Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 8


Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақ түрі



бет54/155
Дата05.02.2022
өлшемі1,87 Mb.
#4431
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   155
Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелесу,оқулықпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих.


Өту барысы. І.Ұйымдастыру. Сабақта жоқ оқушыларды журналға белгілеймін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сынып оқушылары топпен жұмыс істейді.Үйге берілген тапсырма Рабғузидің қиссалары. 4 топқа төрт әңгімесі тапсырылады.Оқушылар өз топтарында әңгімені талдап,бір оқушы түйінді ойды айтады.
Басқа оқушылар да өз пікірлерін айтып,толықтырып отырады.Оқушылар жауабы бағаланады.


ІІІ. Жаңа сабақ.
Алтын Орда әдебиетінің тарихымен,Алтын Орда мемлекетінің қалай құрылғандығы жайлы оқушылар алдыңғы сабақта толық танысқандықтан Сәйф Сараи өмірі,шығармашылығы бірден таныстырылады.
«Түрікше Гүлстан» кітабындағы негізгі тақырып туралы айтылады. Кітапқа қысқа әңгімелер,нақыл,мақал-мәтелдер,кіргізілгендігі айтылады.Оқушылар жалпы кітап туралы мағлұмат алған соң,әңгімелері талданады.
Кез-келген топтан бір оқушы дауыстап,мәнерлеп оқиды.Оқушылар топ ішінде өзара талдайды. Бір оқушы шығып,өз ойын айтады,басқа топтар да өз пікірлерін қосып отырады.

Әңгімелер бойынша мынадай сұрақтар қоямын.



  • Кемедегі құлды суға тастағаннан кейін ол неге жылауын тоқтатты?

  • «Бейнет көрмеген адам рақаттың қадірін білмес» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • «Ұзын бойлы ақымақтан,қысқа бойлы ақылды артық» дегеннің мәнісі не?

  • Наушаруанның «Әуелде зұлымдық аз еді,кейін әркім аз-аздап қосқанда, көбейіп кетті» деген сөзі қазіргі өмірге сай келе ме?

  • Ақымақ адам шынымен жөнделмей ме?

  • Өлген кісінің басына зәулім күмбездер салған дұрыс па? Тәж Махал,Айша бибі,Арыстан баб ескерткіштері ше?

  • Дәулетті адам дегенді қалай түсінесіңдер?

Әңгімені толық талдап болған соң,жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «тест-интервью» жүргізіледі.

Сайф Сараидің «Түрікше Гүлістан» шығармасынан қандай қасиеттерді бойыңа сіңірдің?

Жауабы




а)
ә)
б)
в)
г)
ғ)

Осы қасиеттердің қайсысы қазіргі жастар бойында кездеспейді?

Жауабы




а)
ә)
б)
в)
г)
ғ)

Екі-үш оқушының жазғаны тыңдалады.Басқа оқушылардікі жиналып алынады.
Бұл тақырып ежелгі дәуір әдебиеті бойынша соңғы тақырып болғандықтан өткен тақырыптарды қысқаша қайталап өтеміз.

Жүсіп Баласағұни Ахмет Иассауи Қорқыт


Рабғузи әл Фараби


Махмұт Қашқари Сәйф Сараи


«Ұлылар шығармаларындағы үндестік не?» деген сұрақ қойылады.


Оқушылар қысқаша тоқталып өтеді. «Адамгершілік», «ізгілік», «қара ниетті болмау», «оқу-білім», «қанағатшылдық» екені айтылады


Үйге : Адамгершілік – ұлы қасиет» деген тақырыпта шағын шығарма жазу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет