48
Қажылық
Су шыға бастағанда Жәбірейіл періште Һажарға келіп,
«Зүмми! Зүмми!» дейді (Зүмми - «құммен қорша» де-
ген сөз). Һажар бұлақты құммен қоршап, Алла тағалаға
шексіз алғысын білдіреді. Міне, осы күннен бұл қайнар
бұлақты Зәмзәм бұлағы деп атап кеткен.
Үш күннен соң Ибраһим пайғамбар (
ғ.с.
) Һажар
мен Исмайылды сағынып, шөл далаға қайтып келеді.
Ол
Зәмзәм бұлағын көріп, Алла тағалаға шүкіршілік
етіп, қатты қуанады.
– Халилулла! Ана жерде Жүрһүм деген қауым
қоныс тепкен екен. Йеменнен су іздеп келген малшылар
бізге жақын орналасуға Сізден рұқсат сұрайды. Оларға
рұқсатыңызды бересіз бе? – деп Һажар күйеуінен
сұрайды.
– Әрине! – дейді пайғамбар.
Сөйтіп, Жүрһүм
тайпасы шатырларын Зәмзәм
бұлағына жақын тігіп, суды қажеттеріне пайдалануға
рұқсат алу үшін Һажар мен Исмайылға әрбір отбасы-
дан бір-екі қойдан беріпті. Осылай бұл аңғарда тіршілік
белгісі пайда болады.
Сүбхана Алла тағала Ибраһим пайғамбар мен оның
ұлы Исмайылға (
ғаләйһимас-сәләм
) адамдар қажылық
жасау үшін Қағбаның ірге тасын қалауға әмір беріпті.
Жәбірейіл періште Ибраһим пайғамбар мен Исмайылға
(
ғаләйһимас-сәләм
) Алла тағала әмірімен қажылықты
қалай жасау керектігін үйретіпті. Адамдар Ибраһимді
пайғамбар деп танып, Қағбаға қажылық жасапты. Арада
талай жылдар өткесін Һажар мен Исмайыл қайтыс бола-
ды. Сол төңіректің билігі Жүрһүм тайпасының қолына
тиеді, олар озбырлыққа жол береді. Жүрһүм
тайпасы
қажылардың мал-мүлкін тонап, берген салықтарын өз
игіліктеріне жұмсайды. Тайпаның көсемдері тоналған
49
جحلا كسانم
алтыннан екі киіктің мүсінін жасайды. Алайда, бұл
әділетсіздікті көрген Мекке жұрты Жүрһүм тайпасы-
на қарсы шығып, екі арада бірнеше шайқастар болады.
Ең ақырында
Мекке жұрты жеңіске жетіп, Жүрһүм
тайпасы басқа жерге қоныс аударады. Тайпа көсемдері
Зәмзәм бұлағын бітемекші болып,
екі алтын киіктің
мүсіндерін түйелерге арта алмағандықтан, сол алтын
киіктермен Зәмзәм бұлағының көзін бітеп,
жермен
жексен қы-лыпты. Сан ғасырлар өткеннен кейін адам-
дар Зәмзәм бұлағын ұмытып кетеді.
Арада талай-талай қилы замандар өтеді. Бір
күні мұхаммед пайғамбарымыздың (
с.а.с.
) атасы
Абдулмұтталіб бин Һашим ғажайып түс көреді. Түсінде
ол «Тайибаны қаз!» деген дауыс естиді. Ол: «Тайиба де-
ген не?» – деп сұрайды, бірақ оған ешкім жауап бермейді.
Таңертең ұйқысынан оянғасын ол қауымдастарына
түсін айтып береді. Бірақ ешкім де «тайибаның» не
екенін білмейді. Келесі түні
Абдулмұтталіб тағы да
сол түсті көреді, түсінде ол «Барраны қаз!» деген дауыс
естиді. «Барра деген не?» – деп сұрағанда, дауыс ғайып
болады. Үшінші түні тағы да түсінде сол дауысты естиді.
Бұл жолы дауыс «Маднунаны қаз!» деп айтады. «Ол
не?» – деп сұрағанда, дауыс жоқ болады. Абдулмұтталіб
төртінші рет түс көргенде, дауыс: «3әмзәмді қаз!»
– деп айтады. «Зәмзәм деген не?» –
деп сұрағанда,
дауыс:
Достарыңызбен бөлісу: