Атмосфера – биосфераның жоғарғы қабаты, Жер шарының әртүрлі газдардың қоспасынан, сулы булардан, шаңнан тұратын газды қабатшасы
Бентос – су қойманың түпті ылай шөгінділерде мекендейтін және жай түбінде тынығатын, түбіне бекітілген жануарлар
Биогеоценоз – микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың қауымдастықтарын құрайтын, кеңістіктін белгілі бір бөлігін алатын, ұрпақтардың ауысу кезінде тұрақты түрде жаңартылуға қабілетті және заттектердің айналымы арқылы ұзақ тіршілік ететін қүрделі жүйе.
Биокосты зат - «биосферада бір уақытта тірі ағзалар және косты процестер мен түзіледі, олардың динамикалық тепетендігінің жүйелері болып табылады»; ағзалар биокосты затта жетекші роль атқарады
Биологиялық өнім- биогеоценоздардың құрамына кіретін микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың биомассасынын молықтыру
Биосфера – (грек. bios - тіршілік, sphaira – шар, сфера) – «тіршіліктің аймағы», тірі ағзалар мекендейтін Жер шарының бетіндегі кеністік
Биосфера- Жер шарының қабатшасы, тірі ағзалар оның қалыптасуында негізгі ролль атқарады