Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата11.09.2022
өлшемі388,03 Kb.
#149167
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
development-of-turkic-lexicography-the-nature-of-turkish-dictionaries-3

Қорытынды
Түркі лексикографиясының тарихын
-
да салыстырмалы ұстанымды басшылыққа 
алған ең алғашқы сөздік Махмұд Қашқари
-
дың «Diwan lugat at-turk» («Диуани лұғат ат-
түрік») еңбегі әлемдік сөздік жасау тарихында 
лайықты орын алады.
Махмуд әл-Қашқари заманынан бері әртүр
-
лі кезеңдерде дүниенің әртүрлі аймақтарын
-
да әртүрлі түркі тілдерінің сөз қазынасын та
-
нытатын көптеген сөздіктер жазылды. Әсіресе 
ХХ ғасырда түркі лексикографиясы әзербай
-
жан, қазақ, қырғыз, түрік, түркімен, өзбек, та
-
тар, башқұрт, хакас, якут. т.б. түркі тілдерінің 
тілтану ғылымдарының тарамдала, салалана 
дамуына байланысты өзінің теориялық-мето
-
дологиялық және қолданбалы-практикалық 
проблемаларын айқындап, дербес пәндік дең
-
гейге көтерілді. 
Түрік лексикографиясы - түркі лексикогра
-
фиясының үлкен бір тармағы. Оның практи
-
калық-қолданбалы бағытының айрықша да
-
муы Осман империясының қалыптасуы мен 
өрлеуі кезеңімен тұспа-тұс келеді. Бүгінде
түрік лексикографиясындағы әр түрлі мақсат 
көзделген, сан алуан сипаттағы бір тілді, екі 
тілді, көптілді сөздіктер ‒ XVII-XVIII ғасыр
-
дағы алғашқы араб-түрік және парсы-түрік 
сөздіктерінен басталған сөздік түзу ісіндегі 
дәстүр сабақтастығының нәтижесі. 
Қорыта келгенде, түркі лексикографиясы
-
ның қазақ лексикографиясы, түрік лексико
-
графиясы, қырғыз лексикографиясы, өзбек 
лексикографиясы, әзірбайжан лексикогра
-
фиясы, башқұрт лексикографиясы және т.б. 
тәрізді әр тарамының тарихи қалыптасуы мен 
дамуын тереңдеп зерттеу: 
- жалпы түркі лексикографиясының теори
-
ялық-практикалық өзекті мәселелерін нақты
-
лауға; 
- жеке бір түркі тілінің ғана емес, барлық 
түркі тілдеріндегі лексика-грамматикалық 
құбылыстарды, ортақтықтар мен ерекшелік
-
терді мейілінше дәл көрсете білуге;
- түркі әлемі интеграциясын жеделдетудің 
лексикографиялық тетіктерін оңтайласты
-
руға;
- түркілік кеңістіктегі тілдік ортаның сұра
-
нысын қанағаттандыруға қызмет ететін сан 
алуан сипаттағы заманауи сөздіктер түзуге 
мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет