Лар институты казахский национальный исследовательский технический
1 2 Байланысты:AX
Білім алушының Т.А.Ә. Абылханов А. Мамандық шифрі 5В070900 Оқытушының Т.А.Ә. Калымбет A.K Алматы 2020 Мазмұны: Зертханалық жұмыс атауы Жұмыстың мақсаты Теориялық негіздері Қолданылатын қондырғылар және реагенттер Жұмыс барысы Эксперименттік мағлұматтар, бақылау нәтижелері және есептеулер Нәтижелерді талқылау Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі №6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Натрий карбонатын ацидометрлік әдіс арқылы анықтау 6.1 Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі көлемдегі өлшеуіш ыдыстармен (өлшеуіш колбалар) танысып, дәрісте мазмұндалған «бейтараптану реакциялары» деген тақырыпты пысықтау. Тапсырма дайын ерітінді түрінде беріледі: 0,1 моль/дм3(0,1н) натрий карбонатының (Na2CO3) ерітіндісі. 6.2 Жалпы мәліметтер: Натрий карбонатын ацидометрлік әдіс арқылы анықтау тәсілі бейтараптану реакциясын пайдаланатын талдаудың көлемдік әдісіне жатады. Натрий карбонатын титрлеу процесі кезінде бейтараптану реакциясы жүреді: Na2CO3 +2HCI = 2NaCI + H2CO3 n (1/2Na2CO3) = n (HCI) Титрлеудің соңын метилоранжді индикатор бояуының өзгеруіне қарай анықтайды. Көмір қышқылының ионы (анионы) мен сумен әрекеттеседі және сатылы жүреді: 1. CO32- + H OH = НCO3- + OH- 2. НCO3- + H OH = H2CO3 + OH- Гидроксил анионы ерітіндіге сілтілік орта туғызады. Ал, бұл -ерітіндіге қосылған қышқылдың әрбір тамшысы оны бейтараптайды да, артық болған әрбір тамшысы ерітінді бояуын қызғылт түске (қышқылдық орта) өзгертеді. Демек, бұл әдіс арқылы ерітіндідегі Na2CO3 анықтауға болады. 6.3 Қышқылдың нақтылы (дәл) концентрациясын анықтау тәсілі HCl ерітіндісінің дәл концентрациясын анықтау үшін асқан дәлдікпен өлшеніп алынған, өте таза Na2CO3 тұзының шамасы арқылы есептейді. Натрий карбонатының массасын есептегенде өлшеуіш колбаның көлемін және Na2CO3 ерітіндісінің концентрациясын ескереді. 1000 )2/1().()2/1( )( 3 232 32 CONaCколбаолшVCONaM CONaгm мұндағы: V(өлш.колба) - өлшеуіш колбаның көлемі (200 мл), C(1/2Na2CO3 ) - натрий карбонатының берілген нормальды концентрациясы (0,1н); M(1/2 Na2CO3 ) – натрий карбонатының грамм эквиваленті. Жоғарыдағы формула бойынша есептелінген натрий карбонатын аналитикалық таразыда +0,0002 г дәлдікпен өлшейді. Сосын өлшеген натрий карбонатын құрғақ шыны воронка арқылы жұқа, дөңгелек шыны табақшадан өлшеуіш колбаға ауыстырады да воронканы да, шыны табақшаны да мұқият дистилденген сумен өлшеуіш колбаға шайып, Na2CO3 -ты ерітеді. Колбадағы натрий карбонаты толық еріп кеткен соң, ерітіндіге дистилденген су қосып, оның деңгейін өлшеуіш колба мойнындағы сызықша белгіге дейін жеткізіп, мұқият араластырады. 6.4 Натрий карбонаты ерітіндісін титрлеу 1. Бюреткаға нөлдік белгіден сәл жоғары етіп HCl ерітіндісін құяды. Бюретка шүмегін шамалы ағызу арқылы толтырады. Сосын бюреткадағы HCl ерітіндісінің деңгейін нөльге жеткізеді; 2.Таза пипетканы (шыны түтік) натрий карбонаты ерітіндісімен шаяды; 3.Таза колбаға пипетка көмегімен тура өлшенген (әдетте, аликвот-10 мл) натрий карбонаты ерітіндісін құяды да, оған 2-3 тамшы метилоранж индикаторын қосады; 4. HCl ерітіндісін бір миллилитрден тамыза отырып, бірінші рет титрлейді. Осы кезде ерітінді түсінің өзгерген сәтін байқап, оған жұмсалған HCl көлемін анықтайды да, жазып алады. Мысалы: 9 мл - жеткіліксіз, 11 мл – артық. Мұны алдын-ала шамалап титрлеу дейді. Енді мұны асқан дәлдікпен үш рет қайталап, орташа көлемін шығарады. Соңғы үшеуін титрелегенде белгілі шамаға дейін бюреткадан жылдам ағызуға болады. Әрбір титрлеген сайын колбаны шайып, бюретканы нөлдік белгіге дейін қайта толтырып отырады. Әрбір титрлеудегі бірінен-бірінің көлемдік айырмашылығы 0,02 мл-ден артпауы қажет. 5. Үш рет титрлеудің орташасындағы HCl ерітіндісінің көлемін алып, оның дәл концентрациясын келесі формула көмегімен есептейді: С(1/2 Na2CO3 ) ∙ V( Na2CO3 ) = С(HCl ) ∙ V(HCl ) 6.5 Берілген есептегі Na2CO3 анықтау Берілген есепті өлшеуіш колбаға салып, оны еріткен соң, белгіге дейін дистилденген су қосып, оны жақсылап араластырады. Таза және ерітіндімен алдын-ала шайылған пипетка көмегімен берілген есеп ерітіндісінен алынған (аликвот-10мл) ерітіндіні таза, құрғақ колбаға құяды да, жоғарыдағыдай титрлейді, яғни алдын-ала бір рет, сосын дәлдікпен 3 рет титрлейді. Берілген есептегі натрий карбонатының мөлшерін бюреткадағы HCl көлемін ескеріп есептейді: 1) ()( )2/1( 1000)( .32 32 HCl VHClC CONaM CONam 1) )(1000 ).()()()2/1( )( 3 2 32 al V колбаолшVHClCHClVCONaM CONaгm Берілген есеп құрамындағы натрий карбонатын табады. 6.6 Қателікті есептеу: ∆ - абсолюттік қате: ∆ = m(теор) – m(эксп.) ∆% - салыст. қате: ∆ % = % 100 .)( .)()( экспm экспmтеорm 6.7 Жұмыс жайлы есеп беру 1. Титрлеу реакциясын молекулалық және иондық түрде жазу. 2. Титрлеуді және оны есептеп шығаруды жүйелеп жазу. 3. Талдау жүргізуді қысқаша баяндап жазу. 4. Қорытынды. 6.8 Бақылау сұрақтары 1. Бір және көп негізді заттар қатысатын бейтараптану реакциялары. 2. Қышқылдық және негіздік тұздарды алу реакцияларын молекулалық және молекулалы-иондық түрде өрнектеп жазу. 3. Титрлеуге қажетті HCl ерітіндісінің концентрациясын анықтау жолы. Натрий карбонатын анықтау жолы. 4. Өлшеуіш ыдыстармен жұмыс істеу жүйесі. 5. Көлемдік талдаудағы есептеулер. жүктеу/скачать 39,13 Kb. Достарыңызбен бөлісу: 1 2 |