Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Үшіншіден, мен В***-ға сапарға шыққым келді. Бірақ ол жерде қауіпті болды.  Төртіншіден



Pdf көрінісі
бет40/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Үшіншіден,
мен В***-ға сапарға шыққым келді. Бірақ ол
жерде қауіпті болды. 
Төртіншіден,
біз ас үйде жөндеу жасағымыз
келді. Бірақ менің күйеуімнің көлігі бұзылып қалды, есесіне оған жаңа
қозғалтқыш сатып алу үшін ақша салуға тура келді. Жалғастырайын
ба?
Соңында ол бұдан былай ешқашан жоспарламайтынын мəлімдеді.


Сіз де бұлай жасаған болуыңыз керек. Сіз: «Жаңа стартап идеясын
ойлап тауып, бұл құрып кеткір жұмыстан шығу!» деп жазасыз, бірақ
екі аптадан кейін сізге сол компанияда басқа лауазым ұсынылады. Сіз
кенеттен қазіргі жұмысыңыз өте ыңғайлы екенін түсінесіз. Немесе сіз
жұмыс істеуге көбірек уақыт бөлуді жоспарлайсыз, бірақ сіздің
жүрегіңіз дауаламай жұмыс екінші жоспарға ауысады. Бірақ мақсат
қоюдағы ең жағымсыз нəрсе – ішкі уəдеңізді бұзу. Сіз өзіңізге: «Ей,
мен жыл соңына дейін осы он мақсатқа жетуге уəде бердім бе? Енді
олардың сегізі маған енді қызық емес! Бұдан кейін мен кім
болғаным?»
Жоспары құрысын!
Мен мұндай оқиғадан кейін ешқашан дəстүрлі түрде мақсаттар тізімін
жазбайтынымды ұқтым. Менің ойымда жинақталған идеялар мен
ойлар болды, олармен бөліскім келді. Жыл басында мен: «Мен осы
идеялар туралы кем дегенде 5000 адамның білгенін қалаймын» деп
ойладым. Осы уақытқа дейін мен 250 адамға мастер-кластар өткіздім
жəне қалаған нəрсеге жету үшін келесі жылы 20 шеберлік сабағын
өткізуім керек деп есептедім. 
Маған 20 шеберлік сабағын өткізу үшін, тұтас бір жылдың əр
күндеріне жоспарлауға тура келді. Сонда өзіме: «Біраз тер төгуіме тура
келеді», – деп жұмыстардың тұңғиығына бататынымды ескергенмін.
Алайда бірнеше ай өткен соң, жедел вирустық инфекция сияқты, бұл
кітаптың идеясы бір жерден шықты. Оны бірнеше күн ішінде баспа
мақұлдады, үш айдан кейін қолжазба дайын болды. Менің одан да көп
адамдарға идеяларымды жеткізуге мүмкіндік болды.
Менің мақсатым 20 семинар өткізу болды. Мен қаншасын өткіздім?
Ешбірін.
Бірақ қанша пайызға менің мақсатымның мəні орындалды? 1000%-ға .
Бəрі мен ойлағаннан да жақсы болды. Менің ойымша, бұл сиқыр деп
аталады.
Жоғарыда Жаратушының бізге арнаған үлкен жоспары барына мен
сенемін. Біз ойлағаннан əлдеқайда жарқын жоспарлар.
Бізді шектейтін сенімсіздігіміз, өткен тəжірибеміз, ерекшеленбеу жəне
«ештеңе мүмкін емес» деген сенім. Мен бұны арзан маркетингтік амал
дер едім.


Мынадай афоризм бар: «Құдай сіздің сұрауларыңызға үш түрлі жауап
береді:
1.
Иə.
2.
Иə, бірақ қазір емес.
3.
Мен сен үшін одан да жақсысын дайындадым.
Шыны керек, бастапқы кезде бұл сөздер маған ешқандай əсер
етпейтін. Бірақ осыны оқығанда өзіңізді қалай сезінесіз? Бұл тіркестер
сіздің жүрегіңізде резонанс тудыра ма?
Кейде жақсылыққа жету үшін қарбалас тірліктен алыстап, денеңізді
тынықтырып, «ең жақсының» өміріңізге енуіне мүмкіндік беруіңіз
керек.
Көптеген адамдар үшін дəстүрлі мақсат қою нəтиже бермейді деп
санаймын.
Қара аққулар теориясы
«Егер сіз Құдайды күлдіргіңіз келсе, оған жоспарларыңыз туралы
айтып беріңіз» деген нақыл сөз бар. Біздің өмірімізде нақты жəне тым
қиын мақсаттар қою үшін қара аққулар өте көп. Америкалық
экономист Насим Талеб дəл осындай атаумен жазылған кітабында қара
аққудың кім екендігі жайлы жазды. Ол біздің өміріміздегі ең маңызды
оқиғалардың болжанбайтын жəне жоспарланбаған болатындығын
жеткізеді. Екінші жартыңызды, жақын достарыңызды қалай
кездестіргеніңізді, қалай жұмыс тапқаныңызды есіңізге түсіріңіз.
Сіз мұны жоспарладыңыз ба? Бұл жоспарланған болуы мүмкін бе еді?
Талеб Австралияның ашылуына дейін Ескі əлемдегі адамдар барлық
аққуларды ақ деп санаған деп жазады. Қара аққу табылғанға дейін
барлығы осындай ойда болатын. Алғашқы қара аққудың табылуы құс
күтушілері үшін үлкен тосын сый болды. Бірақ Талебтің айтуынша ең
бастысы бұл емес. Адамзаттың білімінде шектеу бар екендігі: адамдар
бəрін біледі жəне болжай алады (жəне жоспарлай алады) деп ойлайды.
Талебтің көзқарасы бойынша, барлық маңызды ғылыми жаңалықтар,
тарихи жəне саяси оқиғалар, өнер мен мəдениеттің жетістіктері – Қара
аққулар. Оларға ғаламтордың дамуы мен енгізілуі, Бірінші
дүниежүзілік соғыс, Кеңес Одағының ыдырауы жəне 2001 жылғы 11
қыркүйектегі шабуылды жатқызуға болады. Талеб адамзаттың
болашақты сəтті болжай білу қабілетін асыра бағалайды дейді.


Егер тіпті ғалымдар алдағы уақытта не болатынын жəне
технологияның одан əрі дамуын нақты болжай алмаса, онда біздің
нақты мақсатымыз бір жыл ішінде бізді қызықтыратындай болып қала
беретініне, оның орындалуына ештеңе кедергі болмайтынына қалай
сенімді бола аламыз?
Талеб ойлау экспериментін ұсынады: өміріңізді қарастыру жəне
ондағы күтпеген жерден орын алатын, салдары үлкен оқиғаларға
əкелетін рөлді тану. Сіз күткен сəтте қанша технологиялық өзгерістер
болды? Сіз өз мамандығыңызды қалай таңдағаныңызды, өмірлік
махаббатыңызды (немесе сатқындық жасағаныңызды) есіңізге
түсіріңіз, кенеттен байып кеттіңіз немесе тауыңыз шағылды. Осындай
жағдайлар қаншалықты «жоспар» бойынша орындалды? 
Талеб адамдардың 30 жылдан кейін мұнайдың не болатынын болжауға
тырысатынын, бірақ келесі жазда оның қанша болатынын тіпті болжай
алмайтынын айтады. Сондықтан мақсаттарға соншалықты жақын
болмауыңыз керек. Біздің өмірімізде көптеген қара аққулар болады.
Мүмкін сізді үш күннен кейін өте жақсы жəне толығымен
жоспарланбаған нəрсе күтіп тұрған болуы мүмкін.
Мақсат қою, əрине, қажет. Бірақ олардың мəнін оқшаулау маңызды. Əр
мақсаттың артында бір нəрсеге ие болу емес, белгілі бір сезімдерді
сезіну ниеті тұруы керек. Мысалы, біз «үлкен үй» алғымыз келетінін
айтсақ, бұл бізге жайлылық сезімін сезіну қажет екенін білдіреді. Егер
біз «жаңа қымбат көлікті» алғымыз келсе, бұл өзімізді табысты
сезінгіміз келетінін білдіреді. 
Кейде себеп тереңде жатады. Мысалы, менің «ПоршеКайен» көлігін
алу үшін бір жыл бойы ақша табуға тырысқан бір досым бар. Ол күн-
түн демей интернет-дүкен арқылы қытай тауарларын қайта-қайта
сатуға тырысты. Нəтижесінде, бір күні ол мас болып, достарына
Поршені тек бір бай жігітті қалап, оны тастап кеткен бір қызға ықпал
ету үшін қажет екенін айтты. Қысқасы, бүкіл Порше алудағы еңбек –
тек жігіттің өзін жақсы көргенді қалағандықтан басталған. 
Маған шеберлік сабақтары аса қажет емес еді. Маған мүмкіндігінше
көп адамдарға ойларымды жеткізу үшін кез келген жол қажет болды.
Біз көбінесе мақсатымыздың мəнін елемейміз. Ал мəні əрқашан
бірегей: өзімізді сүйікті сезіну, дамыған, сəтті, дені сау, əдемі, басқаша
айтқанда, бақытты сезіну.


Мотивациялық спикер Даниэль Лапорте өзінің «Сезіммен өмір сүр»
32
кітабында мақсаттар картасын емес, армандар картасын жасау керек
дейді. Міне, мақсаттарды қалауларға айналдыру əдісі.
32
Лапорт Д.
Живи с чувством. Как поставить цели, к которым лежит душа. М.: Манн,
Иванов и Фербер, 2015
«Y жобасы аясында X доллар табу» мақсатын «идеяны мүмкіндігінше
көп адамға жеткіземін» мақсатына өзгерту немесе өзімді еркін
сезінемін» мақсаты. «Z жобасын көктемде іске асыру» мақсатын: «Z
жобасын керемет етіп жасау. Дайын болғанда ғана шығару». Күндер
жоқ. Сандар жоқ. Дəреже жоқ. Мен бір жылға арналған кəсіби
ұмтылыстарымның тізімін алып, оны рухани даму мен адамдармен
қарым-қатынасқа арналған мақсаттар тізіміне енгіземін. Менің иығым
босаңсиды. Менің шаршаған миым қайта өмірге келгендей болады.
Мен жұмсақ жəне сабырлы адамға айнала бастаймын. Өмірге деген
құштарлық маған қайта оралады. Олай болса жанға жайлы мақсат қою
үшін сенім өте маңызды. Сандар мен мақсаттарға жабыспайтын адам
үшін жүрек басты навигаторға айналады. Жəне бұнда, əрине, барлық
мəн жатыр.
Мен бұнымен толық келісемін. Бізге Porsche, үй, фитнес карталары
немесе жаңа компанияда жұмыс істеу секілді нақты жобалар қажет
емес. Біз жай ғана мүмкіндігінше бақытты сезінгіміз келеді.
Сондықтан мен демалуды жəне шексіз мақсат қою арқылы өзіңізді
бұзуды тоқтатуды ұсынамын. 
Енді мен өзімнің «мақсатыма» жету үшін нақты мерзімдерді
белгілемеймін. Бір таңғаларлығы, егер адам белгіленген мерзіммен
шектелмесе, «белгіленген мерзімге жетпеу» қорқынышы жоғалады,
адам босаңсып, «мақсатқа» ойлағаннан да тез жетеді.
Питер Друкер мынадай тамаша сөздер айтқан: «Жоспарлар түкке
тұрғысыз, бірақ жоспарлау құнды дүние». Осы тұста мен онымен
келісемін. Əрине, өмірді жоспарлау сіздің жолыңызды табу əрі сол
жолмен жүру үшін қажет. Бірақ Құдайдың біз туралы жоспарлары бар
екенін ұмытпаңыз. Олар біздікіне қарағанда əлдеқайда керемет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет