Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті
қә 11 1-1
Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесімен салыстыра отырып, әдеби сын жазып түйінде. Ә.Несиннің «Біз кәдімгі есекпіз» шығармасын оқып, драмамен салыстырып, ортақ құндылықты анықта. Қалай ойлайсың? Автор шығармасында қоғамда кездесетін сыбайлас жемқорлық мәселесін қалай көрсеткен? Оны қандай үзінді, дәйексөздермен дәлелдей аласың? Үйде орында Театрдан немесе «Ел арна» сайтынан «Тойдан қайтқан қазақтар» спектаклін көріп, шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көріністерін салыстырып, көркемдік құндылығына баға бер. Спектакльді әлеуметтік желіде құрбыларыңа жарнамала. Халықаралық зерттеулер форматындағы тапсырма үлгілері Мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап бер. І ...Бұл ретте мені алаңдататыны ана тіліміздің жағдайы еді. Бұл дерт, әсіресе, жетпісінші, сексенінші жылдары барынша асқынды. Осы жылдары қазақша бірауыз сөз білмейтін, қазақтың ұлттық мәдениетінен ада, қазақы ғұрыптан мүлдем мақұрым жаңа ұрпақ қаптап өсіп келе жатты. Соған орай қазақ мектептері де барынша азайды. Осының салдарынан қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кетудің алдында тұрды. Ұлтқа жаны ашиды дейтін зиялы қауым өз ана тілінен жұрттың ең алды болып безініп, өзгелерге теріс үлгі көрсетті. Мысалы, сол кезде Алматыдағы зиялы қауымның балалары мен немерелері түгелдей ана тілін мүлдем білмей өсті. Сөйтіп, Қазақстанда қазақ тілін менсінбеушілік мықтап орыналды. ІІ Ана тілің біліп қой, Еркіндігің, теңдігің. Ана тілің біліп қой, Мақтанышың, елдігің. Ана тілің - арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзгетілдіңбәрінбіл, Өзтіліңді құрметте! Берілген мәтіндердегі қаламгерлердің өзіндік стилін анықта. Мәтіндерге атау бер. Мәтіндердегі ортақ ойды анықта. Екі мәтіндегі қайталанатын сөздерді тап. Қай мақал-мәтел мәтіндердегі идеяға сәйкес келеді? Тіл - достықтың алтын көпірі. Тіл - ақылдың өлшемі. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар. Тілі өлген ел - тірі өлген ел. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік. Қазіргі ұрпақ өкілі ретінде тіл мәселесі туралы екі авторға хат жаз. ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАЙ ОТЫРЫП, ӘДЕБИ СЫН ЖӘНЕ ЭССЕ ЖАЗУ жүктеу/скачать 1,59 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |