L-тарау. Математикалық ұғымдарды оқып үйрену



бет19/20
Дата24.01.2022
өлшемі134,62 Kb.
#113848
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Математикалық ұғымдардың оқыту үдерісінде қолданылуы МАРЖАН

Қорытынды

Математиканы оқып-үйрену онда қарастырылатын ұғымдарды қалыптастыру мен оны терең танымдық дәрежеде жеткізе білуден, математикалық заңдылықтардың ақиқаттығын дәлелдей білуге үйретуден және оны нақтылы іс-әрекетте, есеп шығаруда қолдана білуден тұрады. Соның ішінде ең маңыздысы математикалық ұғымдарды дәл мағынасында игеру болғандықтан оның оқыту үдерісіндегі алатын орны да ерекше.

Осылай десек те, математиканы оқыту үдерісінде математикалық ұғымдарды математиканың қазіргі даму деңгейіне сай оқыту әдістемесіне жеткілікті мән берілмей келе жатқанын осы зерттеудің кезінде анық байқадық. Солардың қатарында мектептік математика курсына жиындар теориясының енгізілгеніне қарамастан сәле немесе жарты түзу, бұрыш сияқты ұғымдардың анықтамалары жиындар теориясына дейінгі сарында тұжырымдалып, оны дәл ұғынуға жеткілікті көңіл бөлінбейтіндігін сезінеміз[28]. Осындай кемшіліктер қатарында көпбұрыштар анықтамалары да бар. Көпбұрыштарды тұйықталған сынық ретінде анықтай отырып, олардың ауданы туралы сөз ету оқушылардың танымын дамытудың орнына тежейтіні, адастыратыны анық. Анықтамалар шұбалыңқы, көпсөзді қалыпқа түскен. Бір ұғымды бірнеше терминмен атау немесе бір терминді бірнеше ұғым үшін қолдану қалыптасып кеткен. Осының ішінде параллелограмның барлық түрлерінің (ромб, квадрат, тік төртбұрыш, параллелограмм) трапецияның дербес түрлері ретінде көрсетілуі де бар. Бұл кемшілік трапеция ұғымына беріліп жүрген аннықтаманың дәл тұжырымдалмауынан туындап отыр.

Математикалық ұғымдарды меңгеру жұмысы есептер шығару барысында жалғасады. Сондықтан оқулықтағы есептер құрамына ұғымды қалыптастыру мақсатындағы есептерді көбірек енгізу қажеттігі туындап отыр.

Осы зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында математиканы оқытуда қолданылып жүрген озық тәжірибелердің жалпы көпшілікке жете бермейтінін де байқап отырмыз. Мысалы, трапецияның үшбұрыш сиқты бұрыштарының шамасы мен қабырғаларының ұзындықтарына қарай төрт топқа жіктелетіні туралы басылым беттерінде сөз болғаны болмаса, жалпы көпшіліктің назарына жетпеген. Бұл жұмыс мектеп оқулықтарында айтылатындай мәнді нәрсе деп ойлаймыз.

Қорыта айтқанда математикалық ұғымдарды саналы меңгермейінше математикалық заңдар мен теорияларды игеру, оларды есептеу жұмыстарымен практикада қолданудың мүмкіндігі төмен болатыны анықталып отырған қазіргі кезде математикалық ұғымды қалыптастыру мәселесі өзінің өзектілігін сақтай береді. Сондықтан бұл мәселе мектептің математика пәні мұғалімінің назарынан үнемі шықпауы тиіс[30].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет