қабаты мен топырақтың гумус қабатын сақтау болуы керек.
Өйткені бұл жерде болашақта ағаш отырғызылып, көгал шөп
құрылуы керек. Көп жағдайда
көгалдандыру зерзатының
құрылыс жанында сынған кірпіш пен әйнек, қиыршық тас,
металл кесінділері, сынған бетон плиткалары кездеседі. Ал кейбір
құрылыс нысандарында
бұзылған кірпіш қабырғалары, ескі
фундаменттер мен электр бағаналары, ағаш материалдарының
қалдықтары кездеседі. Сонымен бірге әр түрлі
қоқыс
қалдықтары, ағаш ұнтағы, ескі жапырақтар,
қурап кеткен
ағаштар, ескі түбіртектер, желден сынған ағаштар кездесуі
мүмкін.
Аумақты қоқыстан тазалау өте қажетті қиын әрі күрделі
жұмыс. Кейбір құрылыс қалдықтарын болашақ құрылысқа
пайдалануға болады. Сондықтан қоқыс
қалдықтарды іріктеп алу
керек.
Қажет
материалдарды
кірпіштерді,
тастарды
автокрандармен машиналарға тиеп, аумақ сыртына шығарамыз.
Ескі құбыр жүйелерін, электр бағаналарын, фундаменттерді
бұзып, аумақтан шығару керек. Бұл жұмыстарды қатаң түрде
еңбек қауіпсіздігін сақтап жүргізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: