49
№ 1(134)/2021
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
мемлекеттің құрылымы» - деп бағалайды [9,
96 б.].
Көркем шығармада ханның мемлекет ісін
атқаратын қызметкер іздеп, ел ішіне сұрау
салғаны айтылады. Әрі қарай туындыға
Одғұрмыш бейнесінің қосылуы екінші бөлім
сюжетінің алғашқы шиеленісін тудырады.
Зерттеуші Н. Келімбетов: «Одғұрмыш – бұл
өмірдің бар қызығынан безіп, тәркі дүние
жолына түскен дәруіш болып, тау кезіп кет
-
кен адам» [10, 245 б.] - деп түсіндіреді. Одғұр
-
мыш – мемлекетке қызмет етуге ақыл-пара
-
саты, білім-қабілеті жете тұрса да, мемлекет,
отан, ұрпақтың болашағы деген мәселеден
бас тартқан, өмір сүруден баз кешкен кейіп
-
кер, яғни анти-қаһарман. Оны осы жолдан
қайтару үшін Күнтуды мен Өгдүлміш үш
мәрте шақырады. Алғашқы шақыруында
Өгдүлміш Одғұрмышқа елден безудің ислам
дініне қайшы екенін түсіндіреді. Мақсатың
құлшылық қылып, сауап жинау болса, ел
-
мен бірге намаз оқып, ораза ұстауға үндейді.
Сондай-ақ, үйленіп бала-шағалы болуға және
қолына қару алып отанын қорғауға шақыра
-
ды. Алайда, оған Одғұрмыш көнбейді. Екінші
мәрте шақыруында Өгдүлміш Одғұрмышқа
мемлекетке және билік өкілі ретінде халыққа
қызмет етудің заңдылығын және мемлекет қы
-
змемкерінің этикасын баяндайды. Сонымен
қатар, қоғаммен байланыстың қыр-сырын,
ұрпақ тәрбиелеп, елге жақсылық жасаудың
тәркі дүниеліктен артық екенін түсіндіреді.
Алайда, Өгдүлміш пікірінен қайтпай, тартыс
одан әрі күшейе түседі. Үшінші шақыртудан
соң Одғұрмыш елге түнделетіп келіп, Күн
-
туды Елігпен кездеседі. Түнделетіп келуінің
себебі – басқа адаммен кездесіп қалмау. Осы
жерде шиеленіс күрделене түседі. Өйткені
сұхбаттан соң Күнтуды мемлекет билігін та
-
стап, Одғұрмыш секілді тәркі дүние болуға
шешім қабылдайды. Оны Бас уәзір райынан
қайтарады. Көркем шығармада бірінен кейін
бірі туып отыратын күрделі сюжеттер тура
-
лы ғалым А. Егеубаев былай дейді: «Бірқатар
бәйіттерде, кітап ішіндегі тарауларда, кітап
-
тың тұтас бітімінде осы өз ішінен тұйықталып
отыратын сюжеттік заңдылық (оқиғаның, ой
-
дың басталуы // дамып, өрбуі // айтпақ түйін,
тиянағы...) басым» [11, 18 б.].
Шығарманың жалғасында Күнтуды мен
Өгдүлміш ел барқарудың заңдылығы, мемле
-
кет басшысы мен халық арасындағы қарым-қа
-
тынас, саяси ұстанымдар туралы талқылайды.
Көп ұзамай Өгдүлміш те Одғұрмыш секілді
дүниені тәрк етуді таңдайды. Ол кезде оны
алған бетінен Күнтуды қайтарады. Осы кезде
шиеленіс шарықтау шегіне жетіп, тағы да күт
-
пеген оқиға болады. Хан мен Бас уәзірдің үгіт
-
теуіне, шақыртуына мойын бұрмаған Одғұр
-
мыш соңында діни ұстанымының кесірінен
дүниемен қош айтысады. Ал, мемлекет пен
оның халқы әрі қарай бақытты, баянды өмір
сүре береді. Көркем шығарма осылай аяқта
-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: