Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет63/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
қә 11 1-1

Көркем шығарма

Көтерілген мәселелер

Дәлелдер

Әр автордың мәселені шешу шеберлігіне көзқарасым

С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар»
комедиялық
драмасы










Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесі










Дайындықтан кейін нақты тақырып бойынша мынадай жұмыстар жүргізіледі:



  • идеялық жағынан мазмұндас туындымен салыстыру;

  • тақырыпты ашу;

  • көтерілген мәселенің ашылуына өзіндік көзқарас білдіру;

  • құрылымды сақтау;

  • дәлел келтіру;

  • әдеби сын жазу.

Әдеби эссе жазу төменгі сыныптардан басталып, бірте-бірте күрделеніп келе жатқан процесс.
5-сыныпта шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу жұмысы жүргізіледі.
6-сыныпта кейіпкерлер қарым қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдай отырып, эссе жазуға дайындық жасалады.
7-сыныпта эссе жазу барысында шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдауға назар аударылады.
8-сыныпта шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу бағытымен жұмыс жүргізіледі.
9-сыныпта эссе жазуда шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан танып- талдауға баса назар аударылды.
10-сыныпта эссе жазудағы тағы бір талап - шығарманың идеясын жалпы адамзаттық құндылық тұрғысынан талдау шеберлігі меңгеріледі.
11-сыныптағы мақсат - шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
11-сыныпта жалпы адамзаттық құндылықтарға оқытылатын көркем шығарма идеясына сай ақиқатты тану, сүйіспеншілік пен махаббат, рухани адамгершілік, өзгеге қиянат жасамау және Абайдың бес асыл ісі (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) сияқты ізгіліктерге көңіл аударылады. Мәселен, О.Бөкейдің «Атау-кере» романы бойынша ой қозғаған оқушы шығарма идеясы бойынша күллі адамзатқа зауал әкелетін тойымсыздық, қанағатсыздық, өзгеге қиянат жасауды дәлелдеп жазады.
Әдеби эссе жазуды меңгеру үшін, ең алдымен, әдеби эссе құрылымын білу маңызды. Эссе құрылымы қандай болады? Нені ескеру керек?

  1. Кіріспе. Бұл бөлімді үш не төрт сөйлеммен ашуға болады. Алғашқы сөйленен-ақ оқырманды баурап алуға тырысу керек. Тақырыптың өзектілігін алға тарту маңызды.

  2. Негізгі бөлім. Бұл бөлім кемінде үш азат жолдан тұрып, үш пікірмен ашылғаны дұрыс. Әр пікір кіріспеде көрсетілген мақсатты ашуға жұмыс жасауы керек. Әр азат жол бес-алты сөйлемнен тұрса да болады. Бірінші, екінші сөйлемде негізгі мәселе туралы ақпарат беріледі. Ал үшінші, төртінші сөйлемде осы мәліметке қатысты ой орын алады. Одан кейінгі сөйлемдерде жалпы ойды қорытындылау керек.

  3. Қорытынды. Басты ескеретін мәселе - жаңа ой жазудан аулақ болу. Мұнда бастапқы көзқарасыңа қайта оралып, оны басқа сөйлеммен жеткізуге тырысу керек. Сонымен қатар негізгі бөлімнің әр азат жолының түйінін топтап жазып барып, жалпы қорытынды сөйлеммен аяқтаған дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет