Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет57/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1

Дәптеріне орында
Ақын өмірін «Кеңейтілген тізім» әдісі (статистикалық деректер, уақыт желісі, қарапайым фактілер жиынтығы) бойынша дәптеріңе түсір.

Түйінде
С.Балғабаевтың шеберлігі туралы ойыңды қорытып, түйінде. «Борт журналы» әдісімен кестені толтыр.



Берілген тақырып туралы маған не белгілі?

Ақын туралы қандай жаңалық білдім?



Қалай ойлайсың?

Қаламгердің қоғамдық жұмыстарға араласуы оның шығармашылығының дамуына ықпал еттіме? Ойыңды нақты фактілермен дәлелде.




Үйде орында
«Төрт сөйлем» тәсілі бойынша Сұлтанәлі Балғабаевтың жазушылық портретін жаз.

  1. Пікір. Жазушы туралы мәліметті жинақтап, пікіріңді жеткіз.

  2. Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіре отырып пікіріңді дәлелде.

  3. Мысал. Пікіріңді қазақ әдебиеті тарихымен байланыстырып, мысал келтір.

  4. Қорытынды. Қаламгер туралы ойыңды қорытындыла.

«Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы


Тойдың тамашасын бақпа, тағылымын бақ.
Мақал
Жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев көптеген пьесалар жазды. Ол қазіргі қоғам өмірінің түрлі мәселелері - тіл, руханият, ұлттық мүдде және отбасылық-тұрмыстық өткір жайттар туралы драмалық, трагедиялық, комедиялық сипаттағы реалистік туындылар жасады. Жазу - әрбір шығарма заман тынысымен үндесіп жатыр.
Солардың бірі - «Тойдан қайтқан қазақтар» деп аталатын екі бөлімді комедия. Бұл - көзбояушылық, бастықтың алдында құрдай жорғалау, сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамдағы келеңсіздікті бейнелеген сатиралық туынды.
Осы комедиядағы кейіпкерлердің іс-әрекеттері, мінез-құлықтарынан олардың өз білімі мен талантына сенімсіз, тек жағымпаздану арқылы ғана күн көріп жүрген типтік бейнелер екені көрінеді. Өздерінің руының адамдарын «... батыр бабамыз ... бес жасында шешен, он жасында қол бастаған көсем болды...» деп дәріптеп, қазақ тарихын өрескел бұрмалаушы жалған «тарихшы-ғалымдар» Асай Мүсеевич бейнесіне жинақталған. Ал Қошқарбай секілділердің оларды: «Ұлы ғалым. Бұл кісінің ашқан жаңалықтары керемет!» деп жағымпаз дана көпіртіп мақтауы –біздің қоғамда кездесіп қалатын жағдай.
Пьесадағы тағы бір кейіпкер Мэлис Әлібаевич - өз қызметін асыра пайдаланушы, туыстарын, жағымпаздарды маңына жинаған қуыс кеуде мансапқор шенеуніктердің жинақталған бейнесі.
Жандайшаптар қалай жағынарын білмей, тіпті президент болуыңыз керек деген идея ұсынады: «Айтпақшы дейім, Мэлис Әлібаевич, сіз алдағы сайлауда президенттікке өз кандидатураңызды ұсынуыңыз керек!» Бұл, әлбетте, Мэлис Әлібаевичтің жанына жағып кетеді: «Жо-жоқ, оған әлі ертелеу!.. Ертелеу!.. Ең алдымен (даусын ақырын шығарып). Сізден несін жасырайын, осы жақында министр болатындай мүмкіндігім болып тұр!». Мэлис Әлібаевичтің «оған әлі ертелеу» деген сөзі оның президенттіктен де дәмелі екенін аңғартады. Оның екіжүзділігі жанындағыларға уәдені үйіп-төгіп беріп, кейін тайқып кетуінен аңғарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет