Зерделіой
Сұлтанәлі Балғабаев - бүгінгі таңдағы аға буын драматургтердің ішіндегі белгілі, өзінің шығармаларымен халыққа кеңінен танылған драматургтердің бірі.
Амангелді Мұқан
Пікірлесейік
С.Балғабаевтың қандай пьесалары бар?
Шығарма атауын басқаша қалай өзгертер едің?
Автор адам бойындағы қандай қасиеттерді пьесаға арқау еткен? Авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықта.
Себебін анықта
Не себепті пьеса «Тойдан қайтқан қазақтар» деп аталады? Автордың көздеген мақсаты не?
Осы драмада көтерілген мәселе неліктен қазірге дейін өзекті? Көзқарасыңды эссе жазу арқылы білдір.
Тобыңда талдап көр
Топтарға бөлініп, пьесада көрсетілген қоғамдағы келеңсіз жайттарды, олардың себеп-салдарын талдаңдар. Пікірталас өткізіңдер.
Драманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен (мысалы, әңгіме) салыстыра отырып талдаңдар.
«Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісімен үш адамнан (спикер, сұхбат алушы, хатшы) тұратын шағын топтарда жұмыс істеңдер.
Спикер мұғалімнің нұсқаулығы бойынша шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындайды. Сұхбат алушы мұқият тыңдайды және мәселенің егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды. Хатшы оларды бақылайды және спикерге де, сұхбат алушығада кері байланыс береді.
Егер көлікке билетсіз отыру жағдайына тап болсаңдар, не істейсіңдер?
Дәптеріңе жаз
Шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын көрсет. «Ақпаратты сүзу» әдісімен көркемдегіш сөздерден тұратын сөйлемдерді сүзіп алып, жазып шық.
Түйінде
Драмадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсетіп, кестені толтыр.
Достарыңызбен бөлісу: |