Түзу композиция және бақтың негізгі кеңістігі шешімінің
қарапайымдылығы мен кіші ішкі кеңістіктер мен қашық жерлерді
сәндеудің
әртүрлі
әдіс-амалдарының
үйлесімділігі
осы
классикалық стильдік шешімнің салтанатын көрсетуі тиіс
(мысалы, Қайта Өрлеу дәуіріндегі
итальяндық вилла бағының
ландшафтық дизайны: бақтың кеңістігі шектеулі, ал жоспарлануы
айқын білікке бағынып,
вилла ғимаратымен ажырамас
байланыста тұрады) (6-сурет).
Еркін ландшафтық жоспарлаумен жасалған кіші бақ
сызбасында
газон
алаңқайлары,
саябақ
ғимараттары,
топтастырылып және жалқы отырғызылған ағаштар, бұталар,
гүлдер, шөптер, табиғи элеметтер (тастар, жер бедері, бұлақ,
тіреу қабырғалар т.с.с.), әртүрлі
төсемнен жасалған жолдар
болады.
Бұл стильде үй маңындағы қытай кіші бағын мысалға
келтіруге болады. Ол бақтарда бақ-саябақ өнерінде табиғатты
түсінудің әртүрлі философиясының көрінісі болып табылатын
Италия мен Францияның тұрақты
жоспарлауының қарама-
қарсылығы үйлестірілген.
Бұл орайда бақтың ландшафтық дизайнын көркем
композиция қағидаларына сүйене отырып шеңберлі (жабық)
кеңістік ретінде жасауға болады. Бақтың ортасына суат немесе
алаңқай не тастан жасалған композициялармен, қалқалармен, су
әсерімен сәнделген жасанды төбешікті орнатуға болады, ал оның
төңірегіне әдемі гүлдейтін өсімдіктерді отырғызуға болады.
Көбінесе жалқы отырғызылған ағаштарға (қарағай, қайың, емен),
сондай-ақ, жеміс ағашатарына көбірек көңіл бөлу қажет. Гүлдер
де үлкен алаңдарды алуы тиіс (газонда көпжылдық гүлдер –
таушымылдық, бақытгүл), су жағасында – жабайы өскен гүлдер
тәрізді).
Шығыс стиліндегі кіші баққа келесі элементтер тән: дуал, хауыз,
шайхана – демалуға
арналған көтеріңкі орын, оның үстінде
өсімдік шырмалған шатыр (көбінесе жүзім), арықтар, әртүрлі
көлемді тастар, көлеңке беретін жайылма бұтақты, көлемді
жапырақты ағаштар (шынар, тал, тұт ағашы), саяжолдар,
жемістер (шабдалы, алхоры, анар, құрма т.с.с.).
Бұл композицияны жиегі тастармен
көмкерілген таяз суат
негізінде жасауға болады. Жер жастанып өсетін раушан гүлі мен
басқа гүлдерді кілем тәріздетіп қоюға болады. Гүлзар жасағыңыз
келсе, оның шетіне дөңгелектеп қырқылған шәмшатты
отырғызуға болады. Қиыршық тас төселген саяжолдардың
жиегіне апельсин және лимон ағаштары немесе қысқа төзімсіз
өсімдіктерді де (інжір, пальма – трахикарпус Форчуна, сириялық
гибискус т.с.с.) отырғызылған құмыраларды қоюға болады.
Жасанды төсем (көбінесе ағаштан жасалады) –
демалыс орны,
шай ішуге қолайлы, жақсы желдетілетін жер.
Дәстүрлі шығыс бағы сезім жұмағы іспеттес. Мұнда мұрын
жаратын хош иістер де, көз қуантар ашық түстер де, ыстық күнде
шөл қандырар балғын жемістер де орынды. Бұл бақта лалагүлдің
әртүрлі сұрыптары, жұпар сарыгүл, қызғылт космея тамаша
үйлеседі. Бұталы раушан гүлдер және жасаман көңіл тартар хош
иіс сыйлайды.