Kz $$$umkd name$пэоәК атауы Еңбек қорғау


Қауіпті зиянды өндіріс факторлары



бет16/99
Дата06.02.2022
өлшемі9,6 Mb.
#79056
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   99
2. Қауіпті зиянды өндіріс факторлары

Физикалық

химиялық

Биологиялық

психофизиологиялық




2

3

4

Машиналардың қозғалатын бөлшектері,шаң, шу, діріл, ылғалдылық,электр кернеулігі, жарықтың жетпеуі, өткір-үшкір заттар т.б.

Адамның организміне әсеріне қарай- уландырғыш, жүйкеге әсер етуші, тыныс органына әсер етуші, тітіркенткіш т.б.

Патогенді микроорганизмдер, бактерия, вирус, таз ауруы және олардың өсіп-өнген бөлшектері.

Адам организміне әсері бойынша: а) денежұмысы-шаршау, б)жүйкенің шаршауы, в) А+Ә, г)ақыл-ой.

Е с к е р т у: Таза дене жұмысы немесе ақыл-ой жұмысы болмайды.


Жұмыс кезінде адамға қауіпті, қатерлі, зиянды заттар әсер етеді. Олардың көбі кәсіби жұмыспен байланысты. Сондықтан оларды к ә с і б и қ а у і п т е р
дейді.
Кәсіби қауіптер – кәсіби аурулар мен уландыруды туғызады.
Жұмыс уақыты ішіндегі кәсіби улану – қ а т т ы у л а н у деп аталады. Сіңісті улану – ұзаққ созылған қауіптің (зиянның) әсерінен болады. Мысалдар: бруцеллез, құрт ауруы, буынның аурулары. Бояулармен, лактармен, скипидармен жұмыс істегенде санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтамаса-қышыма (экзема) ауруына ұшырайды.
Қауіпті- қатерлі, зиянды заттардың мөлшерін арнаулы құралдармен анықтайды, өлшейді.
Өндірісте кездесетін қауіп-қатерді екіге бөлеміз:
1) Көзге көрініп тұратын – айқын қауіп: көзге анық көрінетін қимылдар, қозғалыстар, айналатын заттар. Мысалы: жанып тұрған от, көтерулі тұрған жүк, сүзеген бұқа т.б.
2) Бірден байқалмайтын-жасырын қауіп: машиналармен, саймандардағы (инструменты) көзге көрінбейтін, бірақ жұмыс кезінде білініп апатқа соғатын жағдай.
Жасырын қауіп жұмыс орнының ретсіздігі, саймандардың шашылып, жүретін жолдардың бітелуі, жұмыс саймандарын өз ретінсіз пайдалану т.б. себептер туғызады.
Өндіріске байланысты алған жарақаттың алдын алу өте қиын, сондықтан әр басшы адам өз жұмысына сергек те білгір көзбен-қарап оны болдырмауға тиіс.
Қауіпсіз еңбектің өндіріс үрдісіне (процесс) талабы:

  • Жұмысшы денсаулығына қауіп, зиян келтіретін өндіріс материалдарымен, қалдықтармен тікелей байланыста болмауы керек.

  • Зиянды өндіріс факторлары бар жерлерді механикаландыру керек.

  • Технологиялық процестерді бақылау және басқару қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру, апатты тоқтату жүйелері болуға тиіс.

  • Шаруашылық қалдықтарын дер кезінде тазартып отыру керек, т.б. шаралар.

  • Тасымалдау кезінде қарама-қарсы жүрістер болмауы тиіс.

&&&
$$$002-002-003$3.2.2.3 Сұрақ атауы 3 Қауіпсіз еңбектің психологиясы (рухани қалпы) және оны ұйымдастыру.


3. П с и х о л о г и я дегеніміз – адамның / біздің / түйсіктерінің, қабылдауының, ес, ойлау, сөйлеу, қиял, сезім еркінін объективті шындықтың бейнелеу жиынтығы туралы ғылым.
Жалпы психологиямен қатар психологиялық ғылымның жеке салалары да болады. Мысалы: еңбек психологиясы, дәргерлік, әскери, көркем өнер, спорттық, инженерлік, космостық т.б.
Кейінгі кезде « Э р г о н о м и к а » пайда болды.
Психология ғылымының қай саласы болса да, міндеті-еңбек етудің тиісті түрлерінде адамның жұмысын жеңілдету және жетілдіру болып табылады.
Э р г о н о м и к а дегеніміз – ғылыми пән бола тұра, техникалық, психологиялық, физиологиялық, гигиеналық ғылымдардың жиынтығынан туған.
Эргономика – жұмысшының машинамен және өндіріс қатынасын байланыстыра отырып еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
И н ж и н е р л і к п с и х о л о г и я эргономикамен тығыз байланысты бола отырып, өндіріс эстетикасының, машиналардың көркемдеудің (дизайн) негізін түсіндіреді, оқытады, үйретеді.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет