Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет56/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1

Нұрдәулет Ақыш
Сұлтанәлі Балғабаев


Қаламгер қай өңірде туып-өскен?

Сұлтанәлі Балғабаев (1946 жылы туған)
Сұлтанәлі Базарбайұлы Балғабаев 1946 жылы 21 мамырда Қызылорда облысы, қазіргі Шиелі ауданының «1 май» ауылында шопан отбасында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін 1964-1966 жылдары туған ауылында шопан болған, ол кезде оқуға түсу үшін міндетті түрде екі жыл еңбек өтілі қажет екен. 1966 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне түсіп, оны 1971 жылы аяқтап шығады.
Сұлтанәлі Балғабаевтың еңбек жолы қалай басталады?
1971-1976 жылдары «Білім және еңбек» («Зерде»), «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат») журналдарында, «Жалын» баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 1985-1996 және 2003-2005 жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған.
1992 жылдан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, 2002 жылдан «Алтын бесік» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының соңғы үш құрылтайында одақтың басқарма мүшесі болған. Сонымен бірге қазір Жазушылар одағының Драматургия кеңесінің төрағасы. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық қызмет атқарып жүр.
Қаламгер қандай шығармаларды дүниеге әкелді?
С.Балғабаев 1966 жылы жиырма жасында жас ақындардың республикалық фестивалінде үшінші орын алып, жүлдегер атанады.
1978 жылы «Жалын» баспасынан «Жұлдызың жансын» атты қазақ спортшылары туралы деректі повестер мен әңгімелер жинағы шыққан. Жазушының «Алтын сағым» (1979 ж.), «Құм мен қызғалдақ», «Шөл» (1984 ж.), «Дала мен дария» (1988 ж.), «Қазақтың қызыл кітабы» (1988 ж.), «Красная гармонь» (1992 ж.), «Ең әдемі келіншек» (2006 ж.) атты повестері мен әңгімелері, мақалалар жинақтары басылып шықты. 2009 жылы «Сырдария кітапханасы» сериясы бойынша қаламгердің «Сыр мен Сарысу», «Ғажайып көктем» атты екі томдық таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрген.
С.Балғабаев драматургия жанрында да жемісті еңбек етіп келеді. «Қыз жиырмаға толғанда», «Біз де ғашық болғанбыз», «Қазақша күрес» (Қазақстан Мәдениет министрлігінің жабық бәйгесінде жүлде алған), «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек», «Ең әдемі келіншек», «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Жымбала, Мико және қасқыр», «Сағыныш пен елес», «Өтірік айтпайтын адам», «Әйелдер әлемі» атты пьесалары республикалық театрларда, сондай-ақ өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ театрларында да сахналанды.
Сұлтанәлі Балғабаев - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен т.б. марапатталған.

Зерделіой
Жазушының қаламынан туған әрбір шығарма заман тынысы мен үндесіп жатыр. Ол отбасылық-әлеуметтік жағдаяттар арқылы дәуір дертін, ондағы адам заттың күннен күнге азып-тозып бара жатқанын жеңіл астар мен ащы сатира арқылы әшкерелеп береді.
Моншақ Бекайдарова
Пікірлесейік

  1. Сұлтанәлі Балғабаевтың шығармаларының тақырыбы қандай?

  2. Қандай туындылары сахналанған?

Себебін анықта

  1. Сұлтанәлі Балғабаев не себепті шопан болды?

  2. Драматург пьесаларының қазақ сахнасында ғана емес, өзге елдерде де қойылу себебі неде?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет