Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы



Pdf көрінісі
бет36/63
Дата13.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#180927
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63
Байланысты:
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Тұрақтылығы:
кемінде аптасына 1 рет.


5. Отбасы
Менен үлгі алған көптеген адамдар өз отбасында келіспеушілік орын
алғанын жазатын. Бірде досым былай деп шағымданды: «Менің
отбасым мені музыкаға қатты беріліп кетті деп ойлайды. Əр күні
жұмыстан кейін 5-6 сағаттап фортепианода ойнаймын. Бірақ олар
менің бұл «болмашы дүниемен» айналысуды тоқтатқанымды қалайды.
«Өйткені пианино арқылы табыс таппайсың», – дейді. Ал жүретін
қызымның туыстары болса, оны менімен арақатынасын үзуге
көндіруде. Себебі олардың ойынша, мен – жолы болмайтын адаммын».
Бұл – жиі кездесетін құбылыс. Менің жеке ұстанымым мынадай:
отбасыңыз сіздің қызығушылықтарыңызға қалай қарайтынына
қарамастан, олар – бəрібір де сіздің отбасыңыз. Өзіңізден алыстатуға
болатын «улы ортадан» айырмашылығы – біз отбасымен қан арқылы
жəне белгілі бер міндеттемелермен байланысқанбыз.
Не десек те, отбасымызбен, балаларымызбен сөйлесу – біздің жан
дүниемізді байытады. Адам өзін отбасының бір бөлшегі ретінде
сезінгенде бақытты болмақ. Біз отбасыны қайта құра алмаймыз, əйтсе
де «қауіпті» тақырыпта əңгіме қозғамау арқылы арадағы байланысты
сақтай аламыз. Арман-мақсаттарыңызды, идеяларыңызды сізді
жігерлендіретін ортамен талқылаңыз. Дəл сол орта сізді қолдайтын
орта болып қалсын, ал үй кешкісін диванда жатып, фильм көретін
орын ретінде болғай.
Тағы бір жеке өтінішім: қарттарды да ұмытпаңыз.
Тұрақтылығы: 
өзіңізге байланысты, əйтсе де кемінде аптасына 1 рет
болғаны дұрыс.
6. Спорт/ іс-əрекет/ салауатты өмір салты
Өмірімде ашқан ең үлкен жаңалығым – физикалық белсенділік дəл сол
мезетте адамды бақытты ету күшіне ие.
Осы уақытқа дейін сабырлылық, ерік-жігер, ойды шоғырландыру,
миды дамыту тақырыбында оннан аса кітап оқыдым. Барлық жерде
спорт жоғарыда аталған бүкіл қасиеттерді дамытудың ең жақсы əдісі
екендігі айтылған.
Мəселен, Келли Макгоникал өзінің «Сила воли» атты бестселлер
кітабында былай деп жазады:


«Күшті арттырудың ең керемет əдісі – спорт. Мейлі
бақшада жұмыс істеу, не йога, би, топтық спорт түрлері,
жүзумен немесе ауыр атлетикамен айналысу болсын, ми
үшін сіздің қандай іспен шұғылданып жатқандығыңыздың
айырмашылығы жоқ. Бұл жағдайда əдеттегі отыру
күйіңізден арылтатын кез келген іс ерік-жігерді
арттырады. Денеге күш түскен кезде ағзада эндорфин
атты гормон бөлінеді. Бұл гормон спортпен айналысып
жатқан сəтте болатын жайсыздық сезімін бəсеңдетеді,
аурудан арылтады жəне эйфория (рахаттану) жағдайын
туғызуға əсер етеді».
Спорттың пайдасы қандай?

Ерік-жігер мен дисциплинаны шыңдайды.

Эндорфин бөлінуіне жағдай жасайды.

Төзімді жəне күштірек етеді.

Ағзаны шынықтырады.

Көңіл-күйді көтереді.
Егер де денеге дұрыс күш түсіретін болса, бұл бөлімнің ешқандай зиян
тұсы жоқ.
Сонымен қатар, спорт адамды жинақырақ жəне шапшаң болуға
итермелейді. Тек қана бақытты емес, табысты болуға да тікелей əсер
етеді.
Тау-кен өндіру кəсіпорнының иесі, танысым Олег жүгіруді бастаған.
Уақыт өте келе, оның қызығушылығының артқаны соншалық – ол
Ironman жарыстарына қатыса бастады.
Олегтің жарыстарға қатыса бастағанына жарты жыл өткенде
компанияның табысы екі есеге артты. «Жүгіруді бастағаннан кейін
ширақ жəне айқын басшыға айнала бастадым. Ал менің бұл өзгерісім
компанияның айналымдағы жəне жалпы кірісінің артуына алып келді»,
– дейді Олег.
Спорт ғажайыптарды жүзеге асырады. Сеніңіз!
Айтқандай өзге де толыққанды ұйқы, демалыс, дұрыс тамақтану,
өзіңізге күтім секілді салауатты өмір салтының негіздерін ұмыт
қалдырмаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет