«ландшафттану»



бет43/66
Дата14.04.2022
өлшемі0,95 Mb.
#139365
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66
Байланысты:
kazakstan respublikas au lsharuash l g ministrligi

География ғылымында территориялық табиғат кешендерін зерттеп,картаға түсіру барысында ландшафттану ілімі қалыптасты. Ол алғашқы қадамынан бастап-ақ территориялық табиғат кешендерінің құрамын, құрылымдық бөліктерін ,аймақтың таксономиялық бірлік жүйелерін қарастырумен айналысты. Территориялық табиғат кешендерін зерттеу, карта бетіне түсіру, табиғат құбылымдары мен процестерін күні бұрын болжау, халық шаруашылығы айналымында тиімді пайдалану ландшафттанудың келесі мәселесі болып саналады.




Тәжірбиелік сабақ 4
Ландшафт компоненттері және ландшафтты қалыптастырушы факторлар
1.Ландшафт құрушы компоненттер.
2.Оны қалыптастырушы факторлар. Рельеф, тау жыныстары.
Ландшафт белгілі бір заңдылық бойынша әрекет ететін көптеген факторлардың әсерімен қалыптасып, дамиды. Қалыпты жағдайда ландшафт құрайтын факторлардың әрекеті белгілі бір шен бойымен қайталана береді де, ландшафтысын құрайтын құрамдас бөліктер бірімен-бірі үйлесім тауып, динамикалық тепе-теңдік қалпын сақтайды.
Кейде барлық факторлар : ауа ылғалдылығы, температуралық режимі, жауын-шашынның жылдық мөлшері, топырақ құнары, т.б. орташа жылдық көрсеткіштерінен ауытқымаса да, ландшафт өзгерісінен төтенше құбылыс байқалып қалады.
Төтенше әрекеттесетін факторлардың рөлі ландшафтының құрылымы күрделенген сайын жойыла береді. Мысалы, жазық жердегі аңызақ пен қара суыққа байланысты болатын жұт таулы жерде еш уақытта байқалмайды. Өйткені тау бедерінің кедір-бұдыры мен биіктігінің әр түрлілігі аңызақ желдің қарқынын басады. Тау беткейінде байқалатын температуралық және ылғал инверсиялары (ауытқушылықтары) да ландшафт құрамдас бөліктерінің тепе-теңдік жағдайының сақталуына қолайлы әсер етеді.
Ландшафтының түзілуі әр уақытта геологиялық-геоморфологиялық факторлардың әрекет етуінен басталады. Геологиялық-геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, еңістігі т.б. жатады.
Жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхиттың шараларға бөлінуі ландшафтыны бөліктерге бөлетін заңдылықтың негізгі факторы болып саналады. Басқаша айтқанда, климат мұхиттан қашықтаған сайын континентті немесе мұхитқа жақындаған сайын теңіздік климат болып қалыптасады. Климаттың ерекшеліктеріне қарай ландшафтының басқа да, әсіресе биогендік құрамдас бөліктері секторлық (бөлік) бағытта бөлінеді. Жылу мен ылғал бойлық бағыттарда әр түрлі мөлшерлерде бөлінеді. Мысалы, мұхиттар мен құрлықтардағы ауа массасының климатқа тигізетін әрекетіне қарай Еуразия құрлығының ландшафтысы төрт бөлікке бөлінеді. Біріншісіне Батыс Еуропа жатады. Мұнда Атлант мұхитының әсері басым. Екіншісі – Шығыс Еуропа. Бұл бөлікте ауа массасының батысынан шығысқа қарай ауысуы айқын байқалғанымен, ландшафтының қалыптасуында континентті ауа массасының әрекеті басым болады. Үшіншісі – Орта және Шығыс Сібір жерлерін қамтып, Сібірлік бөлікке жатады. Мұнда ландшафт мәңгі тоң жағдайында қалыптасқан. Төртінші – Шығыс бөлігі муссонды ауа массасымен ерекшеленеді.
Жер беті жыныстарының литогенді құрамы жер асты және топырақтағы судың режимін, топырақ қабатының тұздылығын, механикалық құрамын түрлендіре түседі. Атап айтқанда, жазық жерде жер беті жыныстарының литогенді құрамы саздақты, құмды келеді. Соған орай сазды жынысты жерде зоналы ландшафтыны сор, құмды жынысты жерде шағылдар ерекше көзге түседі.
Тауда жер беті жынысының литогенді құрамы өте күрделі болады. Ол тасты шөгінді жыныстар мен жанартаулық құрамдас бөліктердің қатпарлы-жақпарлы қабаттарынан, кесектасты блоктарынан тұрады.
Тау беткейлерінің көрінісі де ландшафт айырушы фактордың рөлін атқарады. Күнгей беткейге күн сәулесі көп түсетіндіктен, жылу балансы артып, ылғал балансы кемиді, жылу мен ылғал баланстарының ауытқуы артады да, ландшафтысы аридті бағытта, теріскей беткейде жылу балансы кеміп, ылғал балансының артуына байланысты жылу мен ылғал қатынасы үйлесімді болғандықтан, ландшафтысы гумидті бағытта дамиды. Тау беткейлері көрінісінің айырмасы қоңыржай белдеуде ғана айқын байқалады, ал ыстық және суық белдеулерде онша жақсы байқалмайды. Ыстық белдеуде күн сәулесі жер бетіне 66-90 % бұрышпен түскендіктен, қарсы беткейлердің жылу балансында айырма болмайды. Суық белдеуде күн жылуының мөлшері мардымсыз.
Тау жоталарының ландшафт айыру әрекетінің қарқыны тау беткейлерінің еңістігіне де байланысты. Беткейлері жатық (Карпат тауы) ландшафтысының айырмашылығы шамалы. Тянь-Шань тауларының беткейлері тік, еңіс болғандықтан, етегіндегі жазықтардан тік көтерілген ауа тез суынады да, шық нүктесі белдеуіндегі (1600-2200 м) бұлттылықты, жауын-шашын мөлшерін молайтады. Шық нүктесі белдеуінің үстіндегі ауа құрамында ылғал өте аз болады, ол қарсы беткейге ылғалсыз құрғақ күйінде ауысады.
Таулы аймақтардың тектоникалық-эрозиялық және эрозиялық жолдармен тілімденулері де ландшафтының бөлінуіне әсер ететін фактор.
Ландшафтының территориялық бөлшектенудегі жер беті биіктерінің атқаратын рөлін өткен ғасырдың өзінде-ақ П.П. Семенов-Тянь-Шанский мен В.В. Докучаев тұжырымдап, биіктік зоналылық деген атпен ғылымға енгізген.
Ландшафтының биіктік белдеуі температураның төмендеп, атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің биіктік артқан сайынғы өзгерісіне байланысты болып келеді. Тауда әрбір 1000 м биіктеген сайын күн радиациясының қарқындылығы 10 %-ға артады, бірақ жердің ұзын толқынды радиациясының жылдам артуына байланысты ауа температурасы әрбір 100 м биіктеген сайын 0,5-0,6 0-қа кемиді. Тау беткейлерінде ауаның қозғалыс бағыттары күрделенеді, шық нүктесі төмендейді, ауадағы су буы тез арада сұйық түрге айналып, тау беткейлеріне айналып, тау беткейлеріне түсетін жауын-шашын мөлшерін арттырады. Таудың биіктік белдеуі мен жазықтың зоналылығының айырмасын С.В. Калесник төмендегіше жүйелейді:
1. Жазықтардағыдай субтропиктік атмосфералық максимумдар мен ауаның динамикалық жағдайларына байланысты пайда болатын зоналар тауда кездеспейді.
2. Жоғары ендіктердегі сияқты, ұзақ полярлық күнді және полярлық түнді ортаға бейімделген ландшафтысы тауда кездеспейді.
3. Таудағы ландшафт белдеулері гидротермикалық градиенттің өлшеміне байланысты енсіз болып келеді.
4. Таудағы жер бедерінің әр түрлі болатынына байланысты ландшафтының биіктік белдеулігі күрделі кестелермен түрленеді.
5. Таудың бітіміне, әсіресе беткейлердің көрінісіне қарай әрбір таулы аймақтың бөліктері бір-біріне ұқсас бола бермейді.
Ландшафтының территориялық бөлікке бөлінудегі зоналы заңдылық туралы алғашқы ғылыми тұжырымдар В.В. Докучаевтың еңбектерінде баяндалды. Кейіннен бұл ілім кең өріс алып, жер беті ландшафтысының зоналық құрылымы және олардың шекарасы межеленіп, әрбір зонаның көлемі есептелді, бөліктерінің табиғаты сипатталды, кешендер мен үдерістер анықталды. Оларға ауа температурасы, су балансы, булану, бұлттылық, жауын-шашын, атмосфералық қысым, жел, ауа массасының қасиеттері, климат, өзен жүйесі, гидрологиялық, геохимиялық және үгілу процестері, топырақтың түзілуі, өсімдік топтары, жануарлар дүниесі, жер беті пішіндері жатады.
Зоналық процестер төменгі ендіктерде қарқынды, ал жоғары ендіктерде энергияның кемуіне байланысты баяу дамиды. Сонымен жоғары ендіктердегі зоналар тек қана жылу қорының айырмасына қарай болса, қоңыржай, субтропиктік және тропиктік белдеулердегі зоналар жылу мен ылғал қатынасының айырмасы арқылы бөлінеді.
Су және климат факторлары кешеніне теңіз ағыстары, жер беті мен жерасты суы, күн энергиясы мен жауын-шашын жатады. Теңіз ағыстары-жылу мен ылғалдың зоналылығына өзгеріс енгізетін фактор.
Күннен келетін жылу энергиясы - жердегі барлық экзогенді, геоморфологиялық процестерді дамытатын фактор. Оның мөлшері жер бойынша бірден емес және жер беті, мұхиттың шаралар мен құлықтарға бөлінуіне, құрлық беті жыныстарының метогенді құрамына, өсімдік жамылғысына, жер бедері пішініне қарай әр жерде әр түрлі мөлшердегі жылу балансы түзіледі. Ол экватордан полюстерге қарай кеми береді.
Су және климат факторларының зоналы және азоналы сипаттары жердің энергетикалық құрамдас бөлігіне, әсіресе күн энергиясымен тығыз байланысты. Су және климат факторларының зоналылығы жалпы географиялық заңдылық болғандықтан, ландшафтының зоналы жүйесі мұхиттардан да кездеседі.
Дүниежүзілік мұхит әлемін С.В. Калесник төмендегідей ландшафт зоналарына бөліп сипаттайды: 1) Солтүстік мұзды теңіздер зонасы; 2) Солтүстік қоңыржай зона; 3) Солтүстік пассат ағысы зонасы; 4) Маржанды теңіздер зонасы; 5) Оңтүстік пассат ағысы зонасы; 6) Теңіздік прерий зонасы; 7) Орта оңтүстік мұхит зонасы; 8) Оңтүстік мұзды теңіздер зонасы.
Осы кездегі жер беті ландшафтысының түзілуі мен дамуында биотикалық факторлардың атқаратын рөлі орасан зор. Олар тірі ағзалардың өзара және басқа факторлар арасындағы байланыстар мен әрекеттері арқылы жер беті ландшафтысының жаңа түзілісін құрайды.
Тірі ағзалардың белгілі бір жағдайға байланысты өніп-өсу, тіршілік ету әрекетіне сәйкес бір-бірімен үйлесім тапқан топтарынан биоценоздар пайда болады. Биоценозды құрайтын тірі ағза топтарының сыртқы ортадан гөрі өзара әрекет етуіне байланысты.
Биоценоздар эволюциялық процесс нәтижесінде ұдайы құрылымдық жаратылысын жетілдіріп, күрделене береді. Демек, ішкі түр құрылымы қарапайым болып келетін суық белдеулер мен шөлді жерлерге қарағанда қоңыржай ендік пен тропиктік, экваторлық белдеулердегі ландшафтының құрамдас бөліктерінің тепе-теңдігі табиғаттың қолайсыз құбылыстарына шыдамды болады.
Тірі ағзаларды қоректік тізбек, басқаша айтқанда, трофикалық байланысына қарай продуценттер, консументтер және редуценттер деген үш топқа бөледі.
Продуценттер – күн энергиясын және көмір қышқыл газын пайдаланып, органикалық емес заттардан органикалық заттарды синтездеп шығарады (жасыл өсімдіктер).
Консументтер – жануарлар өсімдіктермен қоректеніп, өзінше қоректік тізбек қатарын құрастырады.
Редуценттергетөменгі сатыдағы өсімдіктер мен басқа хайуанаттардың өлкесімен қоректенетін хайуанаттар және топырақ қабатындағы жануарлар жатады (микроорганизмдер).
Тірі ағзалар қоректік тізбек байланысы негізінде өніп-өсу мүмкіндігін реттеп отырады. Мысалы, шөл даладағы өзен жағалауларында жылу мен ылғал балансы үйлесіп, топырақ құнарлы жоғары болғандықтан, гүлді өсімдіктер, шыбын-шіркейлер, құстар өздеріне қолайлы мекен-жай табады. Сонда гүлді өсімдіктердің нәрімен қоректенетін құстардың биомассасы белгілі бір өлшем шегінде ғана тепе-теңдік тауып тұрақтанады да, қоректендірушілердің биомассасы әр уақытта қоректенушілердің өніп-өсу, тіршілік ету мүмкіндігін реттеп отырады.
Тірі ағзалардың мекен-жайларда орналасуында да заңды түрде қалыптасқан реттілік болады.
Адам мен табиғат арасындағы өзара әрекет әр уақытта да күрделі бір ғылыми проблема болып қала бермек. Адам іс-әрекеті техникалық прогрестің артуына байланысты соңғы кезде ландшафтының әсер етуші өте күшті факторларының қатарына қосылды.
Антропогендік факторлардың қарқыны да, аумағы да күн сайын артып келеді. Қазір жер бетінде адам әрекетінің тікелей және жанама әсерлері тимеген бірде-бір табиғи ландшафт жоқ. Көптеген ландшафт адам әрекетінің нәтижесінде табиғи қалпын өзгертіп, антропогенді ландшафтының тобын құрайды.
Адам әрекеті ландшфтыны құрайтын құрамдас бөліктердің бәріне бірдей әсер етпейді. Антропогенді факторлар ландшафтының геологиялық негізін, жер бедерін, климаттың басты элементтерін түбірлі өзгерте алмайды. Адам әрекетіне байланысты, негізінен, өзен жүйесі ландшафтысы, жылу және ылғал балансы, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзгертеді. Бірақ адам әрекеті тоқталысымен, ландшафт табиғи жағдайы қалпына келтіруге тырысады. Бұдан антропогенді жолмен қалыптасқан туындылы ландшафтының да территориялық табиғат кешендер қатарына жататынын айқын байқауға болады.
Антропогенді фактор нәтижесінде жаңа сипатқа ие болатын ландшафт құрамдас бөліктерінің тұрақтануы оның экологиялық жағдайынан үйлесім тапқанда ғана байқалады. Олардың құрамдас бөліктер тізбегінен орын алуы тарихи жағдайлармен ландшафтының өздігінен даму ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет