Л. С. Динашева ОҢТҮстік қазақстандағЫ Қоныс аударушылар тарихы мәселелері: жаңа көЗҚарас


Қоныс аудару саясатының қазақ шаруашылығына тигізген зардаптары және ұлттық қатынастардың шиеленісе түсуі



бет11/13
Дата26.08.2020
өлшемі0,87 Mb.
#76999
түріМонография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Monografia

2.3 Қоныс аудару саясатының қазақ шаруашылығына тигізген зардаптары және ұлттық қатынастардың шиеленісе түсуі
“Қоныстандыру қоры, түземдіктердің жерге деген құқын барып тұрған сорақылықпен бұзу негізінде құрылды, ал Ресейден орыстарды қоныс аударту да “шет аймақтарды орыстандыру” деген ұлтшылдық принцип даңқын арттыру мақсатында жүргізілді” - деп В.И.Ленин Ресей империясының Сібір мен Қазақстанды қалай отарлағандығын шындыққа сай бағалаған болатын. Осылай жүргізілген саясат нәтижесінде 1917 жылға дейін Қоныстандыру Басқармасы қазақ халқы иелігінен 45 387 479 десятина жерді еркінен тыс алды. 1895 және 1915 жылдар аралығында Қазақстанның төрт Дала облыстары мен екі Оңтүстік облыстарында 1 97 803 қоныс аударушы шаруалар орналастырылды /301/. Переселендердің Ресейден келуі жылдан жылға ұлғая түскен еді. Қоныс аударушы орыс шаруалары арқылы өздеріне “мықты тірек” жасамақ болған патша әкімшілігі, оларға өмір сүруге қолайлы, су жүйелері жүргізілген жерлерден учаскелер дайындап беруге тырысты. Мұндай жерлерді жергілікті халықтың пайдалануынан алудың Оңтүстік Қазақстанда қалыптасқан жүйесі қазақтардың шаруашылығының күйзелуіне, кедейлер санының көбеюіне және олардың құқықсыздығының арта түсуіне алып келді.

Жетісу облысын қарастырып отырған кезеңді зерттеген В.А.Васильев: “Қоныс аудару саясатының мынадай салдары болды: 1. Өмір сүруге қолайлы жерлер су бастауларымен және қазақтар пайдаланып отырған жерлерімен қоса алынды; 2. Қазақ халқының мүдделерін толық елемеу жер мәселесі төңірегінде шиеленістер туғызды және көшіп-қону процесінің ежелден қалыптасқан дәстүрін бұзды; 3.Ертеден өмір сүріп келе жетқан территорияларынан бүтіндей бір ауылдар көшірілді, дайын су жүйелерін, қыстаулардағы құрылыстары бұзылды; 4. Өз еркімен келген қоныс аударушылар өлкеге көптеп келіп, өздері жер алуда еркін қимылдауына қоныс аудару мекеме қызметкерлері көздерін жұма қарады. Біраз уақыттан соң олар ресми түрде тіркелінді; 5. Жер бөліп беру жұмыстарында жерге орналастырудағы техникалық тәртіптер сақталмады. Нәтижесінде қазақтарға берілген жерлер орыс поселкелерімен араласып кетті де, бұл орыс деревнялары мен қазақ ауылдары арасында ұлттық шиеленісті туғызды. Қазақтарға жер бөліп беруде жерге орналастырушылар, халықтың пайдалануындағы жер түрлеріне көңіл бөлінбеді” /302/ - дейді.

Патша үкіметінің жоғарыда көрсетілген іс-шаралары нәтижесінде барлық қолайлы жерлер өлкеге кедей, азып тозған күйінде келіп, бай кулақа айналған орыс шаруалары мен қазақ байлары қоластына шоғырланды. Бұл жағдайлардың барлығы жер пайдалану ретінде теңсіздік туғызды. Жетісу облысындағы қазақтар мен орыстардың жер пайдалану ретінің орташа көлемі төмендегідей болды: /303/

4-кесте



Ұлттар

Бір шаруашылыққа тиесілі жер (десятина)




бөліп берілген жерлері

жалға алған жерлері

барлығы

қазақтар

7,0

0,7

7,7

Орыстар

20,0

3,3

23,5

Орташа есеппен бір шаруашылықта: /304/

5-кесте


Ұлттар

Адам-дар

саны


Жылқыға айнал-

дырғандағы мал саны



Егістік көлемі (десятина)

Шабындық жерлері

(десятина)












астық

жоңышқа




қазақтарда

5,44

15,34

1,88

0,31

2,20

орыстарда

7,34

9,98

7,44

0,33,

2,14

Зерттеушінің егін шыққан егістік алқабының көлеміне қарай шаруашылықтарды топтарға бөліп көрсеткен төмендегі кестесі де көп жағдайды аңғартады /305/. (келесі бетте).

Бұл мәліметтен орыс тұрғындарының ішінде ірі жер көлемін иелініп отырған шаруашылықтардың қазақтарға қарағанда көп екендігі, қазақтар өз шаруашылығында қоныс аударушы келімсектерге қарағанда аз ғана жер пайдаланғандығын анықтау қиын емес.

Түркістан өлкесінде халқының дені отырықшы тұрғындардан тұратын Самарқан, Ферғана, Закаспий облыстарында патша үкіметі отарлау саясатын сауда капиталы арқылы ауыл шаруашылығы шикізат өндіруші елге айналдыруын, әр түрлі салықтар салып, әкімшілік қанау арқылы жүргізсе, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқы орналасқан Жетісу және Сырдария облысын отарлау тұрғындардың жерін тартып алу түрінде жүрді.

Т.Рысқұлов мәліметіне қарағанда Түркістанның барлық территориясы, Хиуа және Бұқараны санамағанда,152,3 млн десятина жерге созылып жатты. Бұл территорияның 50%-і немесе 76,15 млн. десятинасы құмды жерлер, саз балшықты жерлері 35% немесе 52,31 млн. десятина болды /306/.

6-кесте


Топтар-

дың


Қазақтар

Орыстар


№№

1қожалыққа тиселі егістік көлемі (десятина)

қожалықтар-дың %-көрсеткіші

1қожалық-қа тиесілі егістік көлемі

барлық қожалық-

тар%-пен


тіркел-

гендері %-пен



І

ІІ

ІІІ



ІV

V



VІІ

VІІІ


ІX

X


0

1-ге дейін

1-3

3-5


5-7

7-10


10-15

15-20


20-30

30-жоғары




16,4

18,2


38,3

15,0


6,4

3,3


1,7

0,4


0,2

0,1


0

3-ке дейін

3-5

5-10


10-15

15-25


25-50

50-100


100-жоғары

27,7

12,3


9,8

20,0


12,6

11,8


4,8

0,6


0,1


4,8

11,9


11,6

27,4


19,0

27,5


7,1

0,6


0,1

Шаруашылық құндылығы жағынан 152 300 000 десятина жер былай бөлінді.



  1. Өңделген жерлері 3 286 331 дес.-2,35%

  2. Жайылымдық жерлер (таулы және далалы) 64000000 дес.-2,45%

  3. Орманды жерлер 6 000 000 дес. - 3,85%

  4. Жарамсыз кеңістік 79 000 000 дес.-51,4%

Бұл сандық көрсеткіштерден шаруашылыққа жарамды жерлер барлық жердің 48,6 процентін ғана құрағандығын көреміз.

1915 ж. ауыл шаруашылығы мақсатына өңделген 3,3 млн. десятина жердің 2 335 389 десятинасы немесе 78% қолмен суарылатын жерлер деп есептелінді /307/. Бұдан Түркістан экономикасының 3 / 4 суға байланысты екендігін көз жеткізуге болады.

1916 жылы Түркістанда құрылған 941 орыс поселкелері мен станицалары қарамағында 1 900 000 десятина жер немесе барлық өңделген жерлердің 57,6 проценті болды. Басқа сөзбен айтқанда Түркістанда өмір сүрген әрбір орыс нәсіліндегі адамға 3,17 десятина, ол жергілікті тұрғындар (өзбек, қазақ, тәжік, түркімен, ұйғыр, дүнген және т.б.) иелігіне 0,21 десятина өңделген жерден келді; яғни өз жерінде өмір сүрген халықтардың пайдалануындағы жері келімсектерге берілген жерден 15 есе кем болды. Осылайша өлкедегі халықтардың 94%-ін құрайтын жергілікті халық шаруашылыққа жарамды жерлердің 42,4%-ғана иеленді.

Мұндай қорытындыны Түркістанда жер мәселесін зерттеген Мырзағазы Есболұлы да жасаған. Оның есебі бойынша 1916 жылға дейін жергілікті тұрғындар қарамағынан алынған жер мөлшері мынадай болды:

“1. Жетісу облысында

а) казак-орыстарға 667 мың десятина

б) Қалаларға 3700 мың десятина

п) Ескілік келімсектерге 232 мың десятина

т) Жаңа келімсектерге 1277 мың десятина

ж) Қазынаға (мұның ішінде орманда бар) 1750 мың десятина.

Қазақ қырғыздан алынған жердің барлығы 3963 мың десятина. Бұл жердің ішінде казак-орыспен қара шекпенділердің егіндігі 1200 мың десятина. Мұнда казак-орыс пен қара шекпенділердің-600 дей қаласы бар.

2.Сырдария облысында

Ескілік, жаңа келімсектерге 607 мың дес.

Қалалар саны 260 қаласы бар

3.Ферғана облысында

Келімсектерге 75 мың десятина

Қалаларының саны 50 қаласы бар

4.Самарқан облысынан

Келімсектердің үш қаласы бар, жері 3500 десятина

5.Түркімен облысынан

Келімсектердің 28 қаласы бар. Жері 7000 десятина” /308/.

“Сонымен,- дейді М.Есболұлы,-Түркістанда казак-орыс келімсектер пайдасына 1900 мың десятина егістік жер алынып, мұнда олардың 950 қаласы орналасқан. Түркістанда ең көп егін шыққан жылда жалпы егістік шамасы 35000 десятинадан асқан емес. Ол жерден келімсектерге 1900 мың десятинасы алынған, жалпы келімсектердің саны жергілікті халықтар санына қарағанда жүзден 8-і ғана болды. Келімсектермен жергілікті халықтың пайдаланып отырған жерін салыстырып қарасақ, мынадай: келімсектердің жері жергілікті халықтардың жерінен 15 есе артық” /309/. Сондай-ақ, жоғарыда берілген көрсеткіштерден Ферғана, Самарқан, Түркімен облыстарынан алынған жерлер көлемі Оңтүстік Қазақстанға қарасты Жетісу және Сырдария облыстарынан алынған жерлерге қарағанда әлде қайда аз екендігі анық. Яғни, патша үкіметі бірінші кезекте көшпенді және жартылай көшпелі қазақ және қырғыз жерлерін тонады. Бұл туралы М.Есболұлы былай дейді: “Түркістанда патша үкіметі отар қылып, жергілікті халықтардың жер - суын алды, келімсектерді әкеліп орнатты дегенде, бұл жалпы Түркістанда емес абзалы Түркістанда қазақ қырғыздардың басындағы мәселе: Түркістанда жер мәселесі дегенде де сол қазақ-қырғыз жері турасындағы мәселе деп қарау керек”.

Оңтүстік Қазақстанда жерлердің ең құнарлысы, егін шаруашылығына қолайлысы отырықшы халықтар пайдасында еді. Алғашқыда, 1910 жылғы 19 желтоқсандағы заңға дейін, патша үкіметі бұл жерлердің қазақтарды қуып шығып, ашық түрде алудың ретін таба алмай жүрді. “Данышпан отаршылдардың іштері күйіп, көздері қызарып, ауыздарынан сулары ағып, қайткенде сол ана мақта, күріш, жеміс шығатын жерді қолға түсіреміз деген ауруға ұшырады. Отырықшылар қолынан қадірлі жерді алып, келімсектерге беру жолын қарастырды. Мына жер “үлкен ауылдың баласына лайық, сенің қолыңда қор болып отыр” дегендей бадырайтып ашық айта алмаса да, түрлі сылтаулар, себептер іздейтін күйге түсті”.

Переселен мекемелерінің түрлі желеу, сылтау, себептер, айла-шарғылар ойлап тауып іс жүзіне асыруы қазақ халқының шаруашылығына үлкен соққы болып тиді.

Қазақ жеріне қоныс аударып келген славян шаруаларының “бұл жерді игеріп, егін егетін егіншілер”, “үлкен ауылдың мәдениетін алып келушілер” деп таныстырылды. Алайда, патша үкіметінің қоныс аудару саясаты тың жерлерді игеріп, мәдениетін арттыру бағытында емес, керісінше, әу бастан, байырғы тұрғындар игеріп егін егіп, мал бағып, су жүйелерін жүргізіп, өңдеп отырған жерлерін келімсектерге тартып алып беру арқылы жүргізілді. Бұл жағдай халқымыздың егін және мал шаруашылығының дамуына кедергі болды.

Ендігі жерде Оңтүстік Қазақстан территориясында егін шаруашылығының дамуы келімсектер келгенге дейін қалай жүрді және патша үкіметінің қоныс аудару саясаты негізінде қалай өзгерді соған көңіл аударып көрейік.

Қазақ халқының тарихында егіншілік мәдениеті салыстырмалы түрде кеш көрініс тапты. Қазақстанда егін шаруашылығының едәуір дамуы XІX ғасырдың орта тұсына сай келеді. Еліміздің әр түрлі аймақтарында бұл даму өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Қазақстанның басқа бөліктеріне қарағанда біз зерттеп отырған Оңтүстік Қазақстанда егіншілік мәдениетімен өте ертеден-ақ айналысып келді. Деректерге қарағанда бұған себепші болған біріншіден, жерінің құнарлылығы, суының молдығы болса, екіншіден, ежелгі заманнан егін шаруашылығымен айналысатын өзбек халқының көрші орналасуы еді /310/.

XІX ғасыр басында Оңтүстік Қазақстанда егіншілік Сырдария, Қуаңдария, Жаңадария, Арыс , Шаян, Келес, Сарысу, Талас, Шу, өзендері бойында, Алатау, Қаратау, бөктерінде дамыды. М.Поспеловтың мәліметіне қарағанда мұнда “астық өсіру кең өрістеген, ал Түркістан маңындағы қазақтар егін және мал шаруашылықтарымен қатар айналысқан” /311/. 1820 жылы Қазақстан даласында болған Е.Миддендорф Қуаңдария, Жаңадария, Арал теңізі бойында егін мәдениетінің жақсы дамығандығын дәлелдейді /312/.

Оңтүстік Қазақстанда оның ішінде, әсіресе Сырдария облысының көптеген жерлері қолмен суарылды. Бұл территорияда қазақ, өзбек, қарақалпақ және т.б. ұлт өкілдері қолмен суару, ирригациялық жүйелерді ұлғайту және осы процестердің неғұрлым жетілдірілген түрлерін жақсы меңгерді /313/. 1891-1892 жылдары Қазалы уезінде ұзындығы 1300 шақырымға жететін екі жүзге жуық үлкен каналдар болды, олардан басқа мүлдем есепке алынбаған көпеген ұсақ арықтар тарады. Шымкент уезінде жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асатын 239 арық, ал Перовск уезінде 208 бас арықтардан басқа - 124 ұсақ арықтар бар еді. Олардың жалпы ұзындығы 1625 шақырымға дейін жетіп, аумағы 12692 десятина жерді суландырды /314/.

90-жылдары Шымкент ауданы тұрғындары көшпелі тұрмыстан отырықшы тұрмысқа өту дәуірінде өмір сүрді және де бұл процесс үздіксіз жүріп жатты. Уезд суландырылған жер көлемі жағынан өлкеде бірінші орында тұрды. Шымкенттен Шығысқа қарай Талас, Шу, Сарысу және Іле алқаптарында бұл көрініс біртіндеп өзгере берді. Мұнда тұрғындардың мекендері сиректеу орналасып, қазақ егіншілігі шағын оазистер түрінде көрініс тапты. Бірақ жергілікті халықтың айтуына қарағанда бұл жердегі қазақтар өте ертеден-ақ-200-300 жыл бұрын егін шаруашылығымен айналыса бастаған болатын. “Қазіргі қариялардың ата-бабалары, - деп жазды 1900 жылы өлкені зерттеуші А.Чермак, - мұнда егіншілікпен шұғылданды” /315/.

Оңтүстік Қазақстан территориясында тары, бидай, арпа және сұлы мен бірге бақша дақылдары - пияз, атбұршақ, капуста, күріш, күнжіт, жүгері, бұршақ және мақта өсірілді. Мал азығына арналған дақылдардан беде және жоңышқа егілді.

Егін шаруашылығының одан әрі дамуына орыс шаруаларының және егін мәдениетімен ертеден айналысатын дүнгендер мен ұйғырлардың өлкеге қоныс аударуы әсер етті. Орыс шаруаларының келуімен қазақтардың қолмен суаруды қажет етпейтін жерлерде егін салу тәжірибесін игерумен қатар, егін дақылдары түрлері байып, көлемі ұлғайды. Орыс шаруалары өз кезегінде жергілікті халықтан қолмен суғару техникасын меңгерді, бақша дақылдарын олар да өсіре бастады. Бірақ қол еңбегін өте көп керек ететін мақта өсірумен тек жергілікті халық қана шұғылдана берді. ХХ ғасырда қазақ қоғамында егіншілік тек салыстырмалы түрде ғана дамыды. Егін шаруашылығының кең түрде етек алуына патша үкіметінің жүргізген отарлық саясаты кедергі болды. Өлкедегі құнарлы, суы мол жерлер “излишки”, “жер нормасы” сияқты отаршыл күштердің ойлап тапқан әдістері арқылы переселен шаруаларға тартып алынып берілді де, жергілікті халық тұзды, сор, шөлейт, тау-тасты жерлерге ығыстырылды. Бұл жағдай қазақ егіншілігінің дамуына үлкен нұқсан келтірді. “Орыс қоныс аударушылары,- деп атап көрсетті жерге орналастыру және Егіншілік Басқармасының бастығы Крившеин,- бай мұсылман халықтарының арасында “кедейленген, жүдеген қожайын” болып өмір сүре алмайды. Қоныс аударушылардың тұрақтары жергілікті мекендерден кедей емес, керісінше байырақ болуы керек” /316/. Өздеріне өлкеде орыс келімсектері арқылы күшті тірек жасамақ болған патша үкіметі, жергілікті халық есебінен переселендердің жағдайын жақсартуға тырысты.

Орыс келімсектерінің Қазақстанды және Сібірді XVІІІ-ХХ ғасырдың басында игеруі жайлы кеңес дәуірінде көптеген еңбектер жазылған. Алайда, сол кезде өмір сүрген тәртіп патша үкіметінің отарлық саясатының реакциялық сипатын жасыру, объективті тарихи фактілердің бұрмалануына алып келді. Солардың бірі - Ресей империясының өлкеміздің ең құнарлы жерлерін тонауының қазақтардың егін шаруашылығының дамуына тигізген кері әсерін көрсетпеуге тырысу еді. Бұл мәселені дәлелдеу үшін ең алдымен XІX ғасырдың соңында Түркістан өлкесін мекендеген халықтардың ауыл шаруашылығында шұғылданған кәсібіне көңіл аударайық. Бұл туралы сенатор К.Пален өзінің осында жүргізген тексеру жұмыстары жайлы есебінде төмендегі кестеде көрсетілгендей мәлімет береді /317/. (келесі бетте)

Кестеден көріп отырғанымыздай, орыстардың Жетісу облысында 55,34% Сырдария облысында 84,04% ауыл шаруашлығынан қол үзгендер болды. Бұлар қала жұмысшылары және үкімет шенеуніктері мен көпестер еді.

Жетісу облысындағы өзбектердің 80% жуығы және Сырдария облысының қазақ аудандарындағы өзбектердің 41% ауыл шаруашылығымен шұғылданбады. Бұлардың белгілі бір тобы көпестер және майда саудагерлер болса, екінші бір тобы, әсіресе Сырдария облысындағы, қол өнершілер болды. Сол сияқты дүнгендердің 50% және ұйғырлардың 31% ауыл шаруашылығынан қол үзіп өмір сүрді.

Екі облыста да басқа топтағыларға қарағанда ауыл шаруашылығымен көбірек айналысқандар қазақтар мен қырғыздар болды.

1897 жыл. Тұрғындардың ауыл шаруашылық түріне байланысты бөлінуі (процентпен)

7-кесте


Ұлттары

Жетісу облысы

Сырдария облысы




Егін шаруашы-лығында

Мал шаруашы-лығында

Басқа кәсіптегі-лер

Егін шаруашы-лығында

Мал шаруашы-лығында

Басқа кәсіпте-гілер

Қазақтар

мен қырғыз- дар


41,14

54,23

4,63

45,48

46,97

7,55


Ұйғыр-лар

68,53

0,81

30,66

-

-

-


Дүнген-дер

46,90

0,58

52,52

-

-

-


Қазақ уез

деріндегі өзбектер



19,3


1,20


79,47


57,55


1,62


40,83


Ташкент уезіндегі өзбектер

-


-


-


69,04


1,72


29,24


Орыстар

44,26

0,40

55,34

15,84

0,12

84,04

Сенатор К.Паленнің “Ревизиясында” Сырдария облысында 1908 жылға бүкіл егістік көлемі берілген. Сол мәліметке қарағанда барлық уездердегі қазақтар (Ташкент уезін қоса алғанда) 355462 десятина жерге егін салған, бұл көрсеткіш бүкіл егіс алқабының 51,3%-ін құрады. Қалған алқаптың 43,4%-інде отырықшылар (өзбектер, қарақалпақтар) және 5,3%-інде орыстар егін екті /318/. Бұл мәліметтен орыс қоныс аударушыларының егістік көлемінің ұлғаюын әсерінің елеулі емес екендігін көруге болады.

Көрсетілген шаруалардың негізгі үш категориялары арасында кейінгі жылдары егістік алқабында қандай өзгерістер болғандығын көру үшін 1906-1915 жылдардағы егістік көлемі көрсеткіштерін салыстырып көрейік.
Сырдария облысының қазақ уездерінде күздік және жаздық бидай мен картоп егістігі /319/ (десятинамен).

8-кесте

Ұлты


1906 жыл

1915 жыл

Егістіктің өсуі (%-пен)




барлығы

нәтижесін-де %-пен

барлығы

нәтижесі-не %-пен




Қазақтар

261272

73,4

186800

38,4

71,5

“Отырықшы бұратана-лар”

71129


20,0


198396


40,8


278,9


Орыс шаруалары

23736

6,6

100909

20,8

425,1


Нәтижесінде

356137

100,0

486105

100,0

138,5

Кестеден жалпы Сырдария облысы бойынша тоғыз жыл ішінде егістіктің 135,5%-ке артқанын, бірақ облыстың негізгі жергілікті тұрғыны қазақтардың егістік алқабы 28,8%-ке кемігендігін байқау қиын емес. 1915 жылы қазақтардың егіс көлемінің мұнша азайғанын 1910 жылы 19-желтоқсандағы Түркістан өлкесін басқару ережесінің 270-бабына енгізілген қосымша әсер еткен еді. Бұл заң негізінде жергілікті жерлердегі патша шенеуніктеріне қазақ жерлерін ашық тонауына мүмкіндік берілді. Бірақ осы заң бойынша отырықшы жергілікті ұлттардың жерін алуға рұқсат етілмеді. Демек патша қаһарына тек көшпенді қазақтар ғана ілінді. Есесіне, кестеде көрсетілгендей, орыс шаруаларының жыртылмалы егіс көлемі өсіп отырды.

Қоныс аударушы шаруалардың егістік жерлерінің өсуіне біріншіден, көшпелілерден тартып алынған кең алқаптарды пайдалануы, екіншіден, қазақтардан жерлерді ұтымды түрде жалға алуы себептігін тигізді.

Алайда, бұл өсім шаруашылықты тағылық тәсілде экстенсивті жүргізілуі нәтижесінде жүзеге асты: жерді тыңайту үшін бірнеше жылға өңдемей тастап қою жүйесі үстемдік етті. Жерді тыңайту үшін әдетте 6-10 жылға тастап қойды да, ал бұл кезде жаңа жерлерді игеретін болды. Егістікке тыңайтқыштар қолданылмады. Профессор А.А.Кауфман бұл жайында мынадай мәлімет береді: “Земледелия у крестьян, основывается исключительно на использование естественного плодородия почвы... господствующим же типом земледельческого хозяйства у крестьян является залежное хозяйство с преводом залежности, вдвое меньше против периода оброботки под хлеба. Весьма любопытно при этом, что крестьяне, в виде общего правила, не только не расширили культурной площади на отведенных им наделенных землях, но наоборот-запустили некоторые такие площади, которые ранее обрабатывались киргизами” /320/.

Бұл сипаттама 1903 жылы берілді, бірақ кейінгі жылдары да орыс шаруаларының жерге қатынасы өзгеріссіз қала берді. 1906 жылы Шымкентте және 1908 жылы Әулиеатада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесі жоғарыда берілген мәліметті дәлелдей түседі: тыңайтқыштардың қолданылмауы, тыңайту үшін жерлердің бірнеше жылға тастап қойылуы, жерді тағылық тәсілмен өңдеу, ешкімнің рұқсатынсыз қазақтардың су жүйелерін тартып алып қою және бұл жерлерде тек қана еңбекті аз қажет ететін астық егу үстемдік етті /321/.

Ал енді Жетісу облысын қарастыратын болсақ, бұл жерден де сондай көрініспен танысуға болады.

Төменде келтірілген кестеден қазақтардың егін шаруашылығының дамуын ғана емес, сонымен бірге бұл дамуға кедергі болған себептерді де көреміз. Кестеде көрсетілгендей Жаркент уезінде егіншілік тез қарқынмен дамыды, себебі патша жарлығы бойынша 1883 жылдан кейін бұл жерден бірде-бір десятина жер алынбаған еді.Ал Верный уезіндегі қазақтардың егін шаруашылығы өте төмен қарқынмен дамыды. Өйткені, мұндағы барлық жер көлемінің 25%-ін әкімшілік казак станицаларына, орыс шаруалары поселкелері иелігіне және басқа да қажеттіліктері үшін алып қойған болатын.

Жетісу облысы қазақтарының егін шаруашылығының дамуы: /322/

9-кесте

Уездер

Тартып алынған жер

Жалпы жер көлемінде тартып

Қазақтардың астық егістіктері (шертпек)

Егістіктің өсуі (%)




(мың десятина)

алынған жердің үлесі (%)

1877 жылы

1882 жылы

1900 жылы

1877 жылы

1882 жылы

Верный

Қапал және

Лепсі

Жаркент


Қорытынды


1008,2
584,0

376,7*

1959,9


25,4
5,1

11,1


13968
22689

-

36657



34615
1600

716


52231

38044
3187

8204


78535

279,6
174,1
214,2

112,1
210,0
150,3


*1882-1883ж. Құлжадан келген ұйғырлар мен дүнгендерге арнап алынған жерлер.

Жоғарыда көрсетілген кестеден қазақтардан жер қанша көп алынған сайын, олардың егін шаруашылығы соншалықты баяу дамығандығын байқау қиын емес. Осылайша, Жетісу облысында да Сырдария облысындағы сияқты орыс шаруаларының егістік алқабының өсуі көшпенді қазақтардың иелігінен ең құнарлы жерлерді тонау жолымен жүргендігін көреміз. ХХ ғасырда бұл процесс одан әрі қарай тереңдей түсті.

Қорыта айтатын болсақ, Столыпин реформасын дәріптеушілерінің қоныс аудару саясатын қолдай отырып, переселен шаруалар Қазақстан үшін егіншілік мәдениетінің “мектебі” және “ордасы” болды деп мәлімдеуі іс жүзінде қазақ халқының табиғи экономикалық дамуына үлкен нұқсан келтірген болатын. Жетісу облысына алғашқылар болып келген казак-орыстар да, әкімшілік егін мәдениетін дамытады деп сенген орыс шаруалары да өлкеге айтарлықтай жаңалық алып келе алмады. Казактар 1906 жылы өздеріне берілген жердің тек 7-ден 15%-іне дейінгі бөлігін ғана игеріп, қалған жерлерді шаруашылық жағынан пайдаланбады немесе қазақтарға жалға беріп, өз кезегінде қанап отырды. Ал енді орыс шаруаларына келсек, оларда, казак-орыстардан ұзап кете алмады: ХХ ғасырдың басында ұйғырлар мен дүнгендер әрбір десятина жерден орта есеппен 75 сом 40 тиын және 76 сом 40 тиыннан пайда түсіріп жатқанда, орыс шаруаларының пайдасы әрбір десятинадан 19 сом 29 тиыннан аспады /323/. Бұл облыстағы келімсектер де жерді тағылық тәсілмен өңдеп әбден тоздырып жіберді. Бұл туралы К.Пален былай деп жазды: “Обработка земли на крестьянских наделах самая первобытная. Пашут на глубину 2-4 вершков, по одному разу, больше с весны. Удобрение не принимаются. Урожай, превоначально доходившая до 150-200 пудов с десятины, понизились в ностоящее время на отведенных крестьянам землях до 30-60 пудов” /324/. Дәл осы жағдай келімсектердің қазақ жерлеріне қарай арандарын кеңірек аша берулеріне себепші болды. Барлық берілген фактілер мен сандық көрсеткіштер Ресей империясының Түркістандағы “өркениеттілік” рөлін айқындауға мүмкіндік береді.

Г.Сафаров орыс шаруаларының өлкеге алып келген “мәдениеті” туралы былай дейді: “Было бы ошибкой думать, что русский переселенец принес в Туркестан более выокую земледельческую культуру. Ничего подобного! Он явился сюда как хищник, стал эксплоатировать все, что у него лежало под рукой” /325/.

Ал енді, мал шаруашылығына патша үкіметінің отарлық саясаты қалай әсер етті деген сұраққа жауап беруге тырысайық.

1882 жылы қазақтарда 2834 мың бас мал бар еді. Он үш жылдан кейін-1895 жылы мал басы 3181 мыңға жетті. Мал басының өсімі 112,2 процентті құрады. Бірақ, 1895 жылдан бастап қазақтардың мал шаруашылығының дамуы кері қарай кетті, есесіне отырықшы шаруалардың мал басы саны тез өсті. Мұны төмендегі кестеден көруге болады.

XІХ ғасыр соңында Жетісу облысындағы мал шаруашылығы /326/.

10-кесте






Мал, мың бас есебімен

1902 ж. әрбір

Ұлттар

1895 ж.

1900 ж.

1902 ж.

100 тұрғынға







барлы-

ғы


1895

ж-ға %


бар-лығы

1895

ж-ға %


егістік, дес.

Мал, бас

Қазақтарда

Дүнгендер

мен

Ұйғырларда


Орыс шаруа-

ларында


Казактарда

Барлығы


3181,0

51,8


45,1

63,2


3342,1

1312,0

87,5


76,4

75,2


1551,1

41,2

168,9


169,4

118,0


46,4

3048,9

106,9


84,2

74,2


3314,2


95,8

213,7


186,6

117,4


99,2

20,0

56,0


93,4

86,6


80,7

597,8

177,4


314,3

184,6


520,2

Бұл мәліметті егіншіліктің дамуы туралы мәліметпен салыстырсақ, қазақтардың мал шаруашылығы біріншіден мал-егін шаруашылығы болып қайта құрылып жатқандығын көреміз. Егін шаруашылығы мал шаруашылығына қарағанда, өте тез дамып жатты. Көшпелі мал шаруашылығы күрделі дағдарысқа ұшырай бастады. Жер алқабын алып қою, көшіп қонудың дәстүрлі жолдарының бұзылуы, мал бас санының өсуін тежеді. Мәселен, осы кезеңде Сырдария облысының Ташкент уезі бастығының берген мәліметіне қарағанда, малға азық жетіспеуіне байланысты, малдардың індетке ұшырауы көбейіп кеткен. Жаусағым, Болат, Алтын болыстықтарында (біріңғай қазақтар тұратын мекендерде) ірі қара мал (сиыр, жылқы, түйе) өлген. Ал 1900 ж. 1-қаңтардан 1 ақпанға дейінгі бір ай уақыт ішінде Ташкент уезінде: 338 түйе, 125 жылқы, 763 сиыр, 6506 қой, 644 ешкі өлген. Уездің тек қана үш бөлімшесінде 15-ақпаннан 29 ақпан аралығында азықтың жетіспеуінен қазақтар 3172 қойдан, 232 түйеден, 494 жылқыдан, 248 сиырдан, 282 ешкіден айырылған /327/. Егіншілікке өту осы дағдарыстан шығу жолы болды. Мысалы, Ташкент уезі Болат болыстығының Темірші ауылының 53 қожалығы дағдарыстан құтылу үшін Тойтөбе болыстықтарындағы отырықшы қоныстарға келіп қосылған /328/.

Мұнымен бір қатарда отырықшы шаруалардың мал шаруашылығында маңызды алға басушылықтар болды. Егер біз зерттеп отырған уақытта қазақтардың ауыл шаруашылығында егіншілікке көбірек ойысуы байқалса, орыс шаруалары, ұйғырлар мен дүнгендер мал шаруашылығымен көбірек айналыса бастады.

ХХ ғасыр басында Жетісу облысында мал шаруашылығының дамуын (Қырғыз уездерін санамағанда) төмендегі кестеден көреміз: /329/

11-кесте

Зерт-телген

Мал, мың бас есебімен




жыл-дары

қазақтарда

ұйғырлар мен дүнгендерде

орыс шаруала-рында

казактарда

Қоры-тынды




бар-

лығы


өсімі%

бар-

лығы


өсімі%

бар-

лығы


өсімі,%

бар-

лығы


өсімі,%

бар-

лығы


өсімі,%

1901

1904


1907

1910


1913

3048,9

3164,0


3510,4

3881,5


9895,7

100,0

103,8


115,1

127,3


127,8

106,9

130,5


171,9

188,5


191,9

100,0

122,1


160,8

176,4


179,5


84,2

86,6


88,1

106,2


181,7

100,0

102,9


104,6

126,1


215,8

74,2

76,5


97,1

108,5


133,3


100,0

104,0


130,9

146,2


179,7

3314,2

3457,6


3867,5

4284,6


4402,6

100,0

104,4


116,7

129,3


132,1

Мал шаруашылығының өсу қарқыны жағынан қазақтар ең соңғы орында тұрды. Қалған үш котегориядағы отырықшы шаруаларының мал басы тез өсті.

1913 жыл. Жетісу облысында әрбір 100 тұрғынға тиселі егістік пен мал басы саны: /330/

12-кесте



Мекендердің түрлері

Егістігі,

десятинамен



Мал басы

саны


Қазақ болыстықтарындағы

Ұйғыр мен дүнген елді мекендеріндегі

Орыс шаруалары поселкелеріндегі

Казак станицаларындағы




34,6

64,0


97,6

109,5



681,0

271,0


190,9

218,9



Орта есеппен

50,5

551,1

Кестеде берілген мәліметтерден ауыл шаруашылығындағы қазақтардың көшпелі мал шаруашылығынан егін шаруашылығына ауысқанын дәлелдейді. Бұл процесс Сырдария облысында да байқалды.

1909 жылы ішкі істер министрлігіне, қазақтардың дәстүрлі көші-қон жерлеріне переселен поселкелерін орналастыру арқылы қазақтардың мал шаруашылығына үлкен зардап келтіргендігін суреттейтін ресми хат түсті. Онда хат авторлары Ташкент-Верный бағытындағы қазақ шаруашылығындағы өзгерістерге тоқталған: “Бұл бағыттың басты және басым бөлігі Талас Алатауы бойынан солтүстікке қарай өтеді. Осы бағыт, тарихи сауда жолы бола отырып сонымен бірге мұндағы көшпенділер өмірінде де маңызды орын болып саналады. Одан солтүстікке қарай Шуға дейін көшпенділер үшін мал бағатын, керемет көктеу қызметін атқаратын далалы жерлер созылып жатыр. Жаздың күні, мұндағы шөптер қураған кезде көшпенділер малдарын оңтүстікке қарай айдады. Бара-бара Талас Алатауыны жақындай түсетін, кейін жоғарыға көтеріліп, онда, біріншіден табиғи сулармен суарылған шабындықтарға келіп мал жайды, екіншіден, малдарын және мал шаруашылығы заттарын сатуға өте қажетті сауда орталығына тап болатын.

Бұдан соң олар малдарын Оңтүстікке тереңірек айдай түседі. Оның арасында қазақтар тау маңындағы шабындықтардан шөп орып алатын және суландырылған жерлерде егін егетін. Мұнан соң, олар үшін тауға ішкерірек кіріп, тек мал бағумен айналысатын кезең туады. Ал тамыз айында олар малдарын тағы да тау маңайында бағады. Малдары қайта көтерілген шөппен қоректеніп жатқанда, қазақтар төменірек түсіп шөп жинаумен айналысты. Бұдан кейін солтүстікке қарай жылжи отырып, күзде олар күздік жаңбырдан соң қайта жанданған далада малдарын бағып көшетін болды. Қыста тауға тағы да жақын орналасып, сонда қыстады. Бүгінгі күні келмеске кеткен көшпенділердің барлық жақсы тұрмысы осылай құрылған еді. Ташкент-Верный бағытында орыс поселкелерінің пайда болуы, қазақтарға өте қажетті тау мен дала арасындағы жерлерінен айырылуына алып келді. Мұнда олардың қыстауларының басым бөлігі, жыртылмалы егістігі , шабындығы және мал базары бар еді. Қазіргі жағдайда, енді, қыстауларды оңтүстікте тауға ішкерірек кіріп немесе далаға кетіп қалуға, шабындықтарды далалы жерлерден іздеуге, егін егу үшін батпақты және қамыс, тікенекті жерлерді жыртуға тура келіп отыр. Себебі, ең жақсы жерлер орыс шаруаларына берілген.

Мал шаруашылығына үлкен соққы берілді және одан айығуы мүмкін емес шығар, себебі жаңа соққылар да үстін-үстін беріліп жатыр” /331/.

Бұл хаттан көшпелі мал шаруашылығының күйзелуіне алып келген жағдай - империялық Ресейдің қоныс аудару саясаты екендігін анық көрсетеді.

Кезінде Г.Тоғжанов “Қазақтың отарлы ауылы” атты еңбегінде қазақтардың көшіп-қонып жүріп мал бағуын олардың “мәдениетсіздігінен” деп түсіндіруге тырысқан ұлы-державалық концепцияға тойтарыс бере отырып, мынадай тұжырым жасайды: “... далалы өлкеде мал шаруашылығын басқа жолмен жүргізу мүмкін емес, олардың көшіп қонуы бір қатар экономикалық және табиғи жағдайларға негізделінген” /332/.

Патша үкіметі көшіп жүріп мал бағудың қандай маңызы бар екендігін көрмеді және қайткен күнде өлкені отарлау үшін, көргісі де келмеді. Көшіп жүріп мал бағудың маңызы туралы 1911 жылы әйгілі “Айқап” журналында жарияланған мақалалардың бірінде былай делінді: “...1901 жылы 27-қыркүйекте Петербургте болған “Антропологическое обществоның” бір мәжілісінде көшпелілік жайын жақсы білетұғын Клеменц деген ғалым айтқан: “Бұл күнгі егін салып, қала болған халықтар бұрынғы мал өсіру кәсібін міндеті қылуымен тастамаған һәм міндетті болудың жөні-жоқ еді. Қазіргі Еуропада мысалы, мәдени Швейцарияда сүттеп шай, ірімшік алу үшін мал өсіріп, көшушілер бар. Жаңадан ғана Норвегияда қой етінің бағасы көтерілуі себепті егін салу көшіп жүріп, қойды ащы жерге бағып өсіру мәслихат көрілген. Қазақ жері егінге жарамсыздығын, мал өсіруге ғана лайық екендігін профессор Виннер қазақ тұрмысынан ашына хаттар жазған һәм жазбақ та. Қазақ мал баққан халық, қазіргі бағып отырған малына лайық жер қалдырмай тастауын ақылға сыйдыруға болмайды. Халықтың ғұмыры 20-30 жылда ғана емес, дүние тұрғанша тұруда үміт бар. Соның үшін түбін ойлағанда қазіргі тұрмыстың неше ғасырлардан бері бекіп қалған негізін бұзбасқа керек” /333/.

Ия, бұл жалғыз-жарым пікір емес. Мұндай пікірді қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығын жан-жақты әрі терең зерттеген, Швецов, Рыбников, Сириус сияқты ғалымдар қолдаған.

Өкінішке орай, біздің ғасырымыздың алғашқы жылдарында жүргізген патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты және 20- жылдардың соңында басталған большевиктердің төтенше аграрлық реформасы қазақ шаруашылығының болмысын да, сипатын да және мазмұнын да түбірінен өзгертіп жіберді.

Ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи дамуды күйретуді патша өкіметі бастап, Кеңес өкіметі аяқтады.

XІX ғасыр 70-жылдарынан бастап, Оңтүстік Қазақстанда жүргізген қоныс аудару саясаты, яғни қазақ жерлерінің ең құнарлы және көлемді бөлігін қоныс аудару қорына тартып алып, онда ішкі Ресейден келген орыс мұжықтарын орналастыруы өлкеміздің демографиялық ахуалына үлкен әсер етті. Нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан территориясын мекендеген тұрғындардың ұлттық құрамы өзгеріп, қазақ ұлтының үлес салмағы мен табиғи өсімі төмендей бастады. Бұл жағдайға Қазақстан және Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивтерінде сақталған 1867 жылы құрылған Түркістан генерал-губернаторына қарасты Жетісу және Сырдария облыстары әкімшіліктерінің қоныс аудару басқармаларының жылдық есептерінен, статистикалық және облыстық шолулардан, сол уақыттардағы жеке зерттеушілердің еңбектерінен көз жеткізуге болады. Осы арада бір айта кететін жай, жергілікті әкімшілік сырттан келіп қоныстанушы еуропалық нәсілдердің нақты саны, олардың жылдық өсімі, орналасуы туралы мәліметтердің анықтығын қадағалап отырғанымен, жергілікті тұрғын-көшпелі қазақтар арасында тууы және өлімі жайлы тіркеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, қазақтардың саны және өсімі шамамен алынды /334/.

Алайда, тіпті анық жүргізілмеген статистиканың өзі қазақ халқының табиғи өсімі келімсектерге қарағанда төмен екендігін дәлелдейді.Бұл жағдайға себеп, сол уақыттардағы ресми деректердің өзінде көрсеткендей, Ресей империясының отарлауы салдарынан қазақ халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының нашарлауы еді.

Облыстық шолулармен 1897 жылғы империя көлемінде жүргізілген алғашқы халық санағы материалдарына қарағанда Жетісу облысында 1870 жылы барлығы 392593 жан, 1897 жылы-515006 қазақ тұрған. 1914 жылы 609910 қазақ өмір сүріп, олардың жылдық табиғи өсімі 1%-ті құраған. Ал Сырдария облысында 1870 ж.-481914, 1897 ж.- 893361, 1914 ж. - 1058005 қазақ өмір сүріп, жылдық өсімі 0,9%-ке тең болады. Дәл осы уақыт аралықтарында өлкемізге сырттан келген келімсектердің саны қазақтарға қарағанда тез өсіп отырды. Өлкеміздің алғашқы отарлаушылары болған патша үкіметінің әскери тірегі казак-орыстар 1848 жылдан бастап, Жетісу облысына қоныстана бастаған еді. Олардың жылдық табиғи өсімі 1,8%-ке тең болып /335/, 1870 жылы Жетісу облысында 17111 казак-орыс өмір сүрсе, 1897 жылы - 33757, 1914 ж.-64350-ге жетті. Қазақ орыс отарлаушылары Сырдария облысында тек әскери бекіністерде ғана өмір сүріп, олардың үлес салмағы 0,33%-ін ғана құрады.

Оңтүстік Қазақстанда шеттен келген орыс емес қоныс аударушылардың денін Жетісу облысында 1881-1886 жылдар аралығында 1881 жылғы 12-ақпандағы Петербург келісіміне сәйкес Қытайдан келген ұйғырлар мен дүнгендер құрады. 1897 жылғы халық санағы материалдарында Жетісу облысына 55999 ұйғыр және 14130 дүнген тіркелген. Жетісу облысының статистикалық комитеттерінің деректері бойынша 1907 ж. облыста 74660 ұйғыр, 20032 дүнген өмір сүрген /336/. 10 жылда ұйғырлар 7466, дүнгендер - 5902 адамға көбейген. Осы көрсеткіштерден ұйғырлардың жылдық өсімін 746 адам, дүнгендерді 590 адам деп алсақ, 1914 жылы облыста 68687 ұйғыр, 24162 дүнген өмір сүрген деуге болады. Белгілі тарихшы П.Галузоның мәліметіне қарағанда ұйғырлар мен дүнгендер ХІX ғасырдың соңында 673,6%-ке өссе, ХХ ғасырдың басында 77,1%-ке өскен /337/. Ұйғыр және дүнген қоныс аударушы өлкеге тек бір уақытта ғана келді де кейінгі уақыттарда олар тек табиғи жағынан ғана өсіп отырды.

1882-1883 жылдары Сырдария облысына өзбек халқы өкілдері қоныс аударды. Е.Смирновтың мәліметіне қарағанда 1866 жылы облыстың солтүстік уездерінде - Шымкент және Әулиеатада, 19000 өзбек өмір сүрсе, 1885 жылы олардың саны 48500 адамға жетіп, 17 жыл ішінде екі жарым еседей көбейген /338/. 1897 жылы облыстың 5 қазақ уездерінде 63677 өзбек тіркелген. Дәл осы уақытта осы уездерде өзбектерден басқа 7863 азиялық ұлттағылар өмір сүрді /339/.

XІX ғасырдың 70-жылдары Ресей әкімшілігі Түркістан өлкесін отарлауда ішкі Ресейдің “басы артық” шаруаларын қоныс аударту тиімді деп санап, мұнда орыс, украин, беларусь шаруаларын көптеп қоныстандыра бастады. Өлкеге Еуропалық шаруалармен бірге, көпестер, шенеуніктер және қала еңбекшілері де қоныс аударып, тез өсіп отырды. 1870 жылы славян ұлтындағылар Жетісу облысында 28033 адам /340/, Сырдария облысында 340 адам болса /341/ 1897 жылғы есепте 71962 жан қоныс аударушылар Жетісу облысына, 21033 жан Сырдария облысына тіркелді. 27 жыл ішінде Жетісу облысындағы келімсектер 156%-ке, ал Сырдария облысында 484% өскен. Патша үкіметі бұл процесті ХХ ғасырдың басында одан әрі тереңдете түсті. 1902 жылы қоныс аударушы еуропалық нәсілдегі шаруалардың саны Жетісу облысында 83208 жанға, 1914 жылы 180989-ға жетіп, 12 жыл ішінде 117,5% өсті. Ал Сырдария облысында 1906 ж. 37627 қоныс аударушы шаруалар болса, 1913 жылы 7 жыл ішінде 102,2%-ке өсіп, олардың саны 76875 жанға жеткен. Қоныс аударушы орыс, украин, беларусь шаруаларының Оңтүстік Қазақстан облыстарында жылдық табиғи өсімі 2,1%-ке тең болды /342/.

Өлкеде тұрғындар санының артуы Оңтүстік Қазақстанда халықтардың орналасу тығыздығына үлкен әсер етті. Жетісу облысында 1870 ж. әрбір шаршы километрге 1,9 адамнан тура келсе, 1914 жылы 4,4 адамнан келді. Ал Сырдария облысында бұл көрсеткіш 1870 ж.-2,2-ге, 1914 жылы - 3,7-ге тең болды.

Осылайша, патша үкіметінің өлкемізде жүргізген қоныстандыру саясаты нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының саны XІX ғасыр соңы - ХХ ғасырдың басынды үлкен қарқынмен өсті. 1870 жылы Жетісу облысында 42096 адам өмір сүрсе, 1914 жылы 973589 жанға жеткен, ал Сырдария облысында 1870 жылы - 379573 адам, 1914 жылы-1166116 адам өмір сүрді. Жоғарыда көргеніміздей шеттен келгендердің үлес салмағы, жылдық табиғи өсімі осы жылдары қазақтарға қарағанда тез өсіп отырған. Ал қазақтардың үлес салмағы 1897 жылы Жетісу облысында 80,4% болса, 1914 жылы - 60,5% болып 19,9%-ке төмендеді. Сырдария облысында 1897 жылы қазақтардың үлес салмағы жалпы халықтың 64,4%-ін құраса, 1914 жылы 2,1%-ке кеміп, 62,3% болды.

Қазақстан мен Қырғызстандағы демографиялық ахуалды зерттеген Н.Е.Бекмаханованың дерегіне қарағанда 1897-1917 жылдар аралығында орыс халқы 539,7 мыңнан 1439,1 мыңға дейін өскен, ал үлес салмағы 1897 жылы осы аймақта өмір сүретін халықтардың 10,94%-ін құраған болса, 1917 жылы бұл сандық көрсеткіш 18,91%-құрады /343/.

Осылайша, орыс халқы 1917 жылы Қазақстан мен Қырғызстанның жалпы тұрғындарының 1/5 бөлігін құрады. Ал біз зерттеп отырған Жетісу облысында орыстар 7,49%-тен 19,41%-ке дейін, Сырдария облысында 2,55%-тен 6,56%-ке дейін өсті. Дәл осы уақытта Ресейден қоныс аударып келген украин ұлтындағылар Жетісуда жалпы тұрғындардың 2,35% құрады. Ал Сырдария облысында 16,2 мың украин өмір сүрді. 1920 жылғы санақ бойынша Жетісу облысында өмір сүрген шығыс славян ұлтындағылар жалпы халықтың 11,7%-ін құрады. Оның ішінде орыстар 9,3, украиндар 2,2%, беларустар 0,2%, еді. Ал Сырдария облысында орыстар 8,0%, украиндар 8,7%, беларустар 0,2% болды /344/. Бұл мәліметтердің барлығы XІX ғасыр соңы ХХ ғасырдың басында орыс-украин қоныс аударуы үлкен қарқынмен жүргендігін делелдейді.

1915-1917 жылдар аралығында Қазақстан мен Орта Азияда қазақтардың саны 4753,8 мыңнан 4061,3 мыңға дейін азайып кетті, ал үлес салмағы 2,69%-тен 2,30% дейін төмендеді /345/.

1905-1916 жылдарда Жетісу облысында қазақтардың үлесі 92,9%-тен 80%-ке азайған /346/. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң бұл сан одан да төмендеп кетті. Бұл жылдары қазақтардың шет мемлекеттерге және Өзбекстан, Түріменстан елдерінде ішкерірек қоныс аударуы үдейе түскен еді. Кейбір зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда бұл кезеңде қазақтар мен Орта Азия халықтарының ассимиляциялану процесі де елеулі болды. Төменде берілген кестеде 1916-1917 жылдарда Жетісу және Сырдария қазақтары санының өзгеруі көрсетілген /347/.
13-кесте

Облыстар мен уездер

Саны мың адам есебімен

Үлес салмағы, %-пен




1916

1917

1916

1917

Жетісу облысы

Верный


Жаркент

Қапал


Лепсі

174,2


102,8

168,6


134,0

160,8


46,7

171,7


129,9

58,71


64,43

82,75


65,59

54,87


42,15

78,25


78,25

Сырдария облысы

Шымкент


Әулиеата

Перовск


Қазалы

335,8


304,7

178,5


240,5

277,5


195,9

151,5


122,6

82,97


75,64

96,59


93,88

66,00


52,23

79,21


51,17

Бұл кесте екі облыста да қазақтар санының күрт төмендеп кеткендігін аңғартады.

Осы жылдары өзбек уездерінде де қазақтар саны азайып кетті. Мысалы, Сырдария облысына қарасты Ташкент уезіндегі 28 болыстықтың 17-сінде қазақ ұлтындағылар өмір сүрді. ХХ ғасырдың басында Ташкент уезінің 64,1% халқын қазақтар мен құрамалар құрады. Егер жеке-жеке алып қарасақ, Ресей империясы өлкені жаулап алған кезде 1868 жылы уезде қазақтар 144970, құрамалар 77301, өзбектер 34636 болған. Ал 1897 жылғы санақ бойынша қазақтар 163098-ге, өзбектер 109079-ға жеткен. Тек қаланың өзінде 73793 өзбек ұлтындағылар тұрған. Ал орыстардың саны 2851, уезде 17611 болды /348/.

ХХ ғасыр басында патша үкіметінің жүргізген қоныс аудару саясаты негізінде көшпенділер иелігінен құнарлы жерлердің алып қойылуы нәтижесінде қазақтар шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Себебі, патшалық Ресейдің отар елдерде жерлерді алу туралы заңдары бірінші кезекте көшпенділерге тиісті еді. Ал заң бойынша отырықшы тұрмыстағы халықтың жерлері переселен қорына алынбайтын болды. Және де бұл уақытта жергілікті халыққа жоғарыдан қарайтын орыс үкіметі, қазақтарды отырықшы немесе көшпенді тұрмыста өмір сүретіндер деп бөліп қарамай, барлығын “көшпенділер” деп санады /349/. Қазақтарды көшпенділер деп есептеу олардың жерін ашық түрде, “заң негізінде” еркінен тыс преселен қорына деп алуына мүмкіндік берген еді. Бұл жағдай отырықшы басқа ұлт өкілдерімен көрші тұратын уездердегі қазақтардың сол көрші облыстарға, мемлекеттерге көшіп немесе ассимиляцияға түсіп кетуіне алып келді. Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстандағы қазақтардың бір қатарының Өзбекстанға көшіп кетуі, немесе ассимиляцияға түсуі және тіпті қолындағы ұлтарақтай жерінен айырылмау үшін басқа ұлт өкілі болып жазылып кету процесі әлі толық зерттелмеген. Дегенмен, біз зерттеп отырған уақыт аралығында, патша үкіметінің осы өлкеде жүргізген қоныс аудару саясаты нәтижесінде Ташкент уезіндегі қазақтар саны жылдан жылға кеми берді. Егер, жоғарыда көрсеткеніміздей, 1897 жылы мұндағы қазақтар саны 163098 болса, 1917 жылы-156879 /350/, 1920 жылы - 147511 адам болып кеміген /351/.

Жалпы алғанда Ресей империясын казак-орыстар арқылы және Орталық Ресейдегі славян ұлтындағы шаруалар арқылы отарлау саясаты мұндағы демографиялық ахуалдың өзгеруіне, жергілікті халықтың үлес салмағының және табиғи өсімінің азаюына алып келген еді.

Ал енді қоныс аударып келген келімсектер мен жергілікті тұрғындар арасындағы қатынас мәселесіне тоқталар болсақ, мұнда көп жағдайда, әсіресе жер және су мәселесі төңірегіндегі ұлттық қатынастарының шиеленісіп отырғандығы туралы сол кездің өзінде үкімет шенеуніктерінің өздері де жоғарыға берген есептерінде, хатттарында баспа беттерінде, жарияланған мақалаларында ашуланып жазып отырды. Онда олар орыс шаруаларының жергілікті халыққа қатынас мәселесі өздерін қатты қобалжытатынын жаза келіп, “В большенстве случаев на туземца смотрят пренебрижительно и очень часто совершенно без основании обижают. К труду населения и к его собственности относятся без уважения и в то время оберегают свою. Бывали случай, что крестьяни ссужают киргиза пшеницей, но при этом выговаривают себе у киргиза земли под распашку. Киргизы- народ добрадушный и легко идет на примерение, умышленно обижать побуждении крестьян не имееют и охотно ведет знакомство с обходительными и степными крестьянами” /352/ - деді.

Бұл хатта үкімет шенеунігі орыс шаруаларының өздеріне жоғары билік тарпынан берілген артықшылықтарға сүйене отырып, ешқандай негізсіз, қалаған уақытында жергілікті халықты жәбірлейтіндігін, өз меншігін қорғай отырып, олардың мүлкіне ешқандай жанашырлық көрсетпейтіндігін және де қазақтар өзінің табиғаты жуас, мейірімді болғандықтан орыс шаруаларының мұндай қорлығына ешқандай қарсылық көрсетпейтіндігін ашық мойындаған.

Шенеунік жоғарыдағы жағдайларды баяндай келе, орыс шаруаларына үкімет ешқандай қысым немесе қазақтарға істеп отырған жәбіріне шаралар қолданбайтындығын білгендіктен, өздерін жергілікті тұрғындардан артық қояды деп қорытындылайды. Өзінің бұл ойын ол былай береді: “Но в глазах русского крестьянина без наказанное отношение власти к местным жителям делает возможным и такое их отношение. Пристав может самостоятельно и безнаказанно карать, чего не имеет права делать в отношении русского кретьянина, и крестьяне многие считают себя привелигированными, а потому отношение к коренным народам соответственное” /353/. Ұлттардың қарым-қатынасын реттеу үшін олардың құқын теңестіру қажет деген ойды хат авторы үкіметке ұсынады. Алайда, отар елдерде “русские переселенцы не могут явиться хозяевами бедными, захудалыми и приниженными. Политическое приобладение в Туркестане русской народности должно быть закреплено и хозяйственной ей силою” /354/ - деп санаған империяның жоғарғы билігі, өзінің түпкі мақсатына жетуде артқа шегінгісі келмеді. Ұлттық қатынастардың шиеленісуі көп жағдайлармен негізделді, олардың ішінде ең бастысы, әрине, үкіметтің қазақ жерлерін еркінен тыс тартып алуы еді. Жоғарыда бірнеше рет айтып өткеніміздей, переселен учаскелерін дайындау мақсатында қазақтар қарамғынан олар өңдемеген, алайда, егін шаруашылығына қолайлы жерлерді алумен емес, қайта өздері баптап, өңдеп отырған егістік, шабындық жерлерімен қоса қолдан отырғызылған жеміс-жидектері бар бау-бақшаларын, қолдан қазған арықтарын және қазақтарға су жеткілікті түрде қалу қалмауымен санаспай, су бастауларын тартып алып қойып отырды. Ал қазақтарға, ресми құжатта қолайлы жер деп жазылғанымен, іс жүзінде ештеңеге жарамсыз жерлер қалдырылған еді /355/.

Қоныс аудару мекемелерінің бұл жолда істеп отырған жүгенсіздігімен қазақтардың оларға қарсыласудағы дәрменсіздігі туралы А.Байтұрсынов былай деп жазды: “Жоғарғы хакімдердің қазақ жері турасында шығарған Низам бұйрықтары болса да, ол бұйрықтарды мұндағылардың қайсылары орынына келтіріп, қайсылары орнына келтірмейді. “Қазақ жол ретін білмейді” дейді де, біреулері жолменен істемей, жосып, бетімен кетеді. “Мұнау жолсыз ғой”, - деп, қазақ дауласа алмайды. Білмейтұғын қазаққа бәрі жолды болып көрінеді. Сондай жолсыз істеуден орынсыз жәбір көріп, әуре болып жүрген қазақтар көп” /356/.

Жетісу облысы Лепсі уезі бастығының 1914 жылы 29-мамырында облысы губернаторы атына жазған №359 қатынас хатында қазақтарды жерге орналастыру жұмыстарында орталық әкімшілік мекемелерінің нұсқауларын қоныс аудару мекемелері дұрыс орындамай отырғандығын және де қазақтардың жерлеріне келіп қоныстанушылар қазақтарға түрлі жөнсіз қысымшылықтар көрсетіп жатқандығын, соның нәтижесінде қазақтардың әл-аухаты күрт нашарлап, олардың тарапынан наразылықтардың күшейіп келе жатқандығы туралы былай дейді: “Несмотря на высочаишее одобрение устроит туземцов, от переселенческой организации продолжает поступать старые ответы доверенным от киргизских обществ: “Будут устроенны в порядке очереди”.

Экономическое положение киргизов сильно понизились туземное население глухо ропщет. Недовольство киргизов еще более усиливается с сокрещеннием летовочных стойбищ и ограничением кочевых дорог, которые в натуре не выделены, перепахивается и казаками. С кочевников при переходе на летовку взыскивается покопытный сбор (за прогон, за потравы, за курицу или утку попавшую в табун и т.п.), а затем еще покапытный сбор полевой стражей заведующего гоударственными имуществами. ... Невольно заставляет киргизов вынести заключение, что их умышленно хотят разорить” /357/.

Орыс шаруалары өздеріне үкімет тарапынан берілген артықшылықтарды емін еркін пайдаланды. Келімсектер тіпті, ертеңгі күндері не болатындығымен санаспай, жергілікті халықтың қолынан, олардың күн көрісінің бірден-бір көзі болып табылатын жерін үкімет тартып алып берген жерлерге де жан ашырлықпен қарамады, құнарлылығын арттыру үшін ештеңе істемеді. Түркістанда тексеру жүргізген сенатор Пален қоныс аударушылар өздеріне тиесілі жерді жүдетіп жібергендігін, жерге ешқандай тыңайтқыштар ендірмей отырғандығын, олардан неге тыңайтқыштар қолданбайсыңдар деп сұрағанда біреулері: “ол үшін тезек істеу керек, оған көп жұмыс қажет” - деп өздерінің ерінетіндігін айтса, екінші біреулері үй жанында ондай тыңайтқыш түрі үйіліп жатса да “бізде тезек жоқ”- деп жауап беретіндігін, алайда, осы поселкелерге жақын орналасқан неміс менониттері өмір сүретін елді мекендерде жағдай тіптен бөтен екендігін, мұндағы немістер үкімет тарапынан ешқандай көмек алмаса да, шаурашылығының өнімділігін арттырып отырғандығын, тіпті ертеден егінмен айналысатын орыс шаруашылығына қарағанда көшпенділердің егіншілігі алдыңғы сатыда тұратындығын ашына жазған /358/.

Ресми баспа органдарында “Түркістандағы ауыл шаруашылығының қатынас мәселесінде жергілікті халық біздің орыстарға қарағанда әлде қайда жоғары тұрады”- деп хабарлады /359/. Орыстар жерді суғару туралы ештеңе білмеді. “Им казалось невероятным, что землю, засеянную хлебом необходимо орошать” /360/. Олар жергілікті халықтан суғару жүйелерін жүргізуді, арықтар қазуды үйренді /361/. Көп жағдайда өздеріне берілген артықшылықтарды пайдалана отырып, шаруашылығындағы ауыр жұмыстарды істету үшін болмашы ақшаға қазақ шаруаларын жалдап алды немесе өз жерлерін жерсіз қазақтарға егін шашуға беріп, үлкен пайда тауып отырды /362/.

1896-1897 жылдарды Түркістан өлкесіндегі қоныс аудару мәселесі жайында деректер жинау үшін осында келген А.А.Пловцев Жетісу облысындағы переселендердің жағдайы туралы былай дейді: “...По отзывам местных людей отдельные домохозяева владеют иногда двумя стами и более десятин, то есть живут помещиками и содержат известное число дешовых киргизских работников. Работников таких все мало-мальски зажиточные дворы держат годовых, а кроме того нанимают с 15 марта по 15 ноября” /363/.

Сондай-ақ, келімсектер, қазақтардан болмашы нәрсеге айып ақша төлетіп пайда тауып та отырды. Бұл жолда олар, әкімшіліктің өз сөзін сөйлейтіндігіне кәміл сеніп, әр түрлі қулықтарға барды. “Большую часть осеню возникают споры о потравах имеющих в своей основе единственную цель - так или иначе сорвать несколько копеек с киргиза воспользоваться его безпечностью. На полях, для которых, чем больше будет ходит скот, тем лучше для будущего урожая сенакосов и яровых посевов, крестьяни начинают устраивать ночные засады с целью констотировать факт нарушения киргизом святого значения межи, захватить скот и сорвать несколько копеек, а то и рублей за потраву” /364/- деп жазды И.Гейер.

Қазақтар үкіметке шағымданғанда ешқандай нәтиже бермейтіндігін түсініп, переселендердің малдарын ұрлап кетіп отырды. Бұндай жағдайда, өлкенің генерал-губернаторы ұрланған малдың құнын сол болыстықтағы қазақтардан жинатып алатын еді. Бұл, переселендер қолына жергілікті халықты қанаудағы жаңа қару еді.

Көп жағдайда қазақтардан олар ұрламаған малдары үшін де ақша жиналып алынды. А.А.Пловцев ол туралы былай дейді: “Мұжықтар өздерінің кесел өгіздерін өлтіріп, оның құнын, қазақтар ұрлады деп олардан ақша жинап алып отырды”. “Мало того, даныне в области сохранился рассказ о том, как в одном селе мужики зимой поехали в киргизски аул и вернулись от туда, подвязав лощадям подковый задом наперед; затем принисли жалобу на увод лошади, они показали по снегу свежий след до аула и уездный начальник заставил киргиза заплатить” /365/.

Ұлттар арасындағы қақтығыстар су мәселесі төңірегінде де көптеп болып тұрды. Су мәселесіне келгенде қазақтардың ашынған даусы ерекше шықты. Себебі көп жағдайда су бастауларында орналасқан орыс поселкелері суды қалай болса солай, жанашырлықсыз пайдаланды да, ал су жүйелерінің етегінде қоныстанған қазақ ауылдары судың әрбір тамшысына зар болып отырған. Егер “үкімет шенеуніктері елді мекендерді аралап шыға қалса, олар барлық жерде дерлік, әсіресе, орыс шаруаларының суды пайдалану тәртібін бұзып отырғандығы туралы қазақтар ашына шағымданады. Су мәселесі жөнінде олар арасында қақтығыстар көптеп болып отыр” /366/ - деп жазды Н.Остраумов “Туркистанские ведомости” газетінде.

Су қоры өте тапшы Түркістан өлкесінде су пайдаланудың арнайы тәртібі болды. Бұл тәртіп заңда көрсетілмеді. Арық ақсақалдары және су мұраптарынан тұратын су әкімшілігі қызмет етті. Орыс отаршылары осында алып келген парақорлығының арқасында, суды тарқатумен айналысатын мұраптар, кім сыйлық немесе ақша берсе соған су жіберетін күн де туды. Көбінше бұл артықшылықпен орыс шаруалары пайдаланатын еді /367/.

Жергілікті қазақ халқы қоныстандыру мекемелері қызметкерлерінің жүгенсіздігіне, орыс шаруалардың жәбіріне шыдай алмай жоғарғы билікке, мемлекеттік Думаға арызданып отырды. Өз хаттарында олар “переселен қорына деп пайдаланып отырған суымызды, егін еккен, мал баққан, шөп шапқан жерлеріміз тартып алынуда. Бұдан былай біз қалай күн көретінімізді білмейміз” /368/ - деп жазды. Петербургтен жауап ретінде қоныс аудару мекемелеріне көрсетілген қарсылықтардың барлығы әскери күшпен басып тасталсын деген бұйрықтар келді /369/.

Келімсектер мен қазақтар арасында жанжалдардың үдейе түсуіне үкіметтің переселендерге қару-жарақ тарқату саясаты да себепші болды. Қаруландыру саясаты отарлық сипатта жоспарлы түрде жүргізілді.

“Орыс қоныс аударушылдарын қаруландыру” туралы жобаны патшаның өзі бекітіп, одан кейін 1891 жылы 29-ақпанда Министрлер Кеңесінде қабылданып, бекітілді. Одан соң таратылып берілген қаруды айырбастауға, сыйға тартуға және түземдіктерге сатуға қатаң тыйм салған арнайы “Ереже” де қабылданды. Сондықтан винтовка алған әрбір переселен үкімет өкіліне “мен бұл мылтықты түземдіктерге сатпаймын, жай да бермеймін” - деп қол хат беруге тиіс болды /370/.

1898 жылғы Әндіжан көтерілісінен кейін үкімет осындай қарулы көтеріліс тағы да болуы мүмкін деп қауіптенді. Сондықтан да 1903 жылы Түркістан округінде бердановтық винтовкалармен қару ұстай алатындардың барлығын қаруландыру бұйырылды. Егер олар әскери қызметке шақырылатын болса, қаруларын үйлеріндегі қариялары, әйелдері, балалары алып қалуы тиіс еді. Осы мақсатпен Түркістан өлкесіндегі барлық поселкелерді қаруландыра бастады. Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария облысына осы жылдары 1134 винтовка, Жетісу облысындағы казактар мен орыс шаруаларына үш мың винтовка тарқатылды /371/. Бұдан кейінгі жылдары да қару жасырын тарқатылып тұрды. Бұл жағдай орыс шаруаларының күшейе түсуіне алып келді.

Ендігі жерде егер қазақтар өздерінің қарсылығын білдіріп шабуыл жасай қалса, орыс шаруалары ашық түрде қару қолданып отырды.

Қоныс аударушылар мен жергілікті тұрғындар арасындағы қатынас, әсіресе 1914 жылы басталған бірінші дүние жүзілік соғысы кезінде қатты шиеленісіп кетті. Бұған себепші болған отаршылдық әкімшіліктің қазақтарға көрсеткен шектен тыс ұлыдержавалық саясаты еді. Осы жылдары қазақтар мен қырғыздар үшін соғысқа алынғандардың отбасына міндетті түрде еңбек ету міндеткерлігі мен соғыс қажеттілігі үшін салықтың әр түрлері салынды. Басқа сөзбен айтқанда бұл саясат соғысқа алынған орыс шаруаларының әйелдеріне қазақтарды крепостниктік тәуелділікке салу еді /372/. 1916 жылдың ақпанында Жетісу губернаторы М.Фольбаум: “қазақ пен қырғыздарға отбасылары соғысқа алынған қожалықтардың егістік жерлерінде істеген еңбектері үшін ешқандай ақы төленбесін” /373/ - деп бұйрық берді”. Бұл жағдай да жергілікті халықтың ашу ызасын туғызған еді.

1916 жылғы 25-маусымдағы патша ағзамның бұратаналарды империялық соғыстың (тылдық) қара жұмыстарын атқару үшін алынуы туралы жарлығының шығуы онсыз да ұшқындап тұрған наразылықтың жалын алып кетуіне соқтырды.

Әрине, қазақтарды соғыстың тылдық жұмысына алу көтерілістің бұрқ ете қалуына тек сылтау ғана еді, ал оның негізгі себебі, әлде қайда тереңіректе, патша үкіметінің жүргізген аграрлық саясатында жатты. Бұл туралы Түркістан өлкесінің осы уақыттағы генерал-губернаторы А.Н.Курапаткин патшаға жазған баяндамасында былай дейді: “Относительно пользования землей кочевое население является фактически совершенно бесправным. По существующему закону, земля которая обеспечивает существование населения (главным образом киргиз, которых в Туркестане считается около 2600 тыс. душ) при кочевом образе жизни, признается государственной собственностью, а излишки ее могут быть изяты и поступают в распоряжение казны. Слишком широкое толкование о размерах этих излишков переселенческого ведомста и Министерство Земледелия, особенно с 1905 года, повлекло к тому, что, несмотря на протест местной администрации, у киргизского населения были отобраны огромные площади земли, жизненно ему необходимые, для образования русских селении, казенно-скотоводческих участков и лесных дач единственного владения казны. На тех землях, которые были оставлены кочевникам в их постоянное пользование, киргизы были стеснены в распоряжении этой землей казенно лесной стражей” /374/.

Орыс генералы айтқандай, патша өкіметінің агарарлық саясаты салдары, әсіресе көшпенділер шаруашылығына үлкен нұқсан келтірді. Себебі, патша заңдары бойынша, көшпенділер жерлері қазына қорына көптеп алынды, жер тапшылығынан көшпенділер шаруашылығы күйзелді. Сондықтан да, С.Асфандияров жазғандай, көшпенділер жері орыс поселкелерін орналастыру үшін ең көп алынған Жетісу облысында 1916 жылғы көтеріліс басқа жерден күштірек болды /375/.

Көтерілістің егжей-тегжейін баяндау біздің зерттеу жұмысымыздың міндетіне кірмейді, алайда, деректерге қарағанда, қазақтардың Ресейдің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық күресі кезінде адам айтқысыз қатыгездіктерге жол беріліп, қазақ халқының ашу-ызасы өзінің шарықтау шегіне жетті деп айта аламыз. Халық қолына түскен тағылық қарулармен қаруланып, орыс поселкелерін қиратты, әкімшілік мекеме үйлеріне шабуыл жасады. Көтеріліс әр жерде тұтанып, бүкіл халықтық сипат алды.

Жалпы алғанда, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тууына тікелей патше үкіметінің ұзақ жылдар бойы жүргізген отарлық саясаты себепші болы. Белгілі зерттеуші М.Қозыбаев бұл туралы былай деп қрытындылайды: “1916 жылғы көтеріліс Шығыс халықтарының отарлық саясатқа қарсы ұзақ дәуірге созылған күресінің жалғасы болды. Соғыс зардаптары, Столыпин реформасы кезінде жергілікті халықтың жерін тартып алудың үдейе түсуі, дәстүрлі шаруашылықтың күйзелісі мен құлдырауы, өлкені тонаудың күшейе түсуі, орыстандыру саясатының ұлғаюы - осының бәрі халық наразылығын шегіне жеткізді. Жергілікті халыққа қарсы жазалау саясатының күшеюі, қазақ және басқа да бұратана халықтарды жұмысқа алу жөніндегі указды орындау әдістері мен репрессиялар қоғамның барлық топтарын көтеріп, қарсылықтың жалпы ұлттық сипатын тудырды” /376/.

Сонымен, Ресей самодержавиесінің отарлау саясаты, оның реакциялық мазмұны, орыс мұжықтарының (қара шекпенділерінің) Оңтүстік Қазақстан территориясына қоныс аударуы мыңдаған қазақ қожалықтарының кіндік қаны тамған ата-мекен жерлерінен шөл, шөлейт, құмды, тасты жерлерге ығыстырды. Сондай-ақ олардың шаруашылығының күйзелуіне, кедейленуіне, ұлттар арасында қарым-қатынастың шиеленісуіне алып келген еді. Көріп отырғанымыздай жоғарыда келтірілген деректік материалдар кеңестік тарих ғылымында орын алған “отарлаудың прогрессивті салдары” туралы үрдіс бүгінгі таңда сын көтере алмайтындығын дәлелдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет