ІІ деңгей
36+(72-70)= (54-50)+10=
ІІІ деңгей
Тексеріп қателерін тап:
(4+2)+72=46 3 + (75 - 20) = 57
сыныпқа арналған логикалық тапсырмалар.
1. Сан қатарларын жалғастырып жаз: 6,11,16, ... 20,17, 14, ... 1,4,9,16, ... 30,28,24,18,...
2.5таяқшадан 2 тең қабырғалы үшбұрыш құрастыр.
Пошта жәшігінде «Хаттар бірдей уақыт аралығында сағат 7 – ден 19 – ға дейін күніне 5 рет алынады» деген жазу бар. Хаттар қанша уақыт өткенде алынып тұрады?
Салтанат есепті бірінші болып шығарып, есептің шешуін 5 оқушыға, ал олардың әрқайсысы 5 оқушыға түсіндірді. Сонда сыныптағы барлық оқушылар есепті шығарып болды. Сыныпта неше оқушы бар?
12 таяқшадан 5 шаршы құрастыр.
1 – ден 13 – ке дейінгі сандарды тігінен де, көлденеңінен де қосқанда нәтижесі 25 шығатындай етіп, тор көздерге орналастыр.
3
5
1
2
Жіпке 5 түйін түйілді. Әрбір көрші екі түйіннің ара қашықтығы 2 см. Жіптің түіндерінің арасы неше сантиметр болады?
Суретте барлығы неше үшбұрыш бар?
Екі таңбалы санның цифрларының қосындысының мәні 10 – ға тең. Егер осы саннан сол санның цифрларының орындарын ауыстырып жазып, шыққан санды азайтса, нәтиже 72 – ге тең болады. Бұл қандай сан?
Ойлаған санды 3 – ке көбейтіп, көбейтіндіден 6 – ны азайт та, нәтижені 2 – ге бөл. Сонда 15 шықты. Ойлаған санды тап.
8
13
18
17
5
16
15
Бос орындарға жазылғандардан
Бас қа 4 – тен 19 – ға дейінгі сандарды
орналастыр. Сонда оларды көлденеңі-
нен де, тігінен де, қиғашынан да қос -
қанда 46 шығатын болсын.
Үш таңбалы екі санды қосқанда оқушы мынадай қате жіберді: бірінші санның бірлігіндегі 2 цифрын 9 деп, ал екінші санның ондығындағы 4 цифрын 7 деп шатастырып қосқанда, қосындының мәні 589 болды. Дұрыс қосындыны тап.
Бағдаршамның қызыл шамы 6 рет жанғанда оның жасыл шамы неше рет және сары шамы неше рет жанады?
Мен бір сан ойлады. Сол санды 5 – ке көбейтіп, нәтижеге 2 – ні қостым. Қосындыны 6 – ға бөлгенде, 7 саны шығады. Мен қандай сан ойладым?
Аулада 3 метрлік 20 бөрене бар еді. Жарты метрден кесіп, отын дайындау керек болса, оларды барлығы неше рет кесуге тура келеді?
Үш таңбалы екі санды қосқанда оқушы мынадай қате жіберді: бірінші санның ондығын көрсететін 8 цифрын 3 деп, ал екінші санның бірлігіндегі 3 – ті 8 деп шатастырып, қосындыда 713 санын шығарды. Қосындының дұрыс мәнін тап.
Үлкен шаршыны аудандары бірдей бес
бөлікке бөлудің бірнеше тәсілін көрсет.
Кіші шаршыларды жолақшаларға бөлуге
болмайды.
201 – 102: 302 – 203: 403 – 304 айрмаларының құрастырылу ерекшелігін анықтап ал, осыған ұқсас айырмалар жаз. олардың мәндерін жаз.
Дөңгелекті үш түзу арқылы ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болады?
А мал таңбалары мен жақшаларды тиісті орнына қой: 1 1 1 1 1 1 1 1 1 = 15
Жұмадан кейін 4 тәуліктен соң аптаның қай күні келеді? Жексенбіден 3 тәулік бұрын аптаның қай күні болады?
321 – 123, 432 – 234, 543 – 345 айырмаларының құрастырылу ерекшеліктерін ескеріп, тағы осындай төрт айырма жаз. олардың мәндерін тап.
Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін 4 – еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды?
0,10,20,30,40,50,60,70,80,90 сандарының қосынды - сының мәні артық па? Әлде көбейтіндісінің мәні артық па?
Үйдің 6 – қабатына дейінгі баспалдақ 2 – қабатқа дейінгі баспалдақтан неше есе ұзын?
Зейнеп 5 – қабатта, ал Ғани сол үйде, Зейнептен екі есе биік қабатта тұрады. Ғани қай қабатта тұрады?
Ұшып келе жатқан 6 қаздың жартысы және бір қаз бірінші көлге, ал қалған қаздардың жартысы және бір қаз екінші көлге қонды. Әр көлге неше қаз қонды?
«Егер менде қазіргі бар алмаға қарағанда 4 алма артық болса, онда менің алмам сендегіден 2 есе артық болар еді», - деді Манат Майраға. Егер балалардың екеуінде барлығы 26 алма болса, әрқайсысында қанша алмадан болған?
А мал таңбаларын тиісті орнына қой: 4 4 4 4 = 1 (4 4 4 ) 4 = 3
Бірінші қосылғыш қосындының мәнінен 3 есе кем. Екінші қосылғыш бірінші қосылғыштан неше есе артық?
Үш санның көбейтіндісінің мәні олардың қосындысының мәніне тең. Олар қандай сандар?
А мал таңбалары мен жақшаларды тиісті орнына қой: 3 3 3 3 = 4 3 3 3 3 = 0
Азаматтың Салтанаттан 3 есе артық маркасы бар. Егер Азамат 16 маркасын досына сыйласа, олардың маркаларының саны бірдей болады. Азаматтың неше маркасы бар? Салтанаттың ше?
Барлығы неше тік төртбұрыш және неше
үшбұрыш бар?
3 таяқшаны алып тастап, бес
шаршыдан төрт шаршы жаса.
Екі тәрелкеде 13 апельсин бар. Егер тәрелкелердің біреуінен бір апельсин алса, онда сол тәрелкеде екіншісі –нен 3 есе артық апельсин қалады. Әр тәрелкеде қанша апельсин болғаны?
А мал таңбалары мен жақшаларды тиісті орнына қой: 4 4 4 4 4 4 4 4 4 = 32
Бір санды өзіне – өзін қосқандағы қосындының мәні оның өзіне – өзін көбейткендегі көбейтіндінің мәнінен артық. Ол қандай сан?
Үш таяқшаны алып тастап, алты шар –
шыдан төрт шаршы жаса.
Екі балада 10 алма бар. Егер екінші бала біріншісіне 3 алма берсе, онда екіншісінде біріншісіне қарағанда 4 есе кем алма қалады. Бастапқыда әр балада неше алма болған?
Еркін әкесі 36 – ға келгенде туған болатын. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші. Еркіннің әкесі қазір нешеде болғаны?
«Шаян» төмен қарай қозғалып
барады, 3 таяқшаның орнын
ауыстырып, оны жоғары қарай
қозғалт.
Аңның екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяғы бар. Аңның барлығы неше аяғы бар?
8 жұмыртқа 4 минутта піседі. 16 жұмыртқа неше минутта піседі?
10 таяқшаның неше ұшы бар? Ал он жарым таяқшаның ше? Он үш жарым таяқшаның ше?
Бірдей 9 қораптағы доптар саны 5 ондықтан артық, ал осындай 12 қорапта 7 ондықтан артық доп бар. Қораптардағы доптар саны бірдей болса, әр қорапта неше доп болғаны?
Сағат әр тәулік ішінде 10 мин озып кетеді. Түзетіп қойғаннан кейін ол неше тәуліктен соң дәл уақытты көрсетіп өтеді?
Бірінші ыдыста екінші ыдысқа қарағанда 240 литр артық су бар. Әр ыдыстағы су тең болу үшін бірінші ыдыстан екінші ыдысқа неше литр су құю керек?
Талғат атасынан: «Сіз неше жастасыз?» - деп сұрады. Атасы: «Егер менің жасымды 7 есе кеміткенде шыққан санды 7 – ге кемітсең, 2 шығады. Менің жасым нешеде екенін өзің таба ғой», - деді. Талғаттың атасы неше жаста?
Ұзындығы 5 м бөренеден 1 метрлік бірнеше бөрене кесіп әзірлеу керек. Егер бөренені бір рет кесуге 2 минут кетсе, барлығы қанша уақыт жұмсалады?
45 қоянды 9 торға әрқайсысындағы қояндар саны әр түрлі болатындай етіп орналастыр:
2 қоян
1 қоян
Кез келген сан ойлап, оны 8 есе арттыр да, шыққан санға 8 – ді қос. Нәтижені 8 есе кемітсең, ойлаған саннан 1 – ге артық сан шығады. Неге?
2,3 және 5 сандарына бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші санды тап.
Қандай сан 2, 3 және 7 сандарына қалдықсыз бөлінеді?
6 – ға қалдықсыз бөлінетін бір сан ойла. Ол санды 2, 3 және 6 сандарына жеке – жеке бөл. Шыққан бөлінділердің мәндерін қос, сонда ойлаған сан шығады. Неге?
1 – ден 4 – ке дейінгі барлық натурал сандардың көбейтіндісі қандай цифрмен аяқталады?
Алтай, Айгүл, Сәуле және Бекзат – туыстар:
Алтай – Айгүлдің ағасы;
Айгүл – Сәуленің қызы;
Сәуле – Бекзаттың әпкесі. Бекзат Алтайға кім болады?
Сенің жасыңды үш есе арттырса, менің жасымдай болады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса, 20 қалады. Мен нешедемін?
Ыңғайлы тәсілмен есепте: 5 х 47 х 2 12 х 3 х 5 25 х 7 х 4 15 х 9 х 2
Ыңғайлы тәсілмен есепте: 7 х 47 + 7 х 3 (20 + 7) х 2
А мал таңбалары мен жақшаларды тиісті орнына қой: 8 8 8 8 = 1 8 8 8 8 = 2
А мал таңбаларын қой: 2 ³ 2 ² 2 = 1 3 3² 3³ = 1
А мал таңбаларын қой: 3³ 3² 3 = 2³ 2² 2 3³ 3² 3 = 2³ 2 ² 2 =
27 = 20 + 7 = 2 * □ + 7;
573 = 500 +70 + 3 = 5 * □ + 7 * □ + 3 = 5 * □ + 7 * □ + 3; 468 = 4 * □ + 6 * □ + 8 .
Нөлден басқа әр түрлі үш цифр ал. Олардан әр түрлі үш таңбалы алты сан құрастыр. Олардың қосындысын тап, шыққан қосындыны алынған цифрлардың қосындысына бөл, сонда 222 шығу керек.
Екі таңбалы санның цифрларының көбейтіндісі 8 – ге тең. Сол екі таңбалы санды цифрларының қосындысына бөлгенде шыққан бөліндінің мәні санның бірліктеріне тең. Екі таңбалы санды тап.
Екі санның көбейтіндісінің мәнін сол санның біреуіне бөлгенде 5 шықты. Көбейтіндінің мәні қандай цифрмен аяқталуы мүмкін?
1 – ден 9 – ға дейінгі сандарды дөңгелек –
терге орналастыр, сонда бір түзудің бой –
ында орналасқан үш санның қосындысы
15 – ке тең болсын.
Дөңгелекткрге 1 – ден 9 – ға
дейінгі сандарды орналастыр, сонда
үшбұрыштың әр қабырғасы бойын –
да олардың қосындысының мәні
17 - ге тең болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |