Анықтама өлшемдесболуы керек. Басқаша айтқанда анықтайтын және анықталатын ұғымдардың көлемдері өзара тең болуы, яғни құрылымы Dfd=Dfn түрге ие болған анықтамаларда анықталған және анықталатын ұғымдардың орнын өзара алмастыруы мүмкін болуы керек.
Анықтамада тавтология (грек.таulo-дәл өзі және logos-ілім, сөздерінен шыққан алдын айтылған пікірді басқаша түрде қайталау) болмауы тиіс.Басқаша айтқанда Dfd құрамындағы термин Dfn құрамында қайталанбауы керек, яғни анықтайтын ұғым анық немесе жасырын түрде анықталатын ұғымдардан құралған болмауы тиіс. Мысалы, мына анықтамаларды қарастырайық: « қа тең болған бұрыш дұрыс бұрыш дейіледі» және «дұрыс бұрыштың тан бір бөлігі градус деп аталады». Мұнда «дұрыс бұрыш» ұғымы «градус» ұғымы арқылы,ал «градус» ұғымы өз кезегінде «дұрыш бұрыштың тоқсаннан бір бөлігі» ұғымы арқылы анықталған.
Бірақ Dfd термині құрамының бір бөлігі Dfn құрамында қайталануы тавталогия типіндегі қатені білдірмейді. Себебі, біз терминнің мазмұнын емес (мысалы, сан). керісінше күрделі жаңа терминнің мазмұнын (мысалы, тақ сан, жұп сан) анықтаймыз. Шынында да, натурал сандар жиынында «тек екі бөлушісі бар болған сан жай сан дейіледі» деген анықтамада «сан» термині Dfd құрамында да сол сияқты Dfn құрамындада кездеседі.