиғатта зұлымдық бар.
Зұлымдық деген не?
Негізінде туа пайда болады,жүре пайда болады,поэзияда екеуі де қатар жүреді.
- Бұл поэманың сюжеті не туралы?
Ізденушілік. Поэманың тіліне талдау жасайық (І топ Аққу, ІІ топ Табиғат, ІІІ топ Ана).
Әр топқа жеке-жеке сұрақтар беремін.
І топқа
1.Аққудың рең әсемдігін айқындарлық сөздерді табыңдар?
2.Аққудың мүсін келістігін кескіндеген сөздер,
3.Аққудың әдемі,жарасты әрекеттерін табыңдар?
4. Аққу үнінің ерекшелігін бейнелеген сөздерді табыңдар?
5. Оқ тиген аққудың мүшкіл халін өрнектеген детальдарды тап.
ІІ топқа
1.Табиғаттағы түс,рең ерекшелігін білдіретін сөздерді тап.
2.Су тазалығын ашатын деталь көріністерді тап.
3.Табиғаттағы тыныштық салтанатын тағы қай көріністен байқаймыз?
ІІІ топқа
Ана неге аққуды атпақ болды?
Теріс ниеттен көлге барған ана толғанысы қалай өрістеді?
Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға берейік.
Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкінішіне үңілейік.
Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген?
Әр топ қорытынды жасайды.
Рефлексия. – Аққуды неге иелі құс дейміз?
Тәуіп дегенді қалай түсінесіңдер?
Көл не себептен «Жетім көл» деп аталған?
1топ – аққу әсемдігі, 2топ – табиғат сұлулығы, 3топ – ананың махаббаты.
Әр топ 5 минуттық өз ойларын жазып талқылау.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Достарыңызбен бөлісу: |