Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет58/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1

Жолсерік келіншек. Мәке! Мэлис ағай, сіз маған. әлгі айтқаныңыз. Уәдеңіз.
Мэлис Әлібаевич. /оны енді байқап/ А, сіз маған бірдеңе айтайын деп пе едіңіз? Арызыңыз бар ма еді?!.. Оны кеңсеге әкеліңіз!.. Канцелярияға апарып тіркетсеңіз, маған жібереді. Көреміз сосын. Ал, сау болыңыздар!
Бастықты шығарып салу «салтанаты»

Өзі ерігіп, қыдырып, қызық қуып жүрсе де, жұртқа «Жұмыс істеу керек!.. Той тойлап, жүре бермей, жұмыс істеу керек!» деп ұрысып кетеді.


Пьесадағы басқа да кейіпкерлер: пойыздың бастығы, саудагер әйел, жолсерік келіншектің іс-әрекеттері де, кез келген мәселеде бармақ басты, көз қысты, екіжүзділікпен өмір сүретін қазіргі тұрмыс қайшылықтары да уақыт шындығына сәйкес бейнеленген. Пойыз бастығы мен жолсерік әйел - сырттай мінсіз, халыққа адал қызмет етушілер болып көрінгенімен, пайда тауып қалу мақсаты мен билетсіз жолаушыларды пойызға отырғызуды көздеген адамдар.
Билетсіз жолаушы – алып сатарлықтың құрбаны. Көліктердің билет сату қызметін электронды жүйеге көшіргенімен, пойыз билеттері әлі де болса, алып-сатарлардың қолында кететіні - қоғамдағы шынайы, өзекті мәселе. Дегенмен автор билетсіз жолаушының ата-баба басына құран оқыту үшін жүргенін келтіру арқылы бір үміттің бар екенін де білдіреді.
«ТОЙДАН ҚАЙТҚАН ҚАЗАҚТАР» ПЬЕСАСЫ
үзінді
Қатысушылар:
Мэлис Әлібаевич – жауапты қызметкер
Асай Мүсеевич – тарихшы ғалым
Қошқарбай – аудандық әкімшілктің қызметкері
Пойыздың бастығы
Жолсерік келіншек
Саудагер әйел
Билетсіз жолаушы
Екі-үш еркек, бір-екі әйелден құралған көркемөнерпаздар ансамблі
Бірінші бөлім
Үшінші көрініс
Тағы да сол перрон. Мэлис Әлібаевич бастаған топ шығады Рестораннан шыққан, сондықтан бұрынғыдан да қызулау, бұрынғыдан да көңілді. Көркемөнерпаздар тобы да бұрынғыдан бетер құлшына әндетіп келеді.
Қонақжай қазақ жасасын!
Кеңпейіл қазақ жасасын!..

Дастарқандай да жасасын!


Ресторандар да жасасын!
Үйге шақырғандар да жасасын!
Банкет бергендер де жасасын!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Ай, біздің қазақ деген... қазақтар деген ғажап қой! Қазақтың дастарқаны... Қонақжайлылығы...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Заман қанша қиындағанмен қазақтың пейілі, дастарқаны тарылған жоқ!.. Сол баяғыдай...
ҚОШҚАРБАЙ. Дұрыс айтасыз! Баяғы коммунизмдегідей!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Ай, Қошқарбай, сен де өзі, шынымен, азамат екенсің! (Қалтасынан конверт шығарып.) Әсіресе мынау конвертің жақсы екен! Жалтырап тұр!.. Қалыңдығы да біраз бар ма деймін...
ҚОШҚАРБАЙ. Иә-иә, шамамыз жеткенше... Қазақтың жолы деп...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Қазақтың жолы болған соң ғой... Не, әйтпесе біз сендерге конверт жинайын деп келді дейсіңдер ме?
ҚОШҚАРБАЙ. Мәке! Мэлис Әлібаевич, о не дегеніңіз, құдай сақтасын!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Қазақтың азаматтары қандай? Шетінен ер ғой!.. Данышпан, көреген ғой!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Оның ішінде мына Мәкең!.. Мэлис Әлібаевич.. Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы!.. Бақ қонған, қыдыр дарыған!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Мынау, Асай Мүсеевич... қазіргі заманның Асанқайғысы... Бұқар жырауы!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Сонда да көре алмайды кейбіреулер!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Иә-иә, солай!.. Ана жолы депутаттыққа өткізбей тастады, әтеңе нәлеттер!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Мені де... мені де... Академиктікке енді өтейін деп тұрған кезімде... Айтыңызшы, менен басқа кімі бар сонда?
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Сізге обал жасады. Бұл Академия деген... кілең бір қатып қалған... ескі... Президентінен бастап бәрін құрту керек.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Әп, бәрекелді! Өте дұрыс айтасыз! Бәрін құрту керек! Айтпақшы дейім, Мэлис Әлібаевич, сіз алдағы сайлауда президенттікке өз кандидатураңызды ұсынуыңыз керек!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Жо-жоқ, оған әлі ертелеу!.. Ертелеу!.. Ең алдымен (даусын ақырын шығарып). Сізден несін жасырайын, осы жақында министр болатындай мүмкіндігім болып тұр!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Дұрыс!.. Өте дұрыс!.. Ай, қанша айтқанмен біздің бастықтар кадр таңдай біледі. (Қошқарбайға.) Әй, Қошқарбай, айтшы, Мэлис Әлібаевичтен артық министр болатындай кім бар?
ҚОШҚАРБАЙ. Министр дейсіз бе? Қайдағы министр? Бұл кісі деген... Бұл кісі деген... Мынау министріңіз не айтып тұрған? Одан да үлкен!.. Одан да жоғары!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Жо-жоқ, әлі ертелеу!.. Айттым ғой – ертелеу!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Жо-жоқ, ерте емес! Міне, халықтың өзі... халықтың өкілі солай деп тұр... Халықтың пікірімен санасу керек, жолдас Мэлис Әлібаевич!..
ҚОШҚАРБАЙ. Иә, дұрыс! Халықпен санасу керек! Ең құрығанда – премьер-министр!.. Премьер-министр! Кәне, сол үшін! (Қалтасынан бір бөтелке мен рюмка шығарып, құйып.) Кәне, Мэлис Әлібаевич, сол үшін бірдеңе айтып жіберіңіз!
Көркемөнерпаздар Мэлис Әлібаевичті айналып әндетіп, билей бастайды:
Жасасын Мэлис Әлібаевич!
Мэлис Әлібаевич жасасын!
Жасасын асыл ағаларымыз!
Ұлы ағаларымыз жасасын!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Апырым-ай, адамды енді өстіп бұзасыңдар... Бірақ... еңбекті бағалаған да дұрыс! Генерал болмаймын деген солдат – солдат емес... Бәрімізде де үлкен армандар бар!.. Мақсат!.. Міне, сол мақсат жолында үнемі сапарда... жолда... Қарап отырсақ... бұл адам өмірі деген пойыз сияқты!.. (Перронның бір шетіне, тізіліп тұрған вагондарға қарап.) Тура мына пойыз сияқты... (Есіне бірдеңе түскендей.) Айтпақшы, бұл өзі неғылған пойыз?!
ҚОШҚАРБАЙ. Біздің пойыз емес!.. Біздің пойыз... «Қазақстан» пойызы, кежегесі кейін тартып, үнемі кешігіп келеді.
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Иә-иә, дұрыс... Ал сонымен менің айтпағым... Айтайын дегенім – бұл өмір деген сондай бір пойыз... сондай бір пойыз... (Қайтадан вагонға қарап.) Сонымен мынау қай пойыз болды?
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Қайдам!.. Көзім көріңкіремей тұр... Әшкиім қалып қойыпты...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Иә-иә, пойыз... (Кенет шошып кетіп.) Әй-әй, мынау біздің пойыз ғой... Әне-әне, жазып қойыпты!.. «Қазақстан» деп жазып қойыпты.
ҚОШҚАРБАЙ. Иә-иә, сол екен... Өзі жүрейін деп тұр ма деймін?
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Жүрейін деп тұрмаң не?!.. Жүріп бара жатқан жоқ па?!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Ойбай, не дейді? Жүгіріңдер!.. Жүгіріңдер! Біздің вагон – тоғызыншы вагон!
Екеуі вагонға қарай ұмтылады.
ҚОШҚАРБАЙ. Мен де... Мен де сіздерді келесі ауданға дейін шығарып саламын. (Бір қолында бөтелке, бір қолында рюмка, екеуінің соңынан жүгіреді.)
Көркемөнерпаздар тобы оларды әндетіп, билеп шығарып салып тұрады.
Жасасын біздің ағалар!
Асыл ағалар жасасын!
Ардақты ағалар жасасын!
Барлық ағалар жасасын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет