ағаш отырғызу жұмысы, ауа-райы жағдайына байланысты
ұзартылуы мүмкін. Солтүстік аудандарда көктемгі ағаш отырғызу
жұмысы, күзгіге қарағанда тиімді болып келеді.
Ағаштарды көктемгі отырғызу, солтүстік аудандарда көктем
ерте
шықса
тиімсіз
болып
келеді.
Өйткені
орман
көшетжайындағы ағаштар ерте өсіп, көгалдандыру зерзатына
отырғызғанда көп ауырады. Күз мезгілінде көтеген ағаш
түрлерінде вегетациялық кезең созылып, жапырақтарын кеш
тастайды. Бұл ағаш отырғызу мерзімін кештетуге әкеп соғады.
Ауа-райы жағдайына және өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне
байланысты отырғызу мерзімі мен көлемін реттеуге болады.
Күзде жапырағы ерте түсетін ағаштарды (үйеңкі, жөке, долана)
отырғызуға болады.
Ірі көлемдегі көшеттерді отырғызу жұмысы ұзақ мерзімді
алады. Ағаш және бұталарды топырағымен қазып алу, тамыр
жүйесін аз зақымдайды.
Қазіргі кезде жасыл құрылыста ағаш отырғызу жұмыстарын
«тыныштық» кезеңде жүргізіледі. Бұл жұмыс қыс мезгілінде
атқарылады. Ол үшін орман көшетжайында өсірілетін ірі
көшеттердің санын арттырып, ағаш отырғызу жұмысына жаңа
тенологияны қолданып, ауыстырып отырғызғанда тамыр жүйесін
құрғатпай, көшеттерді арнайы контейнерлерде өсіру керек.
Ағаштарды арнайы контейнерлерде өсіру, оларды ауыстырып
отырғызу кезінде тамыр жүйесін зақымданудан толық сақтап,
жыл бойы отырғызу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Еліміздің солтүстік облыстарындағы кейбір қалаларда,
қысқы мезгілде ірі көшетті ағаштар мен бұталарды тоң болған
топырағымен бірге отырғызу іске асуда.
Ресейдің қалаларында бақ-саябақ құрылысында, қыс
мерзімінде отырғызылған ірі көшеттердің үлесі басым.
Достарыңызбен бөлісу: