басты саяжол аймағы, ол пішінделген ағаштармен не бұталармен,
су әсерлерімен, раушан гүл гүлзарларымен немесе партерлік
гүлзарлармен
және газондармен әрленеді; демалыс және серуен
аймағында тастақты бақшаны немесе Альпы төбешігін жасауға,
ағаштар мен бұталарды топтастырып орналастыруға, су кеңістігін
жасауға, бұлақ құятын тоған
болған жағдайда оның жанына
міндетті түрде алаңқай немесе көгал жасауға, сонымен қатар
балаларға және ересектерге арналған аймақтарды (алаңдарды),
ойын алаңдарын жеке бөліп қойған жөн.
Аймақтардың кеңістігін жекелеп бөлу үшін әртүрлі кіші
пішіндерді – экрандарды, трельяждарды, перголаларды,
декоративті
жасыл желекті, тал-шілікті пайдалануға болады.
Бақтың
ішінде
бұрылыстармен
немесе
қиғаштай
орналастырылған, аймақтардың шекарасын құрайтын жолдар
бақтың кеңістігін көзге ұлғайтып көрсетеді әрі әртүрлі пейзаждар
мен көріністерді ашады.
Үйдің баққа қатысты қалай тұрғанын анықтап алудың
маңызы зор. Жер телімінің түбінде орналасқан үйдің (жеке үй
немесе кеңсе) бағын тұрақты жоспармен әрлеген жөн, оған үлкен
партер жасауға болады; үй бақтың ортасында орналасқан
жағдайда дизайынды ландшафтық
стильмен жасауға болады, ал
үй бақтың алдыңғы жағында орналасса – бақтың дизайнын орман
ландшафты стилінде немесе тосынсыйы дайын тұрған тағы орман
стилінде әрлеуге болады.
Кіші бақтың пейзажындағы негізгі бөлшектерге келесі
элементтер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: