Лабораториялық жануарларды биосынамаға дайындау және биосынама алу талаптары



бет4/6
Дата02.03.2022
өлшемі13,43 Mb.
#133979
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тест-1, Adil ikt, Шұғыла пайтон зерт 2
Иммундық жүйенің жасушалары:
.лимфоциттер,
  • фагоциттер,
  • базофилдер,
  • бағана жасушалар,
  • тромбоциттер,
  • басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары.


  • Барлық жасушаларының тегі – плюропотентті бағана жасушалары.

Лимфоциттер — қанның ақ торшаларының кішірек (6— 10 мкм), дөңгелек түрі.
Цитоплазмасы жіңішке жиек тәрізді, хроматинге бай, жедел жылжи алады. Иммунитетте басты роль атқарады. Екі топқа бөлінеді: В- және Т- лимфоциттер. В- лимфоциттер сүйек майынан шығады, қан иммунитетінің сақталу және дамуын қадағалайды. Т- лимфоциттер тимустан шығады, торша иммунитетін қадағалайды. Лимфоциттердің бірнеше түрлі аралас өсінділері де болады
Фагоциттер (фаго… және kytos — жасуша) — фагоцитоз түзетін, адам мен жануарлардың дәнекер тіндерінде болатын арнайы қорғаныштық жасушалар. Омыртқасыз жануарларда фагоцитозды амебоциттер (жәндіктердің қанында болатын түссіз, бөгде заттарды қармап алуға бейім жасушалар) түзеді. Ал сүтқоректілерде белсенді Фагоциттерге қан құрамындағы нейтрофильдер (микрофагтар), моноциттер, қозғалмайтын және қозғалғыш макрофагтар, ретик. эндотелийлі жүйе жасушалары жатады.
Базофильдер (basophilae; гр. basis — негіз, рһіііа — сүю) — жасуша цитоплазмасындағы түйіршікті дәншелері негіздік бояулармен боялатын жасушалар; протоплазмасында негізгі бояулармен боялатын түйіршікті құрамы бар торшалар.
Базофилдер — қан базофильдері және ұлпа базофильдері болып екі топқа бөлінеді. Қан базофильдерін базофильді гранулоциттер деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет