Сабақтың тақырыбы : ӘЙТЕКЕ БИ
(1664-1700)
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға шешендік сөздердің түрлері туралы түсіндіре отырып, тіл байлығын жетілдіру;
ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;
б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих,география
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген шешендік сөздер туралы сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қазақтың әйгілі де айбарлы билерінің бірі - Әйтеке. Ол Тәуке ханның тұсында емір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес косқан. Әйтеке би жастайынан-ақ әр түрлі дау-дамай, талас-тартыста суырылып шығып, көшелі сөз айтып, тілмар шешендігімен жұртты таң қалдырған.
Қазақ билерінің дәстүрімен Әйтеке де Қазыбек биге сәлем беруге келген. Әлі онша таныла қоймаған кезінің өзінде ұтымды жауабымен көзге түседі. Қазыбек Әйтекеге:
"Уа, балам, атадан жақсы ұл туса, елдің ту болады, жаман ұл туса, соры болады деуші еді, сен соның қайсысы боласың?!" — депті. Сонда Әйтеке бірден тіл қатып: "Ораздының қариясы қартайғанда, қазына болады, Шиыршының қариясы қартайғанда қазба болады дейтін еді, өзіңіз қайсысы боласыз?" — деп қарсы сұрақ қояды. Бұған Қазыбек: "Иншалла, қазынасы болармыз", — дейді. Сонда Әйтеке: "Біз де елдің туы болармыз", — деп жауап қайтарған.
Бұл бір жағынан, сәлем берушінің тапқырлығы мен ой-өрісін байқатады. Елге танымал белгілі шешеннің алдынан өткен жасты жұрт та мойындап, келешегінен үлкен үміт күткен.
Әйтеке басқа билермен бірге "Күлтөбенің басында күнде жиын" атанған тарихта белгілі ауыр кезенде қалмақ басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болған.
Кітаппен жұмыс: Әйтеке бидің шешендік сөздерін оқу,ойларын жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |