Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет62/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

Платина топшасы


Платина топшасы элементтері сирек элементтерге жатады. Олардың жер қыртысындағы массалық үлестері: 5·10-7 % рутений


Ru, 1·10-7 % родий Rh, 1·10-6 % палладий Pd, 5·10-6 % осмий Os, 1·10-7 % иридий Ir, 5·10-7 % платина Pt құрайды. Олар табиғатта бос күйінде, сонымен қатар басқа металдардың сульфидті кендерінің құрамына кіретін күкіртпен жəне күшəнмен қосылыстары түрінде кездеседі.


Химиялық реакциялар кезінде платиналық металдар 2, 3, 4, 5,
6, 7, 8 электрондарын беріп жіберіп, +2, +3, + 4, +5, +6, +7, +8
тотығу дəрежесін көрсетеді.
Платина топшасының металдары күмістей ақ немесе күмістей сұр түсті келеді. Темір топшасымен салыстырғанда олардың тығыз- дықтарының, балқу, қайнау температураларының, стандартты электродтық потенциалдарының мəндері жоғары болады. Осмий

  • барлық металдардың ішіндегі ең ауыры (тығыздығы – 22,5 г/см3). Платиналық металдар, əсіресе палладий сутекті жақсы сіңіреді. Палладийдің бір көлемі сутектің 900 көлеміне дейін жұта алады. Платина тобының металдары алтын мен күміспен бірге асыл металдарға жатады. Олардың химиялық белсенділігі төмен. Пла- тиналық металдар белсенді бейметалдармен (оттекпен, галоген- дермен) қатты қыздырғанда ғана реакцияға түседі. Мысалы, пла- тина оттекпен жəне хлормен 500°С-ден жоғары температурада

əрекеттеседі:
2Pt + О2 = 2PtО; Pt + С12 =PtС12
Платина топшасының металдары қышқылдар мен сілтілер əсеріне тұрақты. Рутений, родий жəне иридий қышқылдармен де,
«патша сұйығымен» де қыздырғанда əрекеттеспейді, ал палладий мен осмий концентрлі азот жəне күкірт қышқылдарында қыз- дырғанда ериді, мысалы:

Pd + 2H2SO4 = PdSO4 + SO2 + 2H2O


3Pt + 18HCl + 4HNO3 = 3H2[PtCl6] + 4NO + 8H2O
Платиналық металдар химия өнеркəсібінде көптеген химия- лық үдерістердің катализаторлары ретінде кең қолданылады.

Платинадан жəне оның аналогтарынан химиялық тұрақты бұ- йымдар, жоғары температураны өлшеуге арналған терможұптар жəне т.б. бұйымдар дайындайды. Сонымен қатар бұл металдарды, арнайы болаттарды легирлеу үшін қолданады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет