Пікірлесейік
Поэма атауы қандай идеядан туындаған? Оның атауын басқаша қалай өзгертер едің? «Дала» сөзінің синонимдері қандай?
Ақын елдің әр кездегі тарихын қалай баяндаған?
Жерімізді «Ұлы дала» мен «Көк аспан» деп атауға келісесің бе? Пікіріңді дәлелде.
Авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтай отырып, кестені толтыр.
Поэмадан қандай мәселелерді байқадым?
|
Оны қай үзінділермен дәлелдей аламын?
|
Себебін анықта
Не себепті ақын: «Дала, сенің ұлыңмын» - дейді? Бұл поэмада дала ненің символы?
Неліктен автор:
Бүгінінен безінген қайран ақын,
Болашаққа адымдап бара жатыр, - деген?
Тобыңда талдап көр
«Ойлан, бірік, бөліс!» әдісімен жұмыс жасаңдар. Поэмадан түйген ойларыңды жазыңдар (Ойлан). Одан кейін өз идеяларыңды біріктіріңдер (Бірік) және соңында бүкіл сыныппен идеяларыңмен бөлісіңдер (Бөліс).
Поэмадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырыңдар.
Поэманың идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдаңдар.
Дәптеріңе орында
Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерді жазып, поэмадан 5 мысал келтіру арқылы олардың мағынасын ашып жаз
Түйінде
«Қазына іздеу» әдісі бойынша өлеңді «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақ- тастырып, көзқарасыңды эссе түрінде жаз.
Поэмадағы авторлық идеяны өмір шындығымен байланыстыра анықтап,түйінде.
Түйінде
«Ақынға болмысына біткен таланттан бөлек, бірден-бір керек нәрсе - күрескерлік. Бұл кең ауқымда да, күнделікті өмірдің келісімін күйттер тар ұғымда да солай. Егер ақын өзінің өнердегі көзқарасын, пікір-поэзиясын қызғыштай қори алмаса, сол үшін түн ұйқысын төрт емес, тоқсан бөліп тер төкпесе, түптің түбінде өкініште қалғанын өзі де аңғармайды» дегенді Жарасқан Әбдірашев неге айтқан? Ақынның барлық уақытта, тіпті бейбіт күнде де күрескер болуы шарт па?
Үйде орында
Қазақстан - арнасынан ақынды еске алу кешін қара.
Поэманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жаз.
Поэманы идеялық жағынан мазмұндас А.Тарковскийдің «Белый день» өлеңімен салыстыра отырып, екі шығармадағы кеңістік пен уақыт шегіндегі образдардың мән-мағынасы туралы әдеби сын жаз.
Поэмада көтерілген мәселені суретпен байланыстырып, әңгіме жаз.