Ландшафтық дизайн


-Көшет отырғызу жұмысының мерзімі мен ағаш және



Pdf көрінісі
бет52/92
Дата24.02.2022
өлшемі5,33 Mb.
#133080
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   92
 
-Көшет отырғызу жұмысының мерзімі мен ағаш және 
бұталарды көшіріп отырғызуға дайындау. 


 
Ағаш және бұталарды орман көшетжайынан қазып алып, 
көгалдандыру зерзатына әкеліп отырғызу, күрделі әрі қиын 
жұмыс болып саналады. Өйткені бұл жағдайда өсімдіктер 
ауырып, жерсінуі қиындайды. Орман көшетжайында көшетті 
өсіру барысында бөрікбасын қалыптастырып қырқу, қазып алу, 
тамыр жүйелерін отырғызуға арнап ықшамдап кесу, оларды 
көгалдандыру зерзатына тасу және отырғызу жұмысы өсімдіктің 
өсуі мен дамуын бір жылға баялатады. 
Орман көшетжайынан тікпені қазып алу кезінде өсімдік 
тамыры зақымданады. Осының кесірінен өсімдіктің маңызды 
бөлшегі - майда тамырлары жойылады. Ағаш отырғызу мерзімі 
аумақтың климаттық жағдайына, көшеттің жасы мен көлеміне
байланысты болады. 
Жасыл 
құрылыс 
тәжірибесі 
көрсеткендей, 
орман 
көшетжайынан көгалдандыру зерзатына ауыстырып отырғызуда, 
өсімдіктің жақсы өсіп тез жерсінуіне ең қолайлы мерзім көктемде 
жапырақ шыққанға дейін, ал күзде жапырақ түскен соң. 
Еліміздің солтүстік аудандарында ағаш отырғызуға қолайлы 
мезгіл көктем болып саналады. Бұл кезде топырақ кеуіп, бүршік 
қалыптасады. Күзде отырғызу арқашан сәтті бола бермейді. 
Өйткені ауыстырылып отырғызылған көшет жаңа ортада 
тамырланып үлгермейді. Өсімдік әлсіреп, қысқы аяздардан үсіп 
кетеді. Еліміздің солтүстік аудандарында жалпақ жапырақты 
ағаштарды күзде 20-25 қыркүйекте бастап, қараша айына дейін
отырғызу керек. Күзде дұрыс мерзімде отырғызылған ағаштар 
мен бұталарға дұрыс күтім жүргізгенде ғана жақсы тамырланып,
қысты көтереді. Барлық ағаш түрлері күзде отырғызуға төзімді 
болмайды. Күзгі отырғызуға төзімсіз ағаштарға: емен, қайың, 
терек және тал жатады. Қылқан жапырақты ағаштарды тамыз 
айының соңынан бастап, қыркүйек айының аяғына дейін 
отырғызу керек.
Еліміздің оңтүстік аудандарының ұзақ жылы күзі мен 
жұмсақ қысы, күзде отырғызылған ағаштарға қолайлы жағдай 
туғызады. Керісінше, көктемгі ағаш отырғызу тиімсіз болып 
келеді. Өйткені көктем ерте шығып, өсімдіктер өсуі жылдамдап, 
бүршік жарып, жас өркендер мен жапырақтар қалыптасады. Бұл 
ағаш отырғызылғанан кейін, өсімдіктің жаңа ортаға бейімделуіне 
қолайсыз құбылыс болып саналады. Оңтүстік аудандарда күзгі 


ағаш отырғызу жұмысы, ауа-райы жағдайына байланысты 
ұзартылуы мүмкін. Солтүстік аудандарда көктемгі ағаш отырғызу 
жұмысы, күзгіге қарағанда тиімді болып келеді. 
Ағаштарды көктемгі отырғызу, солтүстік аудандарда көктем 
ерте 
шықса 
тиімсіз 
болып 
келеді. 
Өйткені 
орман 
көшетжайындағы ағаштар ерте өсіп, көгалдандыру зерзатына 
отырғызғанда көп ауырады. Күз мезгілінде көтеген ағаш 
түрлерінде вегетациялық кезең созылып, жапырақтарын кеш 
тастайды. Бұл ағаш отырғызу мерзімін кештетуге әкеп соғады. 
Ауа-райы жағдайына және өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне 
байланысты отырғызу мерзімі мен көлемін реттеуге болады. 
Күзде жапырағы ерте түсетін ағаштарды (үйеңкі, жөке, долана) 
отырғызуға болады.
Ірі көлемдегі көшеттерді отырғызу жұмысы ұзақ мерзімді 
алады. Ағаш және бұталарды топырағымен қазып алу, тамыр 
жүйесін аз зақымдайды.
Қазіргі кезде жасыл құрылыста ағаш отырғызу жұмыстарын 
«тыныштық» кезеңде жүргізіледі. Бұл жұмыс қыс мезгілінде 
атқарылады. Ол үшін орман көшетжайында өсірілетін ірі 
көшеттердің санын арттырып, ағаш отырғызу жұмысына жаңа 
тенологияны қолданып, ауыстырып отырғызғанда тамыр жүйесін 
құрғатпай, көшеттерді арнайы контейнерлерде өсіру керек. 
Ағаштарды арнайы контейнерлерде өсіру, оларды ауыстырып 
отырғызу кезінде тамыр жүйесін зақымданудан толық сақтап, 
жыл бойы отырғызу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Еліміздің солтүстік облыстарындағы кейбір қалаларда, 
қысқы мезгілде ірі көшетті ағаштар мен бұталарды тоң болған 
топырағымен бірге отырғызу іске асуда.
Ресейдің қалаларында бақ-саябақ құрылысында, қыс 
мерзімінде отырғызылған ірі көшеттердің үлесі басым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет