«ландшафттану»


Суарылмайтын агроландшафтар



бет26/66
Дата14.04.2022
өлшемі0,95 Mb.
#139365
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
Байланысты:
kazakstan respublikas au lsharuash l g ministrligi
4550672744260 Дәріс 7
Суарылмайтын агроландшафтар

Ауыл шаруашылықтық мақсатта пайдаланылатын жерлер суарылмайтын және суаруды қажет ететін территориялар деп бөлінеді. Дүние жүзінде суарылмайтын егістік жерлер жыртылған жердің көп бөлігін алып жатыр, сондықтан антропогендік ландшафтар модификациясы ірі аймақты, құрлық ауданының 13 %-ын қамтиды, бірақ соңғы ғасырда оның ауданы екі есе өсіп отыр. Дегенмен, біріншіден, жыртылған жердің ауданының осындай қарқынмен өсуі, екіншіден, жыртылған жердің үлес салмағының бүкіл қүрлық ауданымен салыстырғанда аздығы жер ресурстарын шексіз пайдалануға болады деген түсінік тудырмау керек. Шындығында жыртылуға жарамды жердің ауданы көп емес, өйткені жер бетінде ауыл шаруашылық жүмыстарын жүргізуге қолайлы жер үшін белгілі бір экологиялық тосқауыл бар екені мәлім. Ол — рельеф пішіні мен климат.


Жерді халық шаруашылығында пайдалануда жыртылған жер мен рельеф пішіні арасында тығыз байланыс бар екенін анық байқауға болады. Негізгі шектеуші фактор — жер бетінің еңкіштігі, өйткені жер бетінің эрозиялық процестеріне, топырақ қабатының ылғалдануына, микроклиматқа және ауыл шаруашылықтық техниканы пайдалану мүмкіншілігіне тікелей әсер ететіні белгілі. Жыртылған жерлердің басым бөлігі жазықтар мен қыраттарда орналасқанымен, кейбір мәдени дақылдар, мысалы шай еңкіштігі 15-20 градустық беткейлерде өндіріледі. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығына тиімді жерлердің ауданы бүкіл құрлық ауданының 40%-на сәйкес, бірақ оларды егін шаруашылығында пайдалану мүмкіншілігі климаттық көрсеткіштерге: температура мен жауын-шашын мөлшеріне тәуелді екені белгілі. Осы факторларды есепке алып, үлкен ақша қаражатын шығаруды талап етпейтін (суару, құрғату мен беткейлерде терраса жасау) жыртылған жерлердің ауданы құрлық бетінің 6%-на тең. Климаттық жағдай тиімді болған жағдайда егін шаруашылығы таулы аймақтарда үлкен биіктікке дейін көтеріледі. Еуропа мен Азия елдерінде жоғарғы биіктіктерге дейін арпа, Еуропада - сұлы, ал Америка елдерінде картоп таралады. ТМД территориясы бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде ғалымдардың мәліметтеріне жүгінсек, онда биік таулы аймақтардың климаты: радиацияның жоғары болуы, атмосфера қабатында көмір қышқыл газының төмен болуы, төменгі көрсеткіштегі температураның басым болуы мен тәуліктік ауа температурасының күрт ауытқып отыруы өсімдік организмінің адам баласына қолайлы бағытта қайта құрылуына мүмкіншілік туғызады. Мысалы, биік таулы аймақтарда арпа мен сұлының құрамында қанттың мөлшері 35-40%-ға, бұршақ қабыршағында 18-20%-ға артатыны белгілі. Сондықтан өсімдік жамылғысының үсік пен құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. Жазық жерлерде температура 1,0-1,5 градусқа төмендегенде өліп қалатын өсімдіктер: мысалы, қытай капустасы, шпинат, картофель таулы аймақтарда 10-15 градуста жақсы өнім береді. Дегенмен, таулы территорияларда вегетациялық кезең аз уақытқа созылатындықтан, осы уақыт аралығында өсіп жетілетін өсімдіктерді егу тиімді. Биік таулы аймақтарда өсетін өсімдік жамылғысының азықтық құны жоғары, өйткені оларда С витамині көп жиналады, Вегетациялық кезең аз уақытқа созылатындықтан және жауын-шашын мөлшері жеткіліксіз болғандықтан, қуаңшылықка төзімді, тез пісіп жетілетін дәнді дақылдар егіледі.
Бүгінгі танда жыртылатын жердің басым бөлігі солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуінің оңтүстігі мен субтропиктік белдеудің ылғалы жеткілікті территорияларында таралған. Осы аймақтардан солтүстік пен оңтүстікке қарай жыртылатын жердің көлемі азаяды: тайга мен орманды тун-драда 2 пайызға, тропикте 10-15 пайызға дейін төмендейді. Әр адам басына шаққанда жыртылған жердің мөлшері жекелеген елдер бойынша әрқалай. Мысалы, Жапонияда 0,07 гектар, Египетте — 0,10, ТМД мен АҚШ-та — 2,0, ал Австралияда 40 гекгардан көп.
Агроландшафтық комплекстердің жалпы ауданының жылдан-жылға артып отыруы планета шеңберінде жағымсыз өзгерістердің бастамасы болады: зат пен энергия айналымындағы ауытқуларды айтсақ та жеткілікті. Игерілген топырақ қабатъшда құнарлы заттарды пайдалану бір бағытта өтеді, ол — мәдени өсімдікпен бірге құнарлы заттардың топырақ қабатынан шығып, тірі организм арқылы айналымға қатысуы. Топырақты өңдеу нәтижесінде органикалық заттар мен қара шіріндінің ыдырауы, эрозия мен құнарлы заттардың шаң-тозаң арқылы ұшуы тездейді. Осының тікелей нәтижесі — зат пен энергия айналымындағы және атмосферанын, газдық құрамындағы ауытқулар.
Ауыл шаруашылық өндірісі бірқатар табиғи жағдайға тәуелді: ауа райы, топырақтың механикалық құрамы мен касиеті. жер асты суларының деңгейі мен минералдануы, рельеф пішіні. Табиғи-шаруашылық жағдайды есксрмей, кез келген территорияның ауыл шаруашылық жүйесін ғылыми дәлелсіз ұйымдастыру мүмкін емес.
Ауыл шаруашылық салаларын мамандандыру, жерді тиімді ғылыми тұрғыда пайдалану табиғи-шаруашылық жағдайды есепке алуды қажет етеді. Агроландшафтардың өнімділігі жердің сапасына және оны тиімді пайдалану деңгейіне байланысты. 1997 жылғы мәліметтер бойынша, Республикада ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жердің ауданы 222,2 млн. гектар болды, оның 14,3% жыртылған жср, 2,3% - шабындық, 83,4% - жайылым. ТМД елдерінің басқа аймактарымен салыстырғанда Қазақстанның ауыл шаруашы-лығы біршама қолайсыз жағдайда дамиды: территорияныд ауданының тең жартысын ылғалдануы — 90 —100 мм, шөл және шөлейт зоналары алып жатыр. Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысын бойлай созылып жатқан таулы аймақтарда 1000-1600 мм болса, жазықты, тегіс егін шаруашылықты жерлерде 250-400 мм шамасында. Вегетациялық кезеңдегі активті температура жиынтығы 2000 - 2200°-4000° шекте өзгеріп отырады. Осы ерекшеліктср ауыл шаруашылық жүргізу жүйесіне жөнс оның кеңістікте таралуына көп әсерін тигізеді.
Біртекті ауа райы жағдайында дамитын агроландшафтар да бір-бірінен жер бедері, жер асты суларының деңгейі, минералдығы, топырақтың қара шіріндісінің мөлшері, оның ылғалдылығы, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің мамандану саласы мен кеңістіктс орналасуына қарай ауыл шаруашылықтық аймақтарға жіктеледі (5-кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет