Қосымша (приложение)
1. Заттарды екі топқа бөлу: түсі, көлемі, пішіні бойынша.
2. саңырауқұлақтарды өз ойықтарына (көзіне) кіргіз. (әр түрлі үстелдер, санырауқұлақтар).
3. әр түрлі мозаикалар қолдану.( түсі, пішіні, көлемі)
4. бояулармен сурет салу., саусақпен сурет салу.
5.қамырпластика (тұзды қамырмен мүсіндеу)
6.құм терапиясы
7. сумен, мұзбен тәжірибе алу.
8. асықпен ойнау.
6. ӨТКІЗІЛГЕН САБАҚТАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАРЫ. ФОТОСУРЕТТЕР
Білім аймақтары: таным, қатынас, шығармашылық
Бөлімдері: сенсорика, тіл дамыту, ән-би;
І. Тақырыбы: «Бізге қонаққа мысық келді»
Мақсаты: Балалардың есту зері мен ықыласын дамыту; әр түрлі музыкалық қарқынды есту, қабылдау; музыканы, дыбыстарды, сөздерді есту қабілетін дамыту; түстерді тану; білу; заттардың көлемі мен мөлшері туралы білімдерін жетілдіру; сөздік қорын көбейту – жұмсақ, мамық, ақ қардай; тілдерін дамыту
Сөздік жұмыс: мысық – кошка, ақ – белый(-ая).
Қызмет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс- әрекеті
|
Балалардың іс- әрекеті
|
Қызуғышылықтарын арттыру
|
1) Балалар, ойнайық.
Көңілді, қатты музыка ойнағанда – алақанды соғамыз; ақырын музыка ойнағанда – қолымызды артқа тығамыз;
2) Бұл ненің дауысы?
(Мысық мяулайды)
|
2-3 рет ойнайды
«Мысықтың»,- дейді
|
Іздене – ұйымдастырушылық.
|
-Ненің дауысы?
-Түсі қандай?
-Не сияқты?
- Балалар, мысық баласын жоғалтып алыпты.
-Баласы қандай?
-Үлкен мысықтың дауысы қандай?
-Баласынікі?
-Балалар, мысықтарға өлең айтып берейік!
-Отырайық.
-Мысық не ішеді?
-Үлкен мысыққа қандай ыдысты береміз?
-Баласына қандай ыдысты береміз?
-Мысық не істеуді жақсы көреді?
-Үлкен мысыққа қандай доп береміз?
-Кішкетайға?
-Дәл осылай үлкен және кішкентай мысықтарға арналған жастықты, орындықты балалрдың табуларын сұрайды.
- Мысық сүтті қалай ішеді?
- Қайтіп ұйықтайды?
|
-Мысықтың.
- Аппақ.
- Қар, қант, мақта.
- Дыбыс шығатын жаққа барады, тауып алады.
-Кішкентай, жұмсақ, мамық.
-Жуан, қатты.
-Жіңішке, ақырын.
«Бізге мысық келді» - өлеңін айтып береді.
Балалар отырады.
Сүт.
Үлкен ыдысты тауып береді.
Кішкентай ыдысты береді.
Доппен ойнауды.
- Үлкен допты тауып береді.
- Кішкентай допты тауып береді.
-Жастықты, орындықты тауып береді.
-Көрсетеді.
|
Қортындылау
|
- Сендерге мысықтар ұнайды ма?
- Мысықтарға билеп берейік.
|
Би билейді.
«Біз жақсы билей аламыз!»
|
Өзін - өзі бағалау
|
- Сендер тамаша балаларсыңдар. Мысық та сендерге сыйлықтар әкеліпті.
1) Д/о «Дәмінен таны»
2) Сабынның көпіршіктерін береді.
|
Кәмпитті дәмінен таниды.
Сабынның көпіршіктерін ұстайды; үрлейді.
|
Күтетін нәтиже:
Білу: түстерді тану, білу; заттардың көлемі мен мөлшерін ажырату;
Болу: Нағыз заттарды қолдана отырып, әрекет, қимылдар жасап тәжірибе алу;
Іскерлік: Әр түрлі музыкалық қарқынды есту, сөзді есту; сабаққа қызығушылық таныту.
Білім беру аймағы: социум, тіл дамыту, коммуникативтік.
Бөлімі: сенсорика
ІІ. Тақырыбы: Қоянға сәбіз сыйлаймыз.
Мақсаты:
1. Көлемі бойынша заттарды екі топқа бөлу (үлкен, кішкентай)
2. Қоянның өмірі туралы білімдерін жетілдіру;
3. Сөздік қорын көбейту – (түс, көлем) ақ қоян, құлақтары ұзын, орманда тұрады, қорқақ, сәбіз жеуді жақсы көреді, сәбіздің түсі тоқ сары.
Сөздік қоры: ұзын, қорқақ, сақ. Билингвиалдық компонент: қоян - заяц; сәбіз - морковь; үлкен - большой; кішкентай – маленький.
Кезендері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
1
|
2
|
3
|
Мотивациялық қозғаушы
|
1. Ойын «қатты, ақырын» (барабанмен). Балаларды серуендеуге шақырады. Екі қоян баласы мен мамасы есік қағып кіреді. Амандасады.
-Түсі қандай?
-Құлақтары қандай?
Қайда тұрады?-деп сұрайды
|
Барабан қатты соққанда, тез жүреді, ал ақырын соққанда, аяқтың ұшымен жүреді. Балалар олардың түсі, құлақтары туралы, қайда тұратынын айтады.
|
Ізденіс
|
Балалар менің құлағыма қоян сыбырлады – ол сәбіздерді жоғалтып алыпты, іздесейік. Мына іздермен жүрейік.
Міне, мына жерде жоғалтып алыпты ғой. – деп сәбіздерді тауып береді.
Міне, сәбіздер. (түсі қандай?). Үлкен сәбіздерді үлкен себетке, ал кішкентайларды кішкентай себетке салайық.
|
Балалар қоянға көмектескісі келіп, іздермен іздеуге шығады. Балалар қуанып, алақандарын соғады. Балалар сәбіздің түсін, көлемін айтып, екі себетке бөліп салады.
|
Рефлексивтік коррекциялау
|
-Қоян сендерге «рахмет» - дейді.
-Мамасы бізге сыйлық дайындапты.
-«Ойыншық-сыйлық».
-Кәне, алақанды соғайық!
Ой-ой-ой!
-Қандай шарлар! Кәне, шарларды өз орнына орналастырайық! (түстері бойынша)
-Қоянға алғыс айтайық.
Ал, енді қояндармен ойнайық.
Ақ қоян, ақ қоян
Ұзын құлақ, ақ қоян
Дыбыс шықса қашасын
Белден бірақ асасын
Жүгіресің қашып,
Секіріп-секіріп.
-Қояндар енді үйіне қайтады, - деп айтады.
|
Балалар қуанып, шарларды өз түстері бойынша орналастырады. (сары, қызыл, жасыл, көк түсті). Балалар алғыс айтады. Балалар қояндармен ойнайды, жүгіріп-секіріп, одан соң қояндармен қоштасады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Ақ түсті, көлемді (үлкен, кішкентай) білу. Қоянды, оның қайда тұратынын білу.
Талапты болу: Заттарды 2 топқа болу, түстері бойынша топтастыру, түстерді тани білу, ажырату.
Қолынан келуі: Қоянға көмек жасау, берілген тапсырманы орындауда белсенді болу, қызығушылық білдіру.
Білім беру аймағы: Таным, әлеуметтік, қатынас.
Бөлімдері: сенсорика, тіл дамыту, айналамен таныстыру.
ІІІ.Тақырыбы: «Орманға серуендеу»
Мақсаты:
1. Түстерді тану (қызыл, көк, сары, жасыл), атауға тырысу;
2. «Үлкен, кішкентай» деген ұғымдарды жаттықтыру;
3. Сенсорикалық құзыреттіліктерін дамыту;
4.Ұсақ қол моторикасын жетілдіру;
5. Балалардың көңіл күйлерін көтеру;
6. Біреуге болысуға тырысуды тәрбиелеу;
7. Заттарды түстеріне сәйкес топтау
Билингвиалдық компонент: қоян – заяц, аю – мишка,тиін - белка.
Кезендері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
1
|
2
|
3
|
Мотивациялық қозғаушы
|
1. Амандасу.
2. Балалар, бізге хат келіпті,
-Кімнен екен?
-Қоян бізді орманға шақырады,
-Барайық па?
|
Қонақтармен амандасады.
-Қояннан.
-Барайық, -дейді.
|
Ізденіс
Қорытындылау
|
-Балалар, жылдың қай мезгілі?
-Жерде не жатыр?
-Далада суық па әлде жылы ма?
-Тоңбау үшін қалай киіну керек?
-Кәне, киініп, орманға барайық.
-Былай-былай, басқа құлақшын киеміз
-Былай-былай, қолға киеміз
-Былай-былай, пима киеміз
-Енді орманға кетеміз.
-Не деген көп қар! Бұнда не тұрады?
-Кәне, көрейік неше аю?
-Мына аю қандай?
-Мына аю қандай?
-Ч-ч-ч. – олар ұйықтасын.
-Ал, мынау не?
-Ол көңілсіз ғой!
-Келе жатып, санырауқұлақтарын шашып алыпты.
-Болысайық па?
-Мына себет қандай?
-Мына себет қандай?
-Мына саңырауқұлақ қандай?
-Мынау ше?
-Сарыларды сары себетке саламыз, ал қызылдарды қызыл себетке.
-Тиін сендерге «рахмет» дейді
-Мынау отырған не екен?
-Ол тоңып қалыпты
-Кәне қоян жылынсын, қолымызды соғайық, аяғымызды топырлатайық.
(жылайды)
-Қоян неге жылайсың?
(Қасқыр қояндарды жемекші екен)
-Қой, жылама, біз саған болысамыз.
-Балалар, біз қайда келдік?
-Аюлар не істеп жатыр?
-Тиінға қайтып болыстық?
-Қоянға қалай болыстық?
|
-Қыс
-Қар
-Суық
-Жылы
Бастарын езейді
Қол соғады
Аяқтарын соғады
-Аю
-Екеу (тәрбиешінің көмегімен)
-Үлкен
-Кішкентай
-ч-ч-тш
-Тиін
-Сары
-Қызыл
-Сары
-Қызыл
-Қоян
-Қолдарын соғады, аяқтарын топырлатады.
1)Бірінші топ қоянның үйін қармен жабады
2) Екінші топ дидактикалық ойын «Қоянды қасқырдан тық, есігін жап»
(пішіні бойынша)
-Орманға
Жауаптары.
|
Рефлексивтік коррекциялау
|
-Қандай жақсы баласындар! Кәне, бастарынды сипап «Мен жақсы баламын», - деп айтыңдар.
-Сендер жақсы болысқан үшін, қоян сендерге сәбіз берді
-Бұл сиқырлы сәбіз ішінде тиіннің сыйлықтары бар – жаңғақтар.
|
-Бастарын сипап «Мен жақсы баламын»,-деп айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Қызыл, сары, ақ түсті, көлемді (үлкен, кішкентай) білу. Қоянды, аюды, тиінді білу.
Талапты болу: Заттарды түстері бойынша топтау, түстерді тани білу, ажырату, пішіні, түстері бойынша есіктерді жабу.
Қолынан келуі: Тапсырмаларға қызығушылық таныту, дұрыс орындауға тырысу, көмек жасауға талпыну, қуану, өзін-өзі бағалауға талпыну.
7. ҚОРЫТЫНДЫ
Менің құрған перспективалық жоспарым 2009-шы жылдан бері қолданылуда, басқа тәрбиешілерге де осы жоспар ұнады.
Осы құралда ұсынып отырған сабақтарды аудандық семинарда, өзіміздің балабақшада ашық сабақ ретінде көрсеттім. Бұл сабақтар қызықты өтті, балалардың, көрген тәрбиешілердің көңілінен шықты.
Сондықтан, ұсынып отырған сабақтардың технологиялық карталары, қолданылатын ойындар оқырман тәрбиешілерге ұнап, пайдалы болады деп ойлаймын.
Бірінші сәбилер тобында заттардың көлемін, түстерін, пішінін бақылайтын көп тапсырмалар беріледі, балалардан орындауды талап ету керек, бірақ белсенді қайталауды талап етпеу керек.
Тәрбиешілерге өз жұмысында көп жетістіктер тілеймін.
Автор.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:
1. Аванесова В.Н. «Сенсорное воспитание в детском саду».М. Педогогика.1980
2. Аксарина М. «Воспитание детей раннего возраста» - М. 1981
3. Алдамуратов Ә. Жалпы психология. Алматы; Білім, 1996
4. Алдамуратов Ә. А. Қызықты психология. Алматы. «Қазақ университеті», 1991.
5. Бағыбаева М. «М.Жұмабаев және ұлттық тәлім-тәрбие»// Ұлағат
6. Батяева С.В., Савостьянова Е.В. Альбом по развитию речи для самых маленьких. Москва, РОСМЭН, 2012.
7. Венгер Л.А., Венгер Н.Б., ПилюгинаЭ.Г. «Воспитание сенсорной культуры ребенка». Москва «Просвещение»,1988
8. «Дошкольное воспитание» №4, 2009; №8,2002; №4, 2008; №4, 2003.
9. Жұмабаев М. Педогогика. Алматы. Ана тілі. 1992
10. Жарықбаев Қ. Психология./ Қ. Жарықбаев – Алматы:білім. 1993
11.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі/Қ.Жарықбаев, С. Қалиев.-Алматы: Санат, 1995
12. Жукова О. «Первый учебник малыша от 6 месяцев до 3 лет». Астрель Москва. Астрель – СПб Санкт-Петербург, 2012
13. Қазақстан Республикасының «Білім Туралы Заңы»
14. «Қазақстан- 2050» бағдарламасы.
15. Новоселова С.Л. Развитие мышления в раннем возрасте. – М., 1978
16. Павлова Л.Н. «Знакомим малыша с окружающим миром». Москва «Просвещение» 1987
17. Пилюгина Э.Г. «Занятия по сенсорному воспитанию с детьми раннего возраста». Москва «Просвещение» 1983.
18. Сәтімбекова М., Әмірова Ә., Сердалиева Ж. «Сәбилердің сезімің тәрбиелеу». Алматы «Арда» 2006
Достарыңызбен бөлісу: |