гетероауксин қосу керек
. Бұл қоспада тікпе тамыры бір тәулік
тұрғаны дұрыс. Қоспа жаңа тамырлардың өсуіне және өсімдіктің
жақсы жерсінуіне әсер етеді. Тікпені отырғызар алдында сынған
бұтақтары мен бүлінген тамырларын алып тастау керек.
Көшетті шұңқырға салғанда бірде-бір тамыры қайырылып
немесе жоғары қарай бағытталмауын мұқият тексеру керек.
Шұңқырдың тамыр орналасқан қабатына беткі құнарлы топырақ
салынады. Одан кейін топырақ қабаттары кезегімен жабылып,
шетіне ортасына қарай топырақ бетін нығыздаймыз. Тамыры
толық көмілген соң ағашты тіреуге жіппен байлаймыз. Шұңқыр
беті толғанша су (бір ағашқа 20-30литр) құямыз. Бұл құйылған су
топырақты ылғалдандырып, барлық тамыр жүйелерімен
жанастырып, бос жерлерді бекітеді. Бірінші құйылған су
топыраққа толық сіңіп кеткен соң, үстіне қайта топырақ себіліп,
қайтара суарылады.
Отырғызылған тікпенің тамыр мойыны топырақ бетінен 3-
5см шығып тұруы керек. Тамыр мойыны көмілген көшет қурап
кетеді.
Қазіргі кезде ағаш және бұталардың ірі көшеттерін бақ-
саябақ құрылысында топырағымен бірге ауыстырып отырғызу
вегетациялық кезеңдерде (жазда) жүргізіле береді.