Бақылау сұрақтары
1. (1) формуланы қорытыңыздар.
2. Дайындалған омметрдің дәлдігі қалай бағаланатынын түсіндіріңіздер.
3. Үлкен және кіші кедергілерді өлшеуде техникалық омметрді қалай пайдалану керек?
Лабораториялық жұмыс №5.
ЭҚК-ІН ЖӘНЕ ПОТЕНЦИАЛДАР АЙЫРЫМЫН
ЭЛЕКТРОДИНАМИКАЛЫҚ ӘДІСПЕН ӨЛШЕУ
Құралдар мен жабдықтар:гальванометр, ток көзі, екі кедергілер магазині (біреуі потенциометр ретінде пайдалануға жарарлықтай), кілт, өткізгіштер.
Жұмыстың мақсаты: ЭҚҚ пен потенциалдар айырымын электродинамикалық әдіспен өлшеп үйрену және вольтметрді кез келген шекті кернеуге жарамды етіп құру.
Жұмысқа жіберілер алдында студенттердің білуге тиісті сұрақтары:
1. Ток көзінің ЭҚК-і дегеніміз қандай физикалық шама?
2. Потенциалдар айырымы және кернеудің кемуі дегеніміз не?
3. Ток көзінің ЭҚҚ-і мен ток көзінің полюстеріндегі кернеудің айырмашылығы неде?
4. Электродинамикалық әдіспен ЭҚҚ-ті қалай өлшейді?
5. Гальванометрден қалай вольтметр жасап шығаруға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |