«ландшафттану»


-кесте Қазақстанда пайдаланылатын жерлердін ауыл шаруашылықтық аймақтарға жіктелуі



бет27/66
Дата14.04.2022
өлшемі0,95 Mb.
#139365
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
Байланысты:
kazakstan respublikas au lsharuash l g ministrligi
4550672744260 Дәріс 7
5-кесте

Қазақстанда пайдаланылатын жерлердін ауыл шаруашылықтық аймақтарға жіктелуі

Ауыл шаруашылықты


аймақтар

Ауылшаруашылығы пайдаланатын


жер

Жыртылған
жер

Пішен
шабындық




Жайылым


Дала

млн.га

%


млн.

га.

%

млн. га

%

млн
га


.
%

22,8

10,2

14,9

41,9

0,5

8,4

7,8


4,3

Құрғақ дала

44,6

19,9

14,2

40,1

1,7

27,8

28,4

115,6

Жартылай шөл

40,2

17,9

1,6

4,5

1,6

26,5

36,6

220,1

Шөл

89,9

40,1

0,5

1,2

1,3

21,7

88,5

448,6

Тянь-Шань

20,4

9,1

3,5

9,9

0,6

9,6

15,9

88,7

Алтай

6,3

2,8

1 0,9

24,0

0,4

66,0

5,0

22,7

Республика бойьшша

224,2

100,0

35,6

100,0

6,2

100,0

182,2

1100,0

Дала зонасында республиканың ауыл шаруашылығында пайдаланатын жердің 10,2%, жыртылған жердің 41,9% тисді. 1 опырағы қара топырақты және ылғал біркелкі таралатындықтан суарылмайтын егін шаруашылығына жағдай жеткілікті.


Құрғақ дала зонасында ауыл шаруашылықка пайдаланатын жердің 19,9% және жыртылған жердің 40,1% орналасқан. Бұл территориялар Қазақстаннын ауыл шаруашылығын негізгі аудандары болып есептеледі. Ерскшелігі топырағының жел эрозиясына бейімділігі, сондықтан топырақты өңдеу кезінде эрозияға қарсы жан-жақты шаралар жүргізу қажет.

Өсімдік пен жануарлар дүниесінің өзгеруі.

Жерді егін шаруашылығында пайдаланудың нәтижесіндс өсімдік пен жануарлар дүниесі тікелей, әдейі өзгеріске ұшырамайды, олардың жойылуына өмір сүру ортасының нашарлауы әсер етеді.


Ғылыми мақалалардың мәліметтеріне жүгінсек, онда әр түрлі зиянкестердің салдарынан (кемірткіштер, құстар мен құрт-құмырсқалар) жылына 150 млн адамның азығы жойылады екен.
Жалпы алғанда, егін шаруашылық ауданын өсіру орманды территорияның көлемін азайтумен байланысты. Мысалы, аралас орман мен жалпақ жапырақты орман зонасының 40-50%-ы егіндік мақсатта жыртылған, жерорта-теңіздік құрғақ орманда — 70-80%, муссонды ормандарда 85-90%. Ұлы Қытай мен Үнді-Ганг жазықтарында 5 пайыздан төмен территорияда орман алқаптары сақталған.
Сонымен, агроландшафтардың ауданын ұлғайтудың кері әсері жер бетінде табиғи орман алқаптарының азаюы. Республикамыздың өзен жайылмалары мен аңғарлары арқылы оңтүстікке созылып жатқан орман алқаптары емес, тіпті бұталы ағаштардың да ауданы азаюда. Негізгі егістікті аймақтарда пайдаланатын жердің топырағының 60-70% эрозия, дефляция сияқты жағымсыз процестерге ұшыраған. Осының салдарыман топырақтың органикалық және химиялық құрамы өзгереді: азот пен фосфордың мөлшері төмендейді, арам шөптер қаптайды т.б.
Егістікті ландшафтарға тән ерекшелік — өсімдік түрлерінің біртектілігі өте жақсы жағдайда екі-үш мәдени өсімдіктін, өсуі және жыл ішінде топырақ бетін бірнеше ай ғана жауып тұруы. Табиғи өсімдік топтарынан шаруашы-лыққа зиянды арам шөптесінді өсімдік түрлерінің сақталып қалуы.
Микроклимат пен су балансының өзгеруі. Ұзақ уақыт бойы табиғи қалыптасқан шөптесінді немесе орманды ағаштарды жоюдың, әсірссе су балансының өзгеруіне тигізер әсері зор. Орман ағаштары, мысалы, діңгегінде жауған жауынның 3/4 мөлшерін жинайды. Бұл ылғал топырақ қабатына біртіндеп сіңеді, сөйтіп топырақ қабатында үнемі ылғал жеткілікті болады, яғни егінді алқаптармен салыстырғанда орман топырағының инфильтрациялық қасиеті екі-үш есе жоғары болады. Сондықтан орманды территориялардың жер асты суларының ағыны тұрақты. Орман ағаштарын кесіп немесе өртегенде керісінше жер беті суларының ағыны артып эрозиялық процссс үдейді. Сөйтіп жер асты және жер беті ағындарының балансында ауытқу қалыптасады. Оның нақты-лы корсеткіші — жер беті суының лайлану деңгейі: орман зонасында 50 г/м3-ден дала зонасьнда 150-500 г/м3 шамасында.
Жасанды су қоймаларымен салыстырғанда табиғи суда белгілі мөлшерде органикалық қоспалардың кездесетіні белгілі. Қазір табиғи ортаға, соның ішінде жер беті жер асты суларына өнеркәсіптен, тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын судан және ауыл шаруашылығын химияландырудан әр түрлі қоспалардың жиналатыны анық. Көптеген органикалық синтез жолымен алынған қоспалардың табиғи аналогы кездеспейді, олардың басым көпшілігі құрылымы жағынан шығу тегі өсімдікті, жануарлар мен микробты органикалық заттардан ерекше. Органикалық заттар әр түрлі физикалық, химиялық, биохимиялық процестерге қатысады және бұл процестердің қарқындылығы мен бағыты осы заттардың құрамы мен шоғырлану мөлшеріне бағынышты. Органикалық (аттар мен пестицидтердің мөлшерін білу су көздерінің сапалық көрсеткіштерін анықтау мен болжаулық есептсулер жүргізу үшін қажет. Әсіресе кішігірім өзен және көл суларының пестицидтер, гербицидтер мен өнеркесіптің қалдықты суларымен ластану деңгейі жоғары. Су көздерінде олар химиялық, биохимиялық әсерге ұшырайды. Гербицидтер судың түпкі қабатындағы жыныстарда жиналып, ұзақ уақыт сақталады. Ежелден егін шаруашылығы өзен бассейндерінде қалыптасқан, сонымен қатар өнеркәсіпті кешендердің осы аймақтарда шоғырланғанын ескеретін болсақ, онда өзен суларының қаншалықты лас екенін айтпаса да түсінікті. Республикамызда осындай лас өзен, көлдерге Сырдария, Балхаш, Ертіс, Орал т.б. жатады.
Сырдария бассейнінде күріштің дамуы хлорорганикалық және фторорганикалық пестицидтерді пайдаланумен тығыз байланысты болды. Күріштен жоғары өнім алу мақсатында оның 1 гектарына қолданылатын суркопур, пропанид сияқты гербицидтердің мөлшері артып отырды: 1985 — 2,5 кг, 1986 — 3,0 кг, 1990 — 4,0 кг. Ауыл шаруашылығынан жоғары өнім алу үшін қосылатын минералды тыңайтқыштардың шамасы кейде 10 еседен асып кетті. Егістікте пайдаланылған судын, жер астына сіңуі немесе ағын сулар арқылы Сырдарияға ағызғаннан өзен суы әр түрлі пестицидтермен ластанған. Жер беті суларында хлорорганикалық пестицидтердің толық ыды-рауына 3-8 жыл, жер асты суларында — 15-25 жыл, ал топырақта 10-20 жыл қажет.
Соңғы жылдары Сырдария суында ДДТ пестицидінің бар екендігі анықталған, оның орташа мөлшері 0,01-ден 0,037 мкг/л. ДДТ топырақта баяу қозғалады, сазды су ерітіндісінде саздың құрамына 98-99%-ы жиналып, төменгі қабатқа шайылуын және булануын нашарлатады. Сонымен қатар тірі организмдерде: балықта, су өсімдіктерінде планктон мен омыртқасыздарда жиналу қабілеті жоғары. Гидрофитті өсімдіктер судан минералды тұздармен қатар, органикалық қоспаларды сіңіреді. Бұл қоспалар әр түрлі поллютанттар: олар метаболизм процесіне ғана емес генеративті функцияларына әсер етіп, мутациялық (өмір жағдайының өзгеруіне байланысты организмде биологиялық жаңа белгінің немесе жаңа қасиеттің пайда болуы) өзгеріскс ұшыратады. Жиналған пестицидтер трофикалық тізбек арқылы, өсімдіктер, жануарлар немесе су ағынымен қолданылған территориясынан ұзақ жерге тарайды.
Агроландшафтардың су балансы мен микроклиматыпың өзгеруіне мәдени дақылдарды өңдегенде қолданылатын агротехникалық шаралар да әсср етеді, жерге жақын ауа қабатының ылғалын, құрылымын өзгертеді. Компонеттердің жылу балансы өзгереді, егістік шекарасы қолайлы жылу режиміне қарай ауысады. Мысалы, республикамыздың солтүстігінде биік сабақты өсімдіктер егін топырақты тоңазудан немесе құрғаудан сақтайды. Бірақ егістіктің жоғарғы қабатында күндіз температура 2-10°С-қа, орташа мөлшермен сөткесіне 1-2°С-қа, ал вегетациялық кезенде бұл шама қосымша 100-300 °С, яғни дақылдың шекарасын сол өскен жерінен оңтүстікке 150-20(1 км дейін созуға болады деген соз. Температуралық режимді арнайы көтеруге бағытталған агротехиикалық шаралар да бар: түтіндеу, топырақты жабу, ашық жолмен қыздыру т.б.
Жер жыртқанда биологиялық айналым мен топырақ құрамының өзгеруі. Табиғи ландшафтарда топырақ қабаты мен өсімдік арасындағы зат пен энергия айналымы үнемі, толассыз қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Игерілетін топырақта бұл процесс бір бағытта, яғни әрбір гектардан жиналған өніммен жүздеген килограмға дейін жиналып кетеді. Мысалы, дүние жүзі топырақ қабатынан өнім мен айналымнан шыққан азот оның тыңайтқыштар арқылы қосылуымен тепе-тең келмейді.Әсіресе, монокултуралы дақылдар (бір жерде бірнсшс жыл бойы сгілстін), топырақтан озіне қажетті загтарды сіңіретіндіктен, топырақты қатты жүдетеді. Оның айқын, мысалы, АҚШ-тың жүгері, мақта белдеуі, тропиктің кофе, арахис, темекі плантациялары.
Топырақ қабатын өндеу оның горизонттарының алмасуын тудырады. Осының нәтижесінде органикалық және қара шіріндінің минералдануы үдеп, құнарлы заттың шаң-тозаңмен, жер беті ағынымен жойылуы артады. Бұл ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігінің 2-3 ссе, кейде одан да көп кемуіне себеп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет