Кітаппен жұмыс: «Қаздар қайтып барады» әңгімесін мәнерлеп оқиды
Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.
Қарт қайда сапар шегіп келеді?
Қарт жолда қандай қиыншылықтарды басынан өткізді?
Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» деп аталу себебін қалай ұғынасыңдар?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қ.Жұмаділовтың шығармаларын оқып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы : Олжас Сүлейменов «Арғымақ»
Сабақтың мақсаты : білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу;
дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу,дүниетанымын кеңейту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;
тәрбиелік – туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |