B топшасы элементтерінің жалпы сипаттамасы
Элементтің сипаттамасы
|
Mn
|
Tc
|
Re
|
Реттік нөмірі
|
25
|
43
|
75
|
Салыстырмалы атомдық массасы
|
54,93
|
97,90
|
186,21
|
Табиғи изотоптары
|
55Mn
|
97Tc -99Tc
|
185Re,187Re
|
Сыртқы жəне оның алдындағы d
деңгейшесінің құрылысы
|
3d 54s2
|
4d 55s2
|
5d 56s2
|
Атомдық радиусы, нм
|
0,130
|
0,136
|
0,137
|
ОЭО
|
1,5
|
1,9
|
1,9
|
Тотығу дəрежелері
|
0,+2,+3,+4,
+6,+7
|
+4,+6,+7
|
+7
|
Жай заттар: Тығыздығы, г/см3
|
7,44
|
11,49
|
21,04
|
Т. балқу, ºС
|
1244
|
2200
|
3180
|
Т. қайнау, ºС
|
2080
|
4600
|
5600
|
Марганец табиғатта көп тараған элементтердің қатарына жа- тады: оның жер қыртысындағы массалық үлесі 0,09 %-ды құ- райды. Ол жер қыртысында оксидтер, карбонаттар, сульфидтер түрінде тараған. Оның ішіндегі маңыздыларына мына минералдар жатады: пиролюзит MnO2 · H2O, магнит Mn2O3 · H2O, гаусманит Mn3O4, родохрозит немесе марганец шпаты MnCO3, марганец жылтыры немесе алабандин MnS.
Марганец – күмістей ақ түсті, морт, ауыр металл. Марганец қыздырғанда оттекпен, күкіртпен, галогендермен, азотпен, көмір- текпен əрекеттеседі, ал сумен одан сутекті ығыстырады:
Mn + 2H2O = Mn(OH)2 + H2
Тұз қышқылымен жəне сұйытылған күкірт қышқылымен жақ- сы əрекеттеседі, мысалы:
Mn + H2SO4 = MnSO4 + H2
3Mn + 8HNO3(сұйыт.) = 3Mn(NO3)2 + 2NO + 4H2O
Концентрлі азот жəне күкірт қышқылдарында марганец ері- мейді (пассивтенеді).
Марганец қосылыстарында +2-ден +7-ге дейін болатын тотығу дəрежесін көрсетеді. Оның бес түрлі оксиді бар: MnO, Mn2O3 – негіздік, MnO2 – екідайлы, MnO3, Mn2O7 – қышқылдық. Осыған
сəйкес Mn(OH)2, Mn(OH)3, Mn(OH)4, H2MnO4, HMnO4 тəрізді қо-
сылыстары бар.
Марганец (II) оксиді MnO, марганец (III) оксиді Mn2O3 жəне оған сəйкес келетін гидроксидтері Mn(OH)2 жəне Mn(OH)3 – негіздік
қасиет көрсететін заттар. Олар қышқылдармен əрекеттесіп, мар- ганецтің (II) немесе (III) тұздарын түзеді, мысалы:
Mn(OH)2 + 2НС1 = MnС12 + 2Н2О
Марганецтің (II) тұздарының көпшілігі – марганец хлориді, марганец сульфаты, марганец нитраты – суда жақсы ериді. Олар сулы ерітінділерді əлсіз күлгін түске бояйды, бұл марганецтің сумен əрекеттесуі нəтижесінде түзілетін комплексті қосылыста- рына [Mn(Н О) ]2+ тəн.
2 6
Марганец (II) тұздары əлсіз тотықсыздандырғыштардың қа- сиеттерін көрсетеді. Күшті тотықтырғыштармен олар тотығу дə- режесі жоғары марганец қосылыстарына дейін тотығады, мысалы:
2Mn(NO3)2 + 5PbO2 + 6HNO3 = 2НMnO4 + 5Pb(NO3)2 + H2O
Марганец (IV) оксиді немесе марганец диоксиді MnO2 – суда мүлдем ерімейтін, қара қоңыр түсті зат. Бұл оксид жəне оған сай гидроксиді Mn(OH)4 – екідайлы заттар. MnO2-нің күкірт қыш- қылымен əрекеттесуі нəтижесінде тұрақсыз марганец (IV) суль- фаты түзіледі:
MnO2 + 2H2SO4 = Mn(SO4)2 + H2О
áàëêûòó
Сілтілермен MnO2 балқытқанда, реакция нəтижесінде манга- наттар (IV) түзіледі:
MnO2 + 2KOH
балқыту K MnO +H O
2 3 2
Марганец (IV) оксиді əрекеттесетін затына байланысты тотық- тырғыштың да, тотықсыздандырғыштың да қасиетін көрсете алады, мысалы:
MnO2 + 4HCl→MnCl2 + Cl2 + 2H2O
2MnO 2 + 3PbO 2 + 6HNO 3→ 2HMnO 4 + 3Pb(NO 3) 2 + 2H 2O
Бірінші реакцияда MnO2 тотықтырғыш ретінде, ал екіншіде тотықсыздандырғыш ретінде қатысады.
Марганец (VII) оксиді Mn2O7 қышқылдық қасиет көрсетеді. Бұл оксидтің сумен əрекеттесуі нəтижесінде тек ерітінді түрінде ғана болатын күшті марганец қышқылы HMnO4 түзіледі:
Mn2O7 + Н2О = 2HMnO4
Марганец оксиді Mn2O7 жəне марганец қышқылы HMnO4 күш- ті тотықтырғыштар.
Күшті тотықтырғыштық қасиетті марганец қышқылының тұздары да – перманганаттар немесе манганаттар (VII) көр- сетеді. Көбірек тарағаны – калий перманганаты КMnO4 қара көк кристалдық зат. Əртүрлі ортада калий перманганатын тотықсыз- дандыру былайша жүзеге асады:
Қышқылдық ортада – MnO - + 8H+ + 5ē = Mn2+ + 4H O
4
4 2 2
Бейтарап ортада – MnO - + 2H O + 3ē = MnO
2
+ 4OH-
Сілтілік ортада – MnO - + 1ē = MnO 2-. Мысалы, калий пер-
4 4
манганаты қатысуында əртүрлі ортада жүру реакциясы (қышқыл-
дық, бейтарап жəне сілтілік):
5K2SO4 + 2KMnO4 + 3H2SO4 = 6K2SO4 +
2MnSO 4 + 3H 2O
3K 2SO 4 + 2KMnO 4 + H 2O = 3K 2SO 4 + 2Mn+O 2 + 2KOH K 2SO 4 + 2KMnO 4 + 2KOH = K 2SO 4 + 2KMnO 4 + H 2O
Бұл мысалдар марганецтің (VII) қосылыстарының тотықсыз- дану өнімдерінің орта қышқылдығына байланысты болатындығын көрсетеді.
Марганец алу үшін оның кендерін қайта өңдеп, Mn 2O 3 алады да, оны алюминиймен немесе кремниймен тотықсыздандырады:
Mn2O3 + 2А1 = 2Mn+ А12O3
Таза марганецті марганец (II) сульфатының MnSO4 сулы ері- тіндісін электролиздеу арқылы алады.
Марганецтің металлургия саласында алатын орны ерекше. Ол шойынның құрамына кіреді. Болатты балқыту кезінде марга- нецті ашытқы (оттекті байланыстырады: Mn + O = MnO) жəне де- сульфуризатор (күкіртті байланыстырады: Mn + S =MnS) ретінде қолданады.
Марганец негізінде көптеген құймалар өндіреді, мысалы ман- ганин (мыспен жəне никельмен құймасы), марганецті қола (мыс- пен құймасы), ферромарганец (темірмен құймасы).
Марганец (II) сульфатын MnSO4 ауыл шаруашылығында мик- ротыңайтқыш ретінде пайдаланады. Марганец (IV) оксидін MnO2 шыны өндірісінде қолданады. Калий перманганатын КMnO4 кей- бір органикалық қосылыстарды алу кезінде антисептик ретінде пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |