Л. М. Демесинова PhD, аға ғылыми қызметкер


Зерттеу шарттары мен әдістері



бет2/6
Дата27.09.2024
өлшемі212 Kb.
#205246
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
18-25 Демесинова

Зерттеу шарттары мен әдістері. Зерттеудің әдіснамалық негізі жалпы тарихи-әдеби процес пен көркем әдебиеттің жекелеген құбылыстарын қарастыру мен талдауға бағытталған. Мақалада генетикалық, салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-типологиялық, мәдени-тарихи, әлеуметтік-мәдени әдістердің принциптері, көркем мәтінді семантикалық талдау әдісі болды. Автор гуманитарлық пәндермен (лингвистика, тарих, әлеуметтану) өзара сабақтастықта қарастырылды.
Зерттеу нәтижелері. Жалпы урбанизация және урбанизм деген екі ұғымға қысқаша түсінік берейік. Латын тілінен аударғанда «urbs» сөзі қала дегенді білдіреді. Урбанизацияның географиялық анықтамасы ауыл халқы есебінен қала халқының өсуі. Урбанизм деген сөз латынның «urbanus» – қалалық деген сөзінен шыққаны белгілі, яғни бұл сөз адамзат мәдениетінде қала рөлінің артуына байланысты өнер мен әдебиетте қала тіршілігін бейнелеуден туындады, сондықтан бұл ұғым әлемдегі урбанизация үрдісінің жылдан-жылға өсуінің заңды мәдени нәтижесі болып табылады.
Урбанизм – XX ғасырдың сәулет өнері мен қала құрылысындағы бағыт, бұл бағыт қазіргі заманғы қалаларды дамытудың негізі, олардың құрылысын, ең бастысы, көлемі жағынан тек функционалдық талаптарға ғана бағытталған [1, 300].
Урбанизм терминіне «Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігінде» төмендегідей анықтама беріледі:

  1. үлкен қаланың билеуші топтарының құлдыраған мәдениеті, қаланың орталықтарындағы материалдық және рухани өмірдің шоғырлануын және дамуын ауылдың дамуына зиян тигізу арқылы көтеретін ағым;

  2. әдебиет  пен  өнердегі  қалаға арналған өлеңдердің  басымдығы, ірі қалалардың өмірін бейнелеу және даңғтау [2, 498].

«Урбанистік тақырып» – қалалық тақырып, ол шаруа қожалықтарынан, өз ауылдарынан жақын орналасқан қалаларға қашып шыға бастаған кезден бастап жазушыларды қызықтырды. Қазіргі уақытта урбанизация процесі жаһандық сипатқа ие болды. Қала адамдарды өзгертеді, қалада азғырулар көп, оның бойында түрлі қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді. Үлкен қаланың мәселелерін көптеген жазушылар жазып, одан әрі қазіргі кезде жалғасын тауып, түрлі бағытта көрініс тапты.
Әдебиеттегі урбанизм мәселесі – жаңа ғасырда әдебиеттанудағы ең маңызды мәселелердің біріне айналды. Әдебиеттегі урбанизм Ресей ғалымдарымен біршама зерттелгенін ескере отырып, олардың пікірлеріне тоқталуды жөн көрдікҚала мәтінінің әдебиет пен адам өміріндегі маңызы туралы ақындар мен жазушылар шығармаларына негізгі нысанға алынды. Кейінірек бұл идеяларды теориялық тұрғыдан орыс ғалымдарынан М.М. Бахтин, В.Н. Топоров, Ю.М. Лотман, Б.А. Успенский еңбектерінде қарастырды. Осы аспектіде ХХ ғ. басындағы поэзия ерекше қызығушылық тудырғын, өйткені В.Я. Брюсов, К.Д. Бальмонт, А.А. Блок, В.В. Маяковский, тез өзгеретін қала тақырыбына бет бұрып, оқырманның урбанистік кеңістікті ұғыну үшін оны көркем платформаға айналдырды. Орыс әдебиетіндегі ХХ ғ. алғашқы урбанистік бағытты жазушылар В.Я. Брюсов және К.Д. Бальмонт болды. Олар қаланың өмірін адамның жеке өмірімен, қоғаммен, табиғатпен өзара байланыста қарастырды.
Зерттеуші Тетик Кевсер өзінің кандидаттық диссертациясында урбанистік лиризмнің түрлерін көрсететін К.Бальмонт пен В.Брюсов шығармашылығына тоқталады. Жалпы олардың поэзиясында адамзат болмысының толықтығын жүзеге асыруға ұмтыла отырып, әлем елдері мен қалаларының көптеген бейнелерін жасады, әртүрлі мәдени дәстүрлерге бет бұрды, қаланы символдық және импрессионистік поэтиканың құралдарымен сурет салды; оның поэзиясында қаланың келбетін оқырман алдында жиі жұмбақ микрокосмоспен таныстырды. Брюсов өз поэзиясында өткен ғасырлардағы қаланың ерекшеліктері тез өзгеретін қазіргі және болашақ белгілерімен ұштастырды, қалалық кеңістіктің футурологиялық концепциясын құрды [3].
Сол сияқты башқұрт әдебиетіндегі урбанистік прозаны зерттеуге арналған Л.И.Мараканованың «Башқұрт прозасындағы урбанизация үдерісінің көркемсөзде берілуі» тақырыбындағы зерттеуінде ғалым башқұрт әдебиетіндегі урбанистік прозаның ХХ ғасырда қалыптасып, дамуын көрсете отырып, оның тақырыптық-идеялық, көркемдік ерекшеліктерін ашып, талдаған.
Қазіргі әдебиеттану ғылымында жазушылар шығармаларындағы қала тақырыбы түбегейлі зерттеліп болған жоқ. Көптеген шетел әдебиетінде қала бейнесі кейде «sui generis» романның кейіпкері ретінде әрекет етеді. Мәселен, Э. Золя «Париж» және «Рим», Роденбахтың «Өлі Брюгге», А. Белыйдың «Петер-Бург» туындылары мысал бола алады.
Әдебиеттанушылар урбанистік әдебиетке көркем шығармалардың үлкен бөлігін жатқызулары мүмкін,атап айтар болсақ, бас кейіпкер ретінде бүтін бір қаланың көрініс табуы. Бұл урбанистік әдебиетке тек қала – әңгімелеудің негізгі кейіпкері болатын шығармаларды жатқызу керек дегенді білдірмейді. Қала тақырыбы – оқиғаның мазмұнын анықтайтын басқа тақырыптардың компоненттерінің бірі болуы да мүмкін. Бальзактың романдарында, кейінірек Э.Золя романдарында – Париж тек әрекет ету орны ғана емес, адамдар мен оқиғалар үшін пассивті фон ғана емес, дербестендірілген күш, ол әрекет етуші адамдардың сипатын, сондай-ақ оқиғалардың барысын анықтайды, Париж өзі тірі бейнеретінде әсер қалдырады.
Қазіргі қалалар өзін-өзі дамытатын күрделі жүйе. Қалалық процестерді түсіндіру және олардың дамуын адамның мүдделеріне бағындыру үшін жаңа қалалық ғылым пайда болды.
Урбанистика – бұл қалалық қауымдастықтар мен жүйелердің дамуын зерттейтін ғылым. Ол қалаларды дамыту, оларды өмір сүру үшін ыңғайлы және қолайлы ету үшін гуманитарлық, әлеуметтік және техникалық ғылымдардың жетістіктерін жинақтайды.
Урбанистиканың қарыштап дамуымен қатар, урбанистік әдебиет те және ол туралы зерттеулер де көбее түсті. Әдебиеттануда да урбанистік зерттеулер бірнеше салада дамыды. Мәселен, урбанистік әдебиетті теориялық тұрғыдан зерттеу және проза мен поэзиядағы қала тақырыбында жазылған шығармаларға талдау жасаутиімді. Қазіргі әдебиеттану ғылымында қала тақырыбына деген қызығушылық және әдеби шығармадағы қала бейнесінің көркемдік функцияларын анықтау өзекті болып табылады. Қала тақырыбы мотивация немесе ностальгия, қайта оралу, мақсатсыз қозғалыс, қала кеңістігінің оқшаулануы, қала тұрғындарының, көліктің, үйдің бейнелерінде көрінеді.
«Қалалық мәтін» – бұл бір уақытта бейне мен шындық ретінде қаланың қос табиғатымен байланысты ерекше құбылыс. Бұл екі жақ бір-бірімен тығыз байланысты және қала бейне ретінде өзінің материализмінде бастапқыда берілген ұйымның мәтіндік принципін анық көрсетеді. Кевин Линч, «Қала бейнесі» кітабының авторы, осыған байланысты «қаланы мәтін ретінде оқу» мүмкіндігі туралы айтады [4, 16]. Құрылымы бойынша қала мәтіні белгілі бір мағынада көркем мәтінге жақындайды. Сондай-ақ, мұқият көз мұнда оның адгезиясын, жақындауы мен серпілуін, суреттердің жұптасуын анықтайды [5].
Қалалық мәтінді зерттеуші А.А.Рубанның шығармасында француз әдебиетіндегі Париж мәтінінің генезисі мен дамуы туралы бақылаулар бар. Зерттеуші ХІХ-ХХ ғасырлардағы француз әдебиетіндегі Париж бейнесі жанрлық және ақындық тенденцияларға байланысты өзгереді деп санайды. А.А.Рубан Париждің ХХ ғасырдағы француз және кеңірек әлем әдебиетіндегі бейнесі Э.Хемингуэй, Г.Миллер, И.Кальвино, Л.Арагон, Ф.Коппе, Ф.Карко, Л.П.Фарг, М.Жакоба, Ж.Супервиель, П.Элюардың шығармаларында дамиды деп санайды.
Қалалық мифтің және қалалық мәтіннің әдебиетте және мәдениетте болуының шарттылығы, егер ол айқын көрінбесе де, яғни жанама түрде ұсынылса да, қала бейнесінің «көрінісінің» әр жағдайын талдау қажеттілігіне әкеледі. Бұл тұрғыда біздің зерттеуіміз үшін А.А. Рубанның әдебиеттегі Париж бейнесінің дамуына байланысты қалалық мәтіннің шекаралары туралы пайымдаулары нәтижелі: «Париж мәтіні» – «Париж мифі» мен «қалалық мифтің» маңызды функционалды бірлігі. Өнердің барлық түрлері арқылы танылатын Париж бейнесі көркемдік, сөйлеу өрнегінде «әдеби мифтің» мағынасында көрсетіледі. Өзара байланысты ұғымдар тізбегі келесідей көрінуі мүмкін: «Париж мәтіні» – «қала мәтіні», «Париж мифі» – «қала мифі». Сондай-ақ, оны келесідей ұсынуға болады: «Париж мәтіні» – «әдеби миф»– «Париж мифі» [6, 5-6].
Зерттеуші М.А.Гололобов Э.Золяның романдарындағы Париж мәтінін зерттей келе: «Золяның романдарының париждік мәтін – бұл семантикалық және тілдік қауымдастықпен сипатталатын құрылым, шектеулі (Париждің тарихы мен қазіргі жағдайы) және жергілікті (Париждің аумағы мен топографиясы). Золя Париж мәтінінің құрылымында белгілі бір компоненттер ерекшеленеді (субтесттер, материалдық-мәдени, рухани және табиғи салаларға байланысты субстраттар, сонымен қатар дәстүрлі түрде Парижмен байланысты сюжеттер, мотивтер мен бейнелер» [7, 150]. Сонымен қатар, зерттеуші жазушының кейбір романдарындағы Париж мәтінінің функцияларын қарастырып, «Париждің құрсағы», «тұзақ» және «махаббат парағы» түсініктерін анықтап, әлемдік мәдениеттің тағдыры туралы ойлаудың арандатушылық мүмкіндігі, сюжеттік оқиғаларды ашудың құралы, кейіпкерлерді сипаттаудың қосымша құралы ретінде қарастырылады [7].
Ю.А. Маринина «XIX ғасырдың екінші жартысындағы француз поэзиясындағы қаланың мифологиялық бейнесі» зерттеуі [5] қала кеңістігінің мифологизациясын дәйекті зерттеуден тұрады. Қала туралы мәдени миф жаңа уақытта пайда болды. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі ғылым миф терминінің мағыналарын біріктірудің әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Бастапқыда мифтер «жалпы халықтық қиялды құру, шындықты сезімтал-нақты персонализация және тірі тіршілік иелері түрінде жалпылама бейнелейтін, қарабайыр сана деп санайтын» [8, 222]. Алайда, термин біртіндеп жаңа мағынаға ие болады. Мифтің заманауи түсініктерінің бірі Р. Барт ұсынады. Ол «миф – бұл сөз, сөз<...>, форма», тіл [9, 46] деп санайды. Сонымен мифті формальды белгілердің жиынтығы ретінде қарастыру керек, осылайша жасанды мифтер туындайды. Қаланың мифологиялық бейнесі қоғамның әртүрлі идеяларын біріктірудің нәтижесі болып табылады. Зерттеуші «ақындар көрсеткен қаланың мифологиялық бейнесі сол кездегі суретшілердің жақындап келе жатқан өзгерістерді және қала сияқты әлемдік мәдениеттің құбылысының орасан зор көлемін сезінетін сезімдерін дәл жеткізеді» [5, 16] деген қорытындыға келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет