дамуына жағдай жасау. Бұл тапсырманы шешу үшін ең алдымен
жауын және ағын сулар ағатын арықтар ұйымдастыру, батпақты
жерлерді кептіру, су реттейтін қондырғылар орнату, топырақтың
желден және судан шайылуын сақтау, суру жабдықтары арқылы
жаңа отырғызылған жас көшеттердің жерсінуі мен өсуін
қамтамасыз ету секілді жұмыстар атқарылады.
Барлық инженерлік дайындық жұмыстары көгалдандыру
зерзатының жоспарлы шешімінде кешенді түрде жобаны
өңдеумен тікелей байланысты.
Зерзаттағы инженерлік дайындық
жұмыстарының көлемі
мен сипаты оның қала немесе ауыл жоспарында орналасу жеріне,
аумағына, табиғи ерекшелігіне тікелей байланысты. Қалалық
маңызы бар ірі зерзаттар (бақ және саябақ), көбіне инженерлік
дайындық жұмысына қолайсыз аумақтардан салынады. Өйткені,
қала аумағының өсуіне байланысты барлық инженерлік
дайындық жұмысына қолайлы
тегіс және жақсы жерлерге
тұрғын үйлер мен өндірістік мекемелер салынады.
Қолайсыз жерлерге биік тік беткейлер (15% жоғары),
жыралар, өзен жағалауындағы батпақты және тоғайлы жерлер,
көктемгі және күзгі су басатын жерлер, құлайтын жарқабақ
жерлер жатады. Қазіргі кезде жері «жыралы», «тоғайлы»,
«төбелі» болып келген бақ және саябақтар көбейіп отыр.
Аудан көлемінде жүргізілетін тұрғын үй
және өндірістік
мекемелер аумағындағы инженерлік дайындық жұмыстарыны
жеңіл әрі көлемі шағын болып келеді. Мұндай зерзаттарда
инженерлік дайындық жұмыстарынан: шым қалыптастыру, суару
құбырларын тарту, тік беткейлерді бекіту,
бар болса су
қоймаларының жағалауын бекіту, вертикалды жоспарлау
жұмыстары жүргізіледі. Бұл шараларды арнайы жол-құрылысы
мекемелері жүргізеді. Зерзат аумағында жүргізілген
алдын-ала
дайындық жұмыстары, бақ-саябақ жұмысын атқаруға қолайлы
жағдай туғызуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: