Л. М. Демесинова PhD, аға ғылыми қызметкер



бет1/6
Дата27.09.2024
өлшемі212 Kb.
#205246
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
18-25 Демесинова


Ж.М. Искакова, Л.М. Демесинова



ҒТАМР 17.01.11

https://doi.org/10.55956/RSTM2329

Ж.М. Искакова*
Фил.ғылым.канд.,Әдістеме Lab бөлімінің жетекшісі
Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы,
Астана қ. Қазақстан
oazis-jas@mail.ru
Л.М. Демесинова
PhD, аға ғылыми қызметкер
Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
Астана қ. Қазақстан
lmdemessin@gmail.com


УРБАНИСТІК ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ


Аңдатпа. Қазақ әдебиеттануында қала мен дала образдары жекелей ғылыми мақалаларда осы уақытқа дейін зерттеліп келгенімен, қала образы салыстырмалы түрде соңғы онжылдықта ғана зерделене басталды. Өйткені қазақ прозасы да, поэзиясыда жаңа ғасырға дейін қалалық өмірден гөрі ауылдық өмірді суреттегені белгілі және оның өзіндік бірнеше себептері бар. Қала жекелей образ ретінде немесе урбанистік әдебиет әдебиеттің жеке бағыты ретінде әлі де түбегейлі зерттеуді талап етеді. Зерттеу мақаласында қазақ әдебиеттануындағы урбанистік әдебиетті зерттеудің алғышарты ретінде шетелдік ғалымдардың осы бағытта жасаған тұжырымдамалары мен зерттеулері қарастырылды. Салыстырмалы зерттеу әдісі негізінде қалалық мәтін мен қала образдары туралы жасалған ізденістер басшылыққа алынды. Атап айтар болсақ, Р.Барт, Н.Шмидт, Ю.Маринина және басқа да ғалымдардың еңбектері негізінде тың тұжырымдар жасалды.


Тірек сөздер: урбанизация, көркем мәтін, қалалық мәтін, қала бейнесі.

Кіріспе. Қазақ ғылымында урбанизация география, экология, туризм, әлеуметтану лингвистика ілімдері тұрғысынан зерттелген. Алайда қазақ әдебиетіндегі урбанизация, урбанистік әдебиет кейбір ғылыми мақалаларда ғана екі ауыз сөзбен айтылғаны болмаса, арнайы зерттеу нысанына айналмаған. Біз зерттеуімізде қазіргі заманның негізгі үрдісіне айналған және ғылым мен өнердің барлық салаларында кеңінен өріс алған урбанизм, урбанизация мәселесін зерттеу обьектісі етіп алдық.
Әдебиеттегі урбанизм (оның тақырыбы, образдары, стилі) техникамен және индустриямен жоғары дамыған үлкен қаладан, қалалық тұрмыстан, қалалық сәннен туындаған психиологиялық ерекшеліктерінің көрінісі. Қала тақырыбы XIX ғ. екінші жартысынан бастап пайда болып, өнеркәсіптік капитализмнің даму шамасына қарай әлем әдебиетінде үлкен мәнге ие бола отырып, ең алдымен реализм арқылы көркемдік шешімін тапты. Әдебиеттегі әдеттегі ауыл өмірі, үй-жайлар, табиғат ығыстырылды. Сипаттама нысандары машина, зауыт, темір жол, тобыр, адам массасы біртұтас болып табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет