Лабораториялық жұмыс №6 Тақырыбы: Өсімдік материалын дайындап, эксплантты бөліп алу Жұмыстың мақсаты мен міндеттері



бет1/2
Дата11.05.2024
өлшемі19,69 Kb.
#201957
  1   2
Байланысты:
DEPDMWSAQPYV11052024080756


Лабораториялық жұмыс № 6
Тақырыбы: Өсімдік материалын дайындап,
эксплантты бөліп алу


Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Өсімдік мүшелерінің түрлеріне байланысты бастапқы материалдарды тәжірибеге дайындау және эксплантты бөліп алу әдістемесімен танысу.

Жұмыстың мазмұны: Эксплант өсімдіктердің әртүрлі мүшелерінен алынады, мысалы тұқымынан, тұқым жарнағынан, жапырағынан, сабағынан, ескінінен, бүршігінен және т.б. Эксплант -дегеніміз in vitro жағдайында өсіруге алынған өсімдіктің бөлігі. Эксплант алу үшін міндетті түрде таза, сау өсімдікті таңдап алу кажет.
Өсімдік материалын дайындап, эксплантты бөліп алу үшін алдын-ала дайындау жүргізудің маңызы зор. Өсімдік материалдарын дайындаудағы негізгі іс-шара оларды залалсыздандыру болып табылады. Өсімдік ұлпалары мен жасушаларын есіруде, микроклональді көбейтуде, каллусты және ісікті жасушалар алуда, гормональді реттелуді меңгеруде залалсыздандырылған өсімдік экспланттары пайдаланады.
Тұқымды өсіру үшін суға немесе қоректік ортаға отырғызады. Өсімдік түрлерін залалсыздандыру алдын жаксылап ағынды сумен, кейде жуғыш затгармен жуып алады, артық заттардан тазартады. Тамыртүйнектер мен тамырлардың қабығын аршиды, потоген -қабыршағын, бұтактарынан жабын қабыршақтарын тазартады.
Өсімдік экспланттарын сулеманың сулы ерітіндісінде немесе екіхлорлы сынып ерітіндісінде (0,1%), бромда (1%), пергидрольда (20-30%), хлораминде (3-6%), диацидте, натрий гипохлоридтінде (10%) антибиотиктерді құрайтын ерітінділермен залалсыздандырады.
Сулема уытты зат, оны сақтау кезінде және жеке түрлер үшін қажетті концентрацияны таңдағанда да ерекше сақтықты қажет етеді. Ұрыктарды 0,1 процент ерітіндіде 1-3 минут бойында, ал тамырды және түйнекжемістерді 10-20 минутқа дейін залалсыздандырады.
Активті хлор кұраушы ерітінділерді 1 рет қолданады және оларды жұмыс алдында ғана дайындайды.
Тамыржемістерін, ұрықтарды, ұлпа түйірін, оқшауланған ұрыктарды, тозаңдарды залалсыздандыру үшін диацидтің 0,2 процент ерітіндісі пайдаға асырылады. Диацидті этаномеркурхлоридінің 330мг жэне 660мг хлорид-цеталпиридинді ыстық суда (330 мл) бөлек еріте отырып дайындайды, содан соң оларды аралыстырып сұйық көлемін 1л-ге дейін жеткізеді де гвин детергенты - 80-нің бірнеше тамшысын қосады; оны қараңғыда қатты жабылған ыдыста (колбада) сақтайды.
Антибиотиктерді инфицирленген бактериялармен өсімдік материалын залалсыздандыру үшін пайдаланады. Көбінесе стептомицинді және 10-80мг/л - тетрамицинді, 200-400 мг/л ампицилинді, левомицинді және т.б. қолданады.
Дайын залалсыздандырылған өсімдік экспланттарын алудың бірнеше тәсілдері бар, тәсілдер мүшелер түрлеріне тікелей тәуелді.
Жапырақтан эксплантты бөліп алу. Алдымен жапырақтан жүйкесін аламыз да жоғарыда көрсетілген тәртіппен залалсыздандырамыз. Стерильденген, залалсыздандырылған жапырақты ламинар-бокс ішінде стерилденген Петри табақшасына салып, стерильді пинцет және № 11скальпель көмегімен 5-10мм көлемінің шамасында эксплантты кесіп алып, өсіру мақсатына байланысты қоректік ортаға ауыстырамыз.
Өскіннен эксплантты бөліп алу. Тұқымды алдын- ала таза стерильді жағдайда өсіріп, өскін аламыз. Стерильді өскінді ұзындығы 1 см ұзындықта ламинар-бокс ішінде стерильді Петри табақшасында тұқымнан кесіп аламыз. Өскінді жеке стерильді Петри табақшасына салып, стерильді пинцет және № 11скальпель көмегімен 2-3 мм көлемінің шамасында эксплантты кесіп алып, өсіру мақсатына байланысты қоректік ортаға ауыстырамыз.
Тұқымдардан эксплантты бөліп алу. Тұқымды тиісті әдістеме бойынша стерильдейміз де ісіндіруге (тұқымның ерекшелігіне байланысты 12 сағаттан 3 тәулікке дейін) ламинар-бокске қоямыз. Ісінген тұқымның қабығынан ажыратамыз. Қайтадан натрий гипохлоритте 20минут бойы стерилдейміз. Дистилденген сумен үш рет шаямыз да жаңа Петри табақшасына қойып, стерильді пинцетпен ұстай отырып стерильді скальпель көмегімен тұкымжарнак көрінетіндей етіп кесеміз. Тұқымдарнақтың ұшынан 2-3 мм эксплант алып, өсіру мақсатына байланысты қоректік ортаға
ауыстырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет