Аумақты агротехникалық дайындау
Ағаштар мен бұталарды отырғызу
Ағаштар мен бұталарды отырғызу – көгалдандыру
зерзатындағы басты өндірістік процестердің бірі. Өйткені
ағаштарды дұрыс отырғызу – аумақты аббатандыру жұмысының
сәтті болуын қамтамасыз етеді. Қазіргі заманда ағаш отырғызуға
арналған машиналар мен механизмдер жұмысты жылдамдатуға,
сапасын арттыруға санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға
және жұмыстың өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді.
Ағаштар мен бұталарды бақ-саябақ құрылысында, құрылыс
ережелері мен шөлшерлеріне сәйкес отырғызады. Ағаштар мен
бұталарды құрлыс нысандары мен ғимараттардан ара-қашықтық
сақтап отырғызамыз. Бұл ережелер бөрікбасы диаметрі 5метрге
дейінгі ағаштарға есептелінген. Электр жүйелері тартылған
сымдардан ағаштар мен бұталарды арақашықтық сақтап
отырғызамыз.
Ағаш отырғызу жұмысында ағаштардың бір-бірінен теңдей
қашықтық сақтап, түптерін жақсылап нығыздау керек. Қалалық
бақтар мен саябақтарда тығыз бөрікбасты ағаш шоғырын құру
үшін ағаштардың бір-бірінен арақашықтығы 3,5-5метр болса, ал
ашық бөрікбасты ағаш шоғырын жасау үшін 4-6метр болуы
керек. Көшелерде, шағын саябақтарда, тұрғын үйлер маңында
және өндірістік мекеме аумағындағы отырғызылған ағаштардың
арақашықтығы келесідей:
-
жарық сүйгіш ағаш түрлері 3 - 6метр аралығында;
-
көлеңкеге төзімді ағаш түрлері 2,5 - 5,0метр аралығында;
-
биіктігі 1метрге дейінгі бұталар 0,4 - 0,6метр;
-
биіктігі 2метрге дейінгі бұталар 0,6 - 1,0метр;
-
биіктігі 2метрден жоғары бұталар 1,0 - 1,5метр;
Көлемі ірі әрі биік жабық топырақ жүйесіндегі көшеттер
көгалдандыру зерзатындағы бульвар, шағын саябақ, әкімшілік
кеңсе алдындағы маңызды орындарға жекелеп (солитер) және
топтап отырғызылады. Тамыр жүйесі ашық стандартты тікпелер
мен бұталарды қалалық бақтар мен саябақтарда ағаш шоғырын
және қорғаныш жолақтар жасауға пайдаланады.
Ғимараттың керегесінен ағаш отырғызу аралығы 5метр, ал
бұта отырғызу 1,5метр болуы керек. Трамвай жолының жиегінен
ағаш отырғызу аралығы 5метр, ал бұта отырғызу 3,0метр болуы
керек. Тротуар, бақ жолдары мен аллеясы жиегінен ағаш
отырғызу аралығы 0,7метр, ал бұта отырғызу 0,5метр болуы
керек. Көшенің, жолдың, тоғандардың жиегінен ағаш отырғызу
аралығы 2метр, ал бұта отырғызу 1,0метр болуы керек. Жарық
шам бағаналарынан, галерея және эстакадтардан ағаш отырғызу
аралығы 4метр, ал бұта отырғызу 1,0метр болуы керек. Қоршау
қабырғалары мен террассалардан ағаш отырғызу аралығы 1метр,
ал бұта отырғызу 0,5метр болуы керек. Тіреу қабырғаларынан
ағаш отырғызу аралығы 3метр, ал бұта отырғызу 1,0метр болуы
керек. Жер асты коммуникациялары газ құбырларынан ағаш
отырғызу аралығы 1,5метр, ал бұта отырғызу 1,0метр болуы
керек. Жылу құбырларынан ағаш отырғызу аралығы 2метр, ал
бұта отырғызу 1,0метр болуы керек. Су құбырларынан ағаш
отырғызу аралығы 2метр, ал бұта отырғызу 1,0метр болуы керек.
Байланыс кабелдерінен ағаш отырғызу аралығы 2метр, ал бұта
отырғызу 0,7метр болуы керек.
Ағаш және бұталардың жерсінуі жоғары болу үшін барлық
агротехникалық талаптарды қатаң сақтап, қазып алу мен тұрақты
жерге отырғызу мерзімі қысқа болу керек.
Ашық тамыр жүйесіндегі ағаш тікпелерін отырғызатын
жерді төртбұрыштап немесе дөңгелектеп қазады. Қазылған
шұңқырдың түбі 10-12см тереңдікте қопсытылады. Бұл қазылған
шұңқырға 5-7 күнен кейін ағаш отырғызу керек. Өйткені бұл
аралықта топырақтың астыңғы қабаты оттегімен қамтамасыз
етіледі. Ағаш отырғызылатын шұңқырдың мөлшері өсімдік
көлеміне байланысты болады. Тікпелерді отырғызуға арналған
шұңқырдың орташа көлемі төмендегідей:
- тереңдігі, метр 0,7-0,8метр.
- диаметрі, метр 1метрден кем емес болу керек.
Бұталы өсімдіктер отырғызуға арналған шұңқыр тереңдігі
0,65метр болуы керек. Тікпе отырғызылатын шұңқыр топырағы
тастардан, ірі кесек топырақтардан тазартылады. Топырақтың
беткі
құнарлы
қабаты
шұңқырдың
астына
салынады.
Отырғызылатын көшеттің тамыры күн көзінде 15 минуттан артық
тұрмауы тиіс. Негізінен ашық тамыр жүйесін топырақпен
(шымтезек, сары топырақ) дайындалған балшыққа салып қояды.
Мұндай балшықтар тамыр жүйесін қаптап, топырақпен тез
байланыс жасауға мүмкіндік береді. Бұндай қоспаға сонымен
бірге калий тұзының судағы ерітіндісі концентрациясы 0,001
|