Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет61/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

Кобальт жəне никель


Жер қыртысындағы кобальт пен никельдің массалық үлестері 3·10-3 жəне 8·10-3 %-ды құрайды. Кобальт пен никель табиғатта көбінесе күкіртпен, күшəнмен қосылыстар түзеді, оларға кобальт- пирит СоS2, кобальтин немесе кобальт жылтыры CoAsS, смальтин CoAs2, милерит NiS, никель жылтыры NiAsS жатады.


Кобальт күмістей ақ сұр, ал никель күмістей ақ түсті металл. Олар созылғыш əрі берік маталдар. Химиялық реакцияларда ко- бальт пен никельдің темірмен салыстырғанда белсенділіктері тө- мен. Олар сұйытылған қышқылдарда еріп, сутек бөледі жəне тұз түзіледі:
Со + 2НС1 = СоС12 + Н2
Ni + Н24 = NiSО4 + Н2
Екі металл да концентрациясы жоғары азот жəне күкірт қыш- қылдарында пассивтенеді.
Кобальт үшін +2 жəне +3 тотығу дəрежелері тəн. Ол СоО жəне Со2О3 оксидтерін, сонымен қатар кобальт (II, III) оксиді Со3О4 жəне өздеріне сай гидроксидтерін Со(ОН)2 жəне Со(ОН)3 түзеді.
Кобальт (II) гидроксидін, кобальт (II) тұздарын сілтілермен əре- кеттестіру арқылы, ал кобальт (III) гидроксидін Со(ОН)2 тотық- тыру арқылы алуға болады:

СоС12 + 2КОН = Со(ОН)2 + 2КС1 2Со(ОН)2 + Br2 + 2Н2О = 2Со(ОН)3 + 2НBr


Никель үшін +2, ал сирек +3 тотығу дəрежелері тəн. Ол тек бір оксид – NiО-н түзеді. Оған сай келетін никель (II) гидроксиді

Ni(ОН)2 – ашық жасыл түсті зат. Ni(ОН)2 тотыққанда қара түсті никель (III) гидроксидін Ni(ОН)3 алуға болады.


Кобальт пен никельдің оксидтері мен гидроксидтері негіздік қасиет көрсетеді. Кобальт (III) қосылыстары, əсіресе никель (III) қосылыстары тотықтырғыштар болып келеді.
Металдық кобальт пен никельді алу оксидтерінен оларды кө- мірмен тотықсыздандыруға негізделген:

Со3О4 + 4С = 3Со + 4СО NiО + С = Ni +СО


Кобальт пен никельді таза күйде алу үшін олардың тұздарының ерітіндісін электролиздеп, металдарды катодта бөліп алады. Хи- миялық қасиеттері жағынан кобальт пен никельдің белсендігі темірден төмен. Кобальт пен никель кəдімгі температурада ауада, суда өзгермейді. Сұйытылған күкірт жəне тұз қышқылдарында металдар баяу еріп, сутекті ығыстырады:


Ni + H2SO4 = NiSO4 + H2


Кобальт пен никельдің 80 %-ға жуығы магнитті, қиын балқитын, тез кесетін авиациялық болаттар алу үшін қолданылады. Кобальт қосылыстарынан эмальдар, бояулар даярлайды.
Никельден легирленген болаттар алынады. Никель қосылған құймалар өте көп, олардың механикалық беріктігі, жоғары тем- ператураға төзімділігі, коррозияға тұрақтылығы өте жоғары. Ни- кельден аккумуляторлар мен электролизерлерге арналған элек- тродтар дайындайды. СоО жəне NiО оксидтері – шыны жəне ке- рамика бояғыштары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет