Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم



Pdf көрінісі
бет87/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық

جحلا كسانم
Мағынасы:
Я, Алланың Пайғамбары! Саған (
аманат етушінің 
аты-жөні
) – нен сәлем жолдаймын. 
Мұхаммед пайғамбарымыз (
с.а.с.
) қайтыс болған-
нан кейін, мұсылман үмметіне басшылық жасаған 
оның ізбасарлары – халифалар болған. Алла Елшісінің 
өсиет етіп кеткен шариғат заңдары негізінде Ислам 
өркениетінің ірге тасын қалаған төрт халифты «хулафа 
рашидун», яғни «Ислам дінінің ақиқат жолымен тура 
жүргізген халифалар» деп атайды. Олар: Әбу Бәкір
Омар бин әл-Хаттаб, Осман бин Ғаффан және Али бин 
Әбутәліп.
«Рауда шарифте» Мұхаммед пайғамбары-мыздың 
(
с.а.с.
) жанында Әбу Бәкір мен Омар бин әл-Хаттаб 
жерленген.
Мұхаммед пайғамбарымыздың (
с.а.с.
) қабірінің 
алдында дұғасын оқып болғасын, қажы оңға қарай 
бір қадам жасап, Әбу Бәкірдің қабірінің жанында оған 
сәлем береді. 


148
Қажылық
 
Әбу Бәкір
Әбу Бәкір (572-634) – Мұхаммед пайғамбарымыз 
(
с.а.с.
) қайтыс болғаннан кейін мұсылман үмметін 
әділ басқарған төрт халифаның біріншісі. Халифа – 
Пайғамбарымыздың (
с.а.с.
) ізбасары деген мағына 
береді. Әбу Бәкірдің қызы Айша – Пайғамбарымыздың 
(
с.а.с.
) әйелі.
Меккенің бай саудагері Әбу Бәкір Мұхаммед 
пайғамбардың (
с.а.с.
) Ислам дінін таратудың алғашқы 
кезеңінде шынайы жанашыры, адал досы болған. 
Өзінің әділдігімен мұсылмандар арасында «Сыддық» 
(«Турашыл») деген лақап атпен танымал болды. Әбу 
Бәкір – жиған байлығының барлығын Ислам жолында 
жұмсаған адам. Ол Меккеде Ислам дінін қабылдаған 
құлдарды қожайындарынан сатып алып, оларға 
бостандық алып берген.
Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
) Әбу Бәкірге 
мұсылмандар 631 жылы Мәдинадан Меккеге жасаған 
бірінші қажылықты басқаруды тапсырған. 
632-634 жылдары Хижазда (Арабия түбегінің ба-
тыс бөлігінде) мұсылман үмметіне билік жүргізген Әбу 
Бәкір заманында Ислам діні Сирия мен Ирак жерінде 
тарай бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет