Лабораториялыќ жўмыстарєа алдын ала



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі167 Kb.
#94605
1   2   3   4   5
Байланысты:
fiz lab

II. Есеп шығару. Есептер деңгеймен берілген. Оқушылар есептерді өздері таңдайды. Дұрыс жауабын жұппен тексеру. I деңгей – 3 балл, II деңгей – 4балл, III деңгей - 5 балл.
1. Электр шамының қыл сымы арқылы 10 минутта мөлшері 300 Кл электр өтеді деп алып, шамның ток күшін анықтаңдар. (3)
2. Электр шамының кедергісін анықтау үшін оқушы электр тізбегін құрады. Кернеуі 220 В тізбек тұйықталғанда амперметр 0,5 А-ді көрсетті. Шамның кедергісі неге тең? (3)
3. Кедергісі 0,25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30 А болу үшін қандай кернеу түсіру керек? (3)
4. Ұзындығы 5 км, көлденең қимасының ауданы 65 мм2 болатын мыстан жасалған трамвай өткізгішінің кедергісін есептеңдер. ( 0,017 ). (4)
5. Кернеуі 120 В электр шамында 0,5 минут ішінде 900 Дж энергия (А) шығындалған. Шамдағы ток күшінің неге тең екенін анықтаңдар. (4)
6. Шамдар бірдей кернеуге есептелсе, онда олардың қайсысының қылсымының кедергісі көп: қуаты 50 Вт шамның ба, әлде қуаты 100 Вт шамның ба? (5)
7. Тізбектегі ток күші 0,012 А болса, оған 2 мин қосылған гальванометр орамынан өтетін электр мөлшері қандай? (3)
8. Қалта фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі 4,5 В батареяға қосылса, онда осы қалта фонарының электр шамынан өтетін ток күші неге тең болар еді? (3)
9. Амперметрдің паспортында кедергі 0,1 Ом деп көрсетілген. Амперметр 10 А ток күшін көрсетсе, оның қысқыштарындағы кернеуді анықтаңдар. (3)
10. Көлденең қимасының ауданы 2 мм2, ұзындығы 8 м константан сымының кедергісі неге тең? ( ). (4)
11. Қуаты 100 Вт электр двигателі 6 В кернеуде жұмыс істейді. Электр двигателіндегі токтың күшін анықтаңдар. (4)
12. Бір электр шамының цоколінде 220 В, 25 Вт, ал екіншісінің цоколінде 220 В, 200 Вт деп жазылған. Қай шамның кедергісі көп және неше есе көп? (5)
13. Электр плитасы жарықтандыру желісіне қосылған. Егер плитаның спираліндегі ток күші 5 А болса, оған 10 мин қосылған бауындағы заряд қандай? (3)
14. Егер электр плитасының спиралінің жұмыс уақытындағы кедергісі 24 Ом болса, онда кернеуі 127 В тізбекке қосылған осы плитаның спираліндегі ток күші неге тең болады? (3)
15. Ток күші 0,4 А болатын өткізгіштің кедергісін 20 Ом деп алып, оның ұштарындағы кернеуді анықтаңдар. (3)
16. Егер Алматы мен Жамбылдың ара қашықтығы 650 км болса, ал осы қалалардың арасына тартылған телеграф сымы көлденең қимасының ауданы 10 мм2 темір сымнан жасалса, онда осы телеграф сымының кедергісі қандай?
( ) (4)
17. Электр трактордың қуаты 38 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр двигателінің тұтынатын ток күшін анықтаңдар. (4)
18. Екі электр шамының қуаты бірдей. Бұлардың бірі 110 В-қа, ал екіншісі 220 В-қа есептелген. Шамдардың қайсысының кедергісі көп? Неше есе көп? (5)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет