Қазіргі бақтың ландшафтық дизайны
Қазіргі заманғы кіші бақ жаңа қағидалар мен жаңа құрылыс
материалдары негізінде жоспарланады. Әсіресе үй маңындағы
бақ қатаң функционалдық шешімге бағынуы тиіс.
Бақтың ішін
онда жүргенде, көріністерді бірінен соң бірін тамашалайтындай
етіп орналастыру керек. Жер
көлемінің шектеулілігі бақ
кеңістігін үлкейтіп көрсететін жоспарлау тәсілдеріне жүгінуді
қажет етеді. Мысалы, бақтан үйге апаратын саяжолда бірнеше
бұрылыс болуы керек немесе ол қиғаштап орналастырылуы тиіс,
сонда бақтың бұрыш-бұрышын көруге болады.
Жер телімінің
шекараларын гүлдейтін бұталармен,
көпжылдық шөптесіндер
мен ара-тұра отырғызылған ағаштармен,
сонымен қатар
аумақтың шеттеріне отырғызылған биік ағаштармен жасырып,
көмкеруге болады. Пішіні, бұтақтары, түсі мен жапырақтарының
өңі (фактурасы) бақтың сәнін аша түсетін
өсімдіктер
композициясын жасау керек. Мұнда жоспарда функционалдық
және мақсаттылық тұрғысынан
бақ бойынша дұрыс орнатып,
павильон, хауыз, қалқа, Альпы төбешігін, гүлзарлар жасаған жөн
(12-сурет).
14-сурет. Ауылдық бақтың ландшафтық дизайны
Қазіргі жағдайы функционалдық аудандастыру
жоспарды жобалау
1-үй, 2-қосалқы тұрғын жай, 3-алаң, 4-бассейн, 5-жемісті ағаштар, 6-қылқанды ағаштар, 7-сәндік
бұталар,8-жемісті бұталар, 9-көгал, 10-гүлді миксбордер, 11-жолдар, 12-бақша, 13-лиана (жүзім,
капсис).