180
Қажылық
сүрені «Уммул-китәб» («Кітаптың анасы») деп те атай-
ды. «Фатиха» сүресінде Исламның негізгі қағидалары
айтылған. «Фатиханы» оқып болған соң «әмин» деп
қайырады.
Барлық
сүрелер
«
бисмиллаһир-рахманир-
рахиим
» деп басталады. Алайда, бұл дәстүр 9-сүреде
сақталмаған, өйткені ол алғашқысында 8-сүренің
жалғасы болған.
Сүрелер аяттардан тұрады. Құрандағы ең ұзақ сүре
- 2-сүре, онда 286 аят бар. Ал ең қысқа сүрелерге 103-
ші, 108-ші, 110-шы сүрелер жатады, оларда не бәрі үш
аяттан бар. Аят - бұл сөз, не сөз тіркесі немесе сөйлем.
Аятта 1-ден 68-ге дейін сөз бар. Әртүрлі жолмен есеп-
теуге байланысты Құранда 6204-тен 6236-ға дейін аят
бар. Бұл қасиетті кітапта Алла тағаланың 77 мың 934
сөзі жазылған.
Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
)
алғаш рет Алланың
сөзін Рамазан айында естіген, сондықтан мұсылмандар
осы мүбәрак айында ораза ұстауды парыз санайды.
Алла тағала Мұхаммед пайғамбарға (
с.а.с.
) қасиетті
сөздерді біртіндеп жіберіп отырған. Пайғамбарымыз
Алланың сөзін алдымен Меккеде, одан кейін Мәдинада
Жәбірейіл
періште арқылы естіп, өз қауымына
жариялаған. Осыған байланысты Құранның сүрелері
меккелік және мәдиналық болып екіге бөлінеді.
Меккелік сүрелердің саны - 90, ал мәдиналық сүрелердің
саны - 24. Мұхаммед пайғамбар (
с.а.с.
) Алла тағаладан
Құрандағы 114 сүрені мына тәртіппен қабыл алған:
Бірінші кезеңдегі меккелік сүрелер: 96, 74, 111, 106,
108, 104, 107, 102, 105, 92, 90, 94 93, 97, 86, 91, 80, 68, 87,
95, 103, 85, 73, 101, 99, 82 81, 53, 84, 100, 79, 77, 78, 88, 89,
75, 83, 69, 51, 52 56, 70, 55, 112, 109, 113, 114, 1;